Миньондар «АлЭС» АҚ департаменттеріне саяхатқа аттанады
2025 жылғы ақпанда «АлЭС» АҚ-да жыл сайынғы экологиялық бастама – пайдаланылған батареяларды жинау бойынша «Заряжайся!» акциясы басталды. Жаңа жылда компания экологтары жобаны техникалық шешімдермен ғана емес, шығармашылық тәсілдермен де күшейтуге шешім қабылдады: өндірістік департаменттерде ерекше көмекшілер – миньон-контейнерлер пайда болады.
Танымал сары кейіпкерлердің бейнесін пайдалану идеясы кездейсоқ туындаған жоқ. Миньондар бұрыннан бері энергияның, белсенділіктің, жағымды көңіл-күйдің және күрделі міндеттерге жеңіл қараудың символы болып табылады. Олардың танымал дизайны қарапайым контейнерді назарды аударатын және экологиялық мәдениеттің маңыздылығын еске түсіретін жарқын көрнекі элементке айналдыруға мүмкіндік берді.
Дәл осы күлкілі және шаршамайтын миньондар табиғатқа жеңіл, қарапайым, тіпті күлімсіреп қамқорлық жасауға болатынын еске салу үшін жасалғандай болып көрінеді.
Контейнерлер кейіпкерлердің фирмалық стилінде орындалған: берік, қауіпсіз, жарқын, алыстан көрінетін – олар қауіпті қалдықтар санатына жататын және арнайы кәдеге жаратуды талап ететін пайдаланылған батареяларды жинауға арналған.
Әрбір осындай «экокейіпкер» бірден бірнеше маңызды міндеттерді орындайды:
– тартымдылықты арттырады – тіпті толған өндірістік үй-жайда да жарқын кейіпкердің жанынан өтіп, контейнерді пайдаланбай кету қиынға соғады;
– қалдықтарды жинау процесін табиғи және үйреншікті етеді – визуалды пішін формальдылықты төмендетеді, алайда мағынасын сақтап қалады;
– «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының идеясын қолдайды – қалдықтармен жұмыс істеуге аса жауапкершілікпен қарау және табиғатқа ұқыптылықпен қарауды біртіндеп ілгерілетеді.
Таяу күндері миньон-контейнерлер тобы «АлЭС» АҚ-ның өндірістік департаменттері бойынша саяхатқа аттанады. Әрбір бөлімшеде шағын және көрнекті өз кейіпкері пайда болады, аталмыш пайдалы көмекші батареяларды дұрыс кәдеге жарату қажеттігін еске салатын болады.
«АлЭС» АҚ-ның Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері Салтанат Жанахметова бастаманың практикалық маңыздылығын атап өтті: «Өндірістік департаменттер аумағында миньон-контейнерлерді орналастыру қызметкерлерге пайдаланылған батареяларды жұмыс орнында қолайлы және қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Контейнерлер толтырылғаннан кейін одан әрі экологиялық қауіпсіз қайта өңдеу үшін мамандандырылған ұйымға берілетін болады.»
«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық жауапкершілік үлкен жобалардан емес, шағын әрекеттерден, атап айтқанда тиісті контейнерге тапсырылған батареядан басталатынын көрсетеді. «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің белсенді қатысуы қоршаған ортаға тиетін зиянды әсерді төмендетеді, ұжым ішіндегі экологиялық мәдениетті нығайтады және еліміздің табиғатын сақтауға өз үлесін қосады.
Миньондар өндірістік департаменттер бойынша жұмыс істеуге және саяхатқа аттануға дайын. Ал сіз оларға батареяңызды тапсырып, жақсы экологиялық қозғалысты қолдауға дайынсыз ба?
Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=bdbBE9Btzgw