Алматы ЖЭО-2 жаңғырту

Алматы ЖЭО-2 жаңғырту

«Алматы 2-ЖЭО-ны қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайта отырып жаңғырту»

Негізгі отын – табиғи газ.

Жобаны іске асыру мерзімдері – 2022 жылдан бастап 2026 жылды қоса алған уақытқа дейін.

ЖСҚ сәйкес белгіленген қуат: электр энергиясы бойынша 557 МВт және жылу энергиясы бойынша 957 Гкал/сағ құрайды.

Жобаны іске асырғанға дейін зиянды заттардың шығарындылары 37,1 мың тоннаны құрады, ал іске асырғаннан кейін жылына 2,7 мың тоннаға дейін төмендейді.

Жаңғыртудың негізгі нәтижелерінің бірі ластанудың едәуір қысқаруы болады: парниктік газдар шығарындылары жылына 4 млн-нан 2,5 млн тоннаға дейін азаяды.

Алаңда заманауи экологиялық технологиялар енгізілуде:

– үздіксіз экологиялық мониторинг жүйелері (СEMS);
– газ турбиналарына арналған шуылдан қорғайтын қаптамалар;
– ақпасуларды тазартуға арналған тұйық су айналымы жүйелері.

Жобаны іске асыру барысы

Қаржыландыру:

«Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ны жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыстар меншікті қаражат пен халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарту арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы қараша – «Алматы электр станциялары» АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасындағы қарыз шартына қол қойылды.

2023 жылғы маусым – «Алматы электр станциялары» АҚ мен «Қазақстаннның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) арасындағы Кредиттік желіні ашу туралы келісім жасалды.

2023 жылғы маусым – «Алматы электр станциялары» АҚ мен Азия даму банкі (АДБ) арасындағы кредиттік келісімге қол қойылды.

Тартылған қаржыландыру жобаның негізгі кезеңдерін іске асыруға және энергетикалық инфрақұрылымға заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Жобаның жағдайы

Жабдық

2-ЖЭО-ны жаңғырту жобасы шеңберінде ЕРС-келісімшарты бойынша жетекші халықаралық өндірушілермен жабдықты жеткізуге шарттар жасалды.

Газ турбиналары и генераторлар – Siemens Energy (Германия, АҚШ)

Бу турбинасы – Dongfang Turbine Corporation LTD (Қытай)

Қайта өндеуші қазандықтар – MHI Power Dongfang Boiler Corporation LTD (Қытай)

Су жылыту қазандықтары – Wuxi Huaguang Environment & Energy Group CorporationLTD (Қытай)

Бу Турбинасы

Газ Турбинасы

                                            Дейін                                                                                          Кейін    
2024 жылғы желтоқсанда Siemens Energy компаниясы шығарған газ турбинасы мен №1 газ турбинасының генераторы жөнелтілді. 2025 жылғы маусымда олар Германиядан 2-ЖЭО құрылыс алаңына келіп, кедендік рәсімдерден өтіп, іргетасқа орнатылды.

2025 жылғы маусымда газ турбинасы мен №2 газ турбинасының генераторы жөнелтілді. 2025 жылғы қазанда олар 2-ЖЭО құрылыс алаңына келіп, кедендік рәсімдерден өтіп, іргетасқа орнатылды.

2025 жылғы қыркүйекте газ турбинасы мен №3 газ турбинасының генераторы жөнелтілді. 2025 жылғы желтоқсанда оларды құрылыс алаңына жеткізу күтілуде.

2025 жылғы маусымынан бастап су жылыту және бу қазандықтары жөнелтіле бастады. Қараша айында монтаждау жұмыстары басталды.

Газ турбинасының корпусы

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

Жобаны іске асыру шеңберінде 2-ЖЭО алаңында белсенді құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Инжинирингтік қызметтер көрсетуге: техникалық және авторлық қадағалауға шарттар жасалды. Тартылған қаржы қаражатының нысаналы пайдаланылуын бақылау мақсатында жобаның негізгі кредиторлары (ЕҚДБ, АДБ және ҚДБ) өз тарапынан бірыңғай техникалық консультант – AFRY компаниясы айқындалды.

2026 жылдың соңына қарай – іске қосу-баптау жұмыстарын аяқтау және барлық энергия кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.

2-ЖЭО құрылыс алаңы

Жобаны іске асыру мониторингін үнемі ҚР Парламенті Мәжілісінің, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, саяси партиялардың, Алматы Қоғамдық кеңесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «АлЭС» АҚ акционерлері, сондай-ақ кредитор-банктердің өкілдері жүргізеді.