«Мектеп елшілері» танымпаздықты оятуда
Артқа
01.08.2024

«Мектеп елшілері» танымпаздықты оятуда

Алматы энергетиктері «Эдельвейс» демалыс лагерінде балалардың қуанышына… электр станциясының модулін іске қосты. Электр станция балалар ойыншықтарынан, картон қораптардан, сымдар мен бөлшектерден, пластикалық жел диірмендері мен жасанды ағаштардан жиналғанымен, аталған шара барлық жағынан жоғары деңгейде өтті.

Бірішіден «Эдельвейс» лагері теңіз деңгейінен 1800 м биіктікте орналасқан. Екіншіден, электр станция модуліндегі шамдар іске қосылып, жанған кезде балалардың қуанышында шек болмады! Ең бастысы, балалардың көпшілігінде энергетикаға қатысты шынайы қызығушылық пайда болды, станцияның қалай жұмыс істейтінін білуге танымпаздықтары оянды.

3-ЖЭО жұмыскерлері тапқырлық және толассыз шығармашылықпен станцияның шағын моделін жасады. Осы жұмыскерлердің барлығы 2018 жылы «АлЭС» АҚ-да іске қосылған «Тең мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша мектеп елшілері» бағдарламасының қатысушылары. Бұл бағдарламаға шығармашылдық әрі тапқырлық танытатын компанияның барлық департаменттерінің өкілдері қатысады.

Жылу автоматикасы және өлшеулер цехының (ЖАжӨЦ) жөндеулер жөніндегі электр слесарі Бауыржан Әли мен Электр цехы релелік қорғаныс және автоматика жөніндегі электр монтері Руслан Аюпов балаларға өз қолдарымен құрастырған макетте электр станция жұмысын көрсетті. «Эдельвейсте» жарықтың қалай пайда болатынын көрсету «Мектеп елшілерінің» өздері үшін де өте қызықты болды, балалар эксперименттен ләззат алды. Энергетика – үлкен қолданбалы мәнге ие физиканың ең қызықты салаларының бірі. Біздің күнделікті жұмысымыз түсінікті тілмен баяндалса, әрқашан үлкен қызығушылық тудырады, дейді энергетиктер сенімді түрде.

– Әрине, бүгінде интернеттен көп нәрсені – ток, жарық қалай пайда болып, қалай жұмыс істейтіні схемалар, диаграммаларда және бейнебаяндарда баяндалады, сымдар арқылы токтың қалай өтіп, жұмыс істейтінін, мыңдаған шамдар жағып, жабдықты іске қосуды көруге болады, ақпарат табуға болады. Алайда, осындай көрнекі түрдегі макет балалар үшін әлдеқайда қызықты, –  дейді Эльмира Турумбетова, 3- ЖЭО ӨТБ инженер-метрологы. – Балалар «станцияны» іске қосу процесін бақылап, сұрақтар қойып, барлығын егжей-тегжейлі көре алды.

Нақты процесс кез-келген аса жетік онлайн-трансляцияға қарағанда, анағұрлым көбірек әсер қалдырады. Біз балалардың шынайы қызығушылығын туындатып, оята алғанымызға қуаныштымыз. Бәлкім, олардың кейбірі болашақ мамандығы туралы ойланған да болар.

 

 

Электр станцияның жұмыс принципін көрсету – «мектеп елшілерінің» дайындаған үлкен бағдарламаның бір ғана тармағы болды. Сұрақтарға жауап бере отырып, қауіпсіздік техникасын сақтаудың маңызды тақырыбын балаларға Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Айсұлу Иржанова және ОҚТО өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бас маманы Наурызбек Кузенов ашты. Олар жол ережелері, жол белгілері туралы, қайсысы не үшін жауап беретіні және жолдан қалай дұрыс және қауіпсіз өту керектігі туралы айтты. «Логикалық сұрақтар» викториналық ойыны балалардың қуанышы мен жағымды эмоцияларын тудырды.

 

– Осындай танымдық ақпарат, викторина, би ойындарынан кейін біз балаларға 3-ЖЭО қызметкерлерінің өздері дайындаған жаздық сусын ұсындық, – деп жалғастырады осы бағдарламаның ұйымдастырушысы Эльмира Турумбетова. – Содан кейін біз көңілді көбік шоуын жасадық. Балалардың эмоциясы мен қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл өте қызықты бағдарлама болды және бәріміз позитивпен зарядталдық!

«Мектеп елшілері» лагерьден алған жағымды эмоциялары мен әсерлерін ұмытпайтын болды.

– «Біз балалардың соншалықты танымпаздығына, белсенді болғанына таң қалдық», – дейді Режимдер мен баптау тобының есептеу және режим жөніндегі инженері Анель Садуакас. – Біз балалардың вожатыйларына да риза болдық, жігерлі, талантты жастар бізді таң қалдырды. Біз Эдельвейстегі вожатыйлардың тәрбиешінің көмекшісі немесе балалардың көңілін көтеретін адам ғана емес екенін көрдік. Олар әрқашан көмектесе алатын және бәрін түсіндіріп беретін, балаларға үлгі бола алатын адам, ересек дос сынды.

– «Эдельвейс» лагері белсенді және көңілді демалысқа толы, балаларға арналған жақсы демалыс орны, – деп жалғастырады ойды Электр цехы релелік қорғаныс және автоматика жөніндегі электр монтері Жакан Нурлан. – Біз үшін бұл лагерьдегі ең ұмытылмас оқиғалардың бірі көбіктер шоуы болды. Бұл жай ғана ойын-сауық емес, балаларға керемет әсер қалдырған толық шоу.

Керемет әсерлер ұзақ уақыт жадында сақталуы үшін энергетиктер балаларға құлаққап сыйлады. Олар танымдық, көңілді, музыкалық демалысты еске түсіріп қана қоймайды, сонымен қатар оқушыларға сүйікті әнін тыңдағысы, жаңа шетелдік сөздерді қайталағысы немесе интернеттен танымдық бағдарламаны көргісі келгенде қызмет етеді. Мысалы, «Эдельвейстен» қызықты жазғы сабақты бекітіп, энергетика туралы білімін кеңейту үшін.

– Өткізілген іс-шара үшін энергетиктерге көп рахмет! Балаларға бәрі ұнады, әсіресе көбік шауы, – дейді «Барбарики» 6 отрядының вожатыйы Адим Абдрашитов. – Әсіресе ЖЭО-ның қалай жұмыс істейтінін көрсеткеніңіз үшін рахмет. Балаларға өте ұнады, таза ауада қауіпсіздік ережелері өте қызықты баяндалды.

Ал, «Мектеп елшілеріне» басты бағаны демалушылардың өздері берді. Балалардың қуанышын қорытындылай келе, 5 отрядтың мүшесі Айсұлтан Молдабеков бағдарламаны жоғары – «өте жақсы» бағаға бағалады: «Барлығы өте ұнады, көңілді және қызықты
болды!»

…Балалар демалысы жалғасын табады, ал «Мектеп елшілері» жаңа кездесулерге дайындалуда.