Мақсатымыз – болашақтың көшбасшысы болу
«АлЭС» АҚ жас қызметкерлерінің Басқарма Төрағасы Ерик Машировпен кезекті кездесуі – жастардың компанияның нақты жобаларына белсенді қатысуына, олардың білімдерін, күштерін, құзыреттерін тиімді қолдануға арналды. Жастарды компания жобаларына тарту, болып жатқан өзгерістердің мәнін, мақсаттарын түсіну, осы мақсаттарға басыбайлы берілу жас қызметкерлерге кәсіби және мансаптық өсудің үлкен мүмкіндіктері мен перспективаларын ашады, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді. Бұған жас кадрлармен кездесулерге басымдық беріп отырған «АлЭС» АҚ Басқарма басшысы Ерик Маширов сенімді.
– Бұл біздің сіздермен үшінші кездесуіміз, енді нақты істерге көшетін кез келді, – деп Ерик Маширов ағымдағы істерді талқылауды бастап, ұсыныспен жалғастырды. – А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, Каскад ГЭС және Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-ін жаңғыртуға және қайта құруға сіздердің қатысуларыңыз маған өте маңызды. Мен сізерді кеңседегі жобалық бөлімде ғана емес, құрылыс алаңдарында да көргім келеді. Біз іске қосқан осындай ірі жобалар АлЭС-те бұрын соңды іске асырылмаған. Сондықтан оларға қатысуыңыз біздің компанияның дамуына ғана емес, сіздің мансаптық өсуіңізге де қосқан үлкен үлесіңіз болады. Өйткені сіздің біліктілік деңгейіңізді арттыру – бізде бірінші кезектегі мәселе болмақ.
Ол компанияның алдында тұрған негізгі міндеттерді еске салып, білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін атап өтті. Басқарма Төрағасы компанияның болашағы жастар ұйымына байланысты деп санайды, сондықтан қазір әрбір маңызды жобаға жастар ұйымының өкілі қатысуы керек. Бұл жас мамандарға жаңғырту жобаларынан хабардар болуға мүмкіндік береді.
– Сіздер жаңғыртудың басынан бастап осы процеске қатыса аласыздар, бәрін көріп-біліп, содан кейін жаңа жабдықта жұмыс жасайсыздар, – деп атап өтті Ерик Маширов – Сіздерде үлкен ресурстар, жақсы әлеует бар. Көздеріңіз шоқтай жанып тұр, үлкен білімге иесіздер – енді осы ресурстарыңызды жүзеге асыратын кез келді. Сөздерден іске көшейік. Бірнеше жылдан кейін сіздердің әрқайсыларыңыз біздің компанияда лайықты лауазымға ие болатындарыңызға сенімдімін.
Жастар кездесуден, ең бастысы – компанияның болашақтағы дамуы мен өз мүмкіндіктерінің ашылуынан шабыт алды.
– Басқарма Төрағасымен өтке кездесу өте мазмұнды болды, – дейді А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Канстанция Кадербаева – Өндірістегі жұмысқа, жеке басты дамытуға және өсуге қатысты өзекті тақырыптар талқыланды. Қазір 2-ЖЭО және 3-ЖЭО қайта құру өзекті тақырып болып табылады. Бұл жобаларға біздің жастар ұйымы белсенді қатысады. Жас мамандар үшін бұл білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануда жақсы тәжірибе болмақ. Және де бірегей, орасан зор тәжірибе береді. Сондай-ақ, біз департаменттерімізде Кайдзен жүйесін енгізу мәселелерін талқыладық. 3-ЖЭО-гі пилоттық жоба жұмысты жақсартуға, тиімдірек болуға, үнемді өндірісті үйретуге мүмкіндік беретін тұжырымдаманың тиімділігін көрсетті.
Кездесудің көптеген қатысушылары үшін компанияның ұзақ мерзімді стратегиясы мен оның болашақ мақсаттары қандай болатынын түсіну маңызды болды. Бұл туралы 3-ЖЭО қызметкері Нурлан Жакан айтып, Басқарма Төрағасымен кездесу оның болашақта даму бағытын жақсы түсінуге көмектескенін атап өтті. Бұнымен келісуге болады, өйткені кәсіпорындарға келгеннен кейін жастар өз өмірін, кәсіби мансабын онымен байланыстыру үшін объективті алғышарттарды бағалай отырып, өз болашағын жоспарлайды.
– Бұл ақпараттық және шабыттандыратын іс-шара болды, – дейді «Энергожөндеу» ӨЖК өндірістік-техникалық бөлімінің өндірісті дайындау жөніндегі инженері Жанерке Панарханқызы, – Біз энергетика саласына, «АлЭС» АҚ құрамына кіретін компанияларымызға және олардың болашағына қатысты өте маңызды тақырыптарды талқыладық. Энергетика секторының тиімділігі мен тұрақтылығын жақсарту мақсатында жоспарланған жаңа жобалар мен инновациялар туралы есту ерекше қызықты болды. Кездесудің басты тақырыптарының бірі компанияның өсуіндегі жастардың рөлі. Төраға жас мамандар өзінің жаңа идеяларының, ынта-жігерінің және өзгерістерге дайындығының арқасында оның дамуына елеулі үлес қосуы тиіс екенін атап өтті. Ол сондай-ақ болашақ көшбасшы болу үшін жас кадрларды оқыту мен дамытуға инвестиция салудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл кездесу бізді одан әрі ынталы жұмыс істеуге шабыттандырды. Менің ойымша, біздің компаниямыздың және жалпы саланың дамуына нақты үлес қосу үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар.
– Кездесуде көтерілген мәселелер қазіргі кездегі проблемаларды ғана емес, компанияның болашақта не күтетінін де қозғады, – деп компания басшысымен өтке кездесуден өзі үшін алған ең басты ойымен Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО электр цехының шебері Абылайхан Ақтан бөлісті, – Біз міндеттерді шешу жолдары туралы, сондай-ақ осы мәселелерді шешудегі жастар ұйымының рөлі туралы айтқанымыз өте маңызды. Кездесу маған компанияны дамыту үшін не істей алатынымды ұғуға мүмкіндік берді.
Бірінші басшымен әңгімелесудің жоғары тиімділігін Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Электр техникалық зертханасының БӨАжА инженері Әділ Әбілдаев атап өтті.
– Біз болашақ жобаларды және «АлЭС» АҚ-да жастар ұйымын ілгерілетуді талқыладық, – дейді ол. – Кайдзен жүйесіне, компания мамандарының біліктілігін арттыруға қатысты мәселелер айтылғаны мағызды болды. Біз өзекті мәселелерді де қозғағанымыз жақсы. Мысалы, арнайы жұмыс киімі туралы, сондай-ақ 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО жаңғырту және қайта құру процесінде тәжірибе алу үшін жастарды тарту туралы. Мен басшылықтың бізді қолдауға және әрқашан бізді тыңдауға дайын екеніне өте қуаныштымын.
Қатысушылардың пікірінше, кездесу өте нәтижелі болды, өйткені Басқарма басшысы Ерик Машировпен әңгімелесу қорытындысы бойынша жастар екі шешім қабылдады. Біріншіден, 3-ЖЭО-да Кайдзен тұжырымдамасын одан әрі дамыту мәселелері бойынша мамандармен кездесу өткізу. Сондай-ақ, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО жас қызметкерлерін АлЭС-тың жаңғырту жобаларынмен таныстыру.