МАШИРОВ ЕРІК ҚАНЫШБЕКҰЛЫ

МАШИРОВ ЕРІК ҚАНЫШБЕКҰЛЫ

Туған күні – 10.03.1988 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғары:

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті, бітірген жылы – 2010 ж.(бакалавр)
Мамандығы: Қаржы

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті, бітірген жылы – 2011 ж. (экономика және бизнес магистрі)
Мамандығы: Қаржы

«Көкше» академиясы, бітірген жылы – 2013 ж.
Мамандығы: Құқықтану

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ

Жұмыс тәжірибесі:

2023 ж. 03 шілдеден бастап – қазіргі уақытта – «АлЭС» Басқарма Төрағасы;
12.2021 ж. бастап 06.2023 ж. дейін – «Insight consult» ЖШС үйлестірушісі;
04.2021 ж. бастап 06.2022 ж. дейін – «Самрук-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
04.2019 ж. бастап 12.2020 ж. дейін – «Мойнақ ГЭС» АҚ Басқарма Төрағасының қамтамасыз ету және коммерция жөніндегі кеңесшісі;
03.2018 ж. бастап 03.2019 ж. дейін – «Демеу бизнес груп» ЖШС басқарушы директоры;
08.2017 ж. бастап 03.2018 ж. дейін – «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасының қамтамасыз етужөніндегі орынбасары;
10.2014 ж. бастап 08.2017 ж. дейін– «Самұрық-Энерго» АҚ «Сатып алу және қорларды басқару» департаментінің директоры;
12.2012 ж. бастап 10.2014 ж. дейін – «Самұрық-Энерго» АҚ Сатып алу департаментінің бас менеджері;
04.2012 ж. бастап 11.2012 ж.дейін – «Жумбак К.А.» ЖШС бас директорының орынбасары;
09.2011 ж. бастап 04.2012 ж. дейін – ҚР «Қаржы полициясы» СЖҚКА сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды тергеу департаментінің инспекторы;
07.2007 ж. бастап 05.2008 ж. дейін – «Каюр Trade» ЖШС логистика бөлімінің менеджері

Қоғамда жауап беретін сұрақтар шеңбері:

Қоғамға жалпы басшылықты жүзеге асырады:

1) Қоғамның ағымдағы операциялық қызметін жүзеге асырады;
2) Қоғамның Жалғыз акционері, Қоғамның Директорлар кеңесі және Қоғам Басқармасы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
3) Қоғам қызметінің ҚР Заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
4) Қоғамның ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
5) Қоғамның даму стратегиясын, Қоғамның даму жоспарын, қызметтің негізгі көрсеткіштерін және олардың нысаналы мәндерін, Қоғамның дивидендтік саясатына қатысты ұсыныстарды, Қоғам қызметінің басым бағыттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
6) Қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштеріне және олардың нысаналы мәндеріне қол жеткізу туралы есептілікті дайындауды және Қоғамның Жалғыз акционеріне ұсынуды қамтамасыз етеді;
7) Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктер туралы Директорлар кеңесін хабардар етеді;
8) Қоғамның Директорлар кеңесіне Қоғамның даму стратегиясын, Қоғамның даму жоспарын жүзеге асыру, Қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштеріне және олардың нысаналы мәндеріне қол жеткізу туралы, Қоғамның негізгіі тәуекелдері және оларды басқару тиімділігі туралы басқарушылық есептілікті, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен басқарушылық есептіліктің тәртібі мен нысандарына сәйкес өзге де есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
9) Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасын Қоғам қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы хабардар етеді;
10) жылдық қаржылық есептілікті, Қоғамның аралық қаржылық есептілігін және Қоғам қызметінің қорытындылары туралы жылдық есепті дайындауды қамтамасыз етеді;
11) Қоғамның кадр саясатын, оның ішінде Қоғам жұмыскерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады, Қоғамның Жалғыз акционері бекіткен штат кестесіне сәйкес Қоғам жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларының және айлық ақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, Қоғам Басқармасының мүшелерін, Ішкі аудит қызметі жұмыскерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қоғамның корпоративтік хатшысы мен өзге де жұмыскерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;
12) Қоғам Басқармасының жұмысын ұйымдастырады, Қоғам Басқармасының отырыстарын өткізеді;
13) Қоғамның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;
14) Қоғамның ұйымдық құрылымы мен штат кестесін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
15) ішкі бақылау, Корпоративтік даму басқармасы, тәуекелдерді басқару бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Қоғам қызметінің ҚР заңнамасына және ҚР мемлекеттік органдарының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
16) әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің еңбекке уәждемесін, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді;
17) белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияларды қорғауды, жұмылдыру жұмысын ұйымдастырады;
18) өндірістік департаменттердің табиғат қорғау іс-шараларын орындауын ұйымдастырады;
19) өндірістік департаменттердің экологиялық заңнаманы сақтауын бақылайды;
20) өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бергені үшін дербес жауапты болады;
21) Қоғамның барлық жұмыскерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
22) «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің және Бас кеңсенің тиісті бөлімшелерінің компанияның өндірістік, қаржылық және шаруашылық қызметі мәселелері бойынша селекторлық (қызметтік) кеңестерін өткізеді;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның жарғысына сәйкес осы органдар мен Қоғам Басқармасының ерекше құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, өзге де өкілеттіктерді, оның ішінде Қоғамның Жалғыз акционері мен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері негізінде жүзеге асырады.

Жұмысын басқарады және бақылайды:

  • Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер;
  • Даму және құрылыс жөніндегі басқарушы директор;
  • Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор;
  • Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;
  • Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор;
  • Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор;
  • Қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор;
  • Өндірістік департаменттердің директорлары мен бас инженерлері.