Мамандығы тағдырына айналған тұлғалар
2025 жылғы 29 желтоқсанда Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-ның мәжіліс залында Энергетика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні мұнда тағдырлары энергетикамен тоғысқан, жауапкершілігін толықтай түсінетін өндірістік департаменттердің, бас офистің қызметкерлері, сала ардагерлері, басшылары мен мамандары жиналды.
Таң ертеңнен бастап қонақтар фойеге жинала бастады. Классикалық музыка шырқалып, фото аймақ қызметі көрсетілді, әріптестеріміз бір-бірін жылы шыраймен қарсы алды. Бұл кездесулерде, қол алысулар мен жылы күлімсіреулерде ең басты сезілгені кәсіпке деген құрмет біріктірген ортақ іспен айналысатын адамдардың ынтымақтастығы болды.

Салтанатты шараның басты оқиғасы «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Ерік Машировтың марапаттау рәсімі болды. Бұл күні компанияның 171 қызметкері атап өтілді. Сахнадан мемлекеттік, ведомстволық және корпоративтік марапатқа ие болған қызметкерлердің есімдері айтылды. Залда олардың әріптестері, тәлімгерлері, басшылары, яғни осы марапаттардың қадірін жақсы түсінетіндер отырды, себебі олар да сол ауысымдарды, жөндеу жұмыстарын, есептер мен жауапкершілікті бірге көтерген болатын. Ұжымдастары олардың еңбегі жайлы жақсы біледі, ал марапаттар көп жылдық еңбегінің лайықты мойындалуы ретінде танылды.
Марапатталғандардың арасында А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО өндірістік департаменті ретке келтіру және табиғатты қорғау қызметі цехы бастығының орынбасары Мақсат Түсіпов те бар еді. Энергетикада ол 28 жасынан бастап жұмыс істеуде: алғашқыда слесарь болып жұмысқа орналасып, 18 жыл ішінде цех бастығының орынбасарына дейін жетті. «Самұрық-Энерго» АҚ-дан алған Құрмет грамотасы ол үшін күтпеген және ерекше құнды сыйлық болды, Мақсат Түсіпов өзі атап өткендей, ол марапатын ең алдымен бүкіл команданың еңбегін бағалау ретінде қабылдады.
Залда 21 жылдық еңбек өтілі бар БЖК бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші бухгалтері Надежда Мищенко да болды. Ол үшін бұл шын мәнінде толқуға толы күн болды: барлық марапатталған қызметкерлер оның есебі арқылы өтеді және ол осы жерде әрбір марапаттың лайықты екеніне шынайы сенеді. Надежда Николаевна екі онжылдықтан астам уақыт бойы өмірінің бір бөлігі болып келген өз жұмысы мен БЖК ұжымын мақтан тұтады.
Өзінің «ҚЭА энергетигі ардагері» атағына ие болған Олег Чесноков сыйын ұстамдылықпен және іскерлік тұрғыдан қабылдады, ол Каскад ГЭС-інде 32 жыл жұмыс істеген. Оның кәсіби еңбек жолы стансамен тығыз байланысты – ол бірнеше рет «Каскадта дүниеге келгені» туралы айтады. Бұл күні ол, әдеттегідей, жұмыстық көңіл-күйде болып, кәсіптің сенімділігі мен сабақтастығын өз мысалымен атап өтті.
Марапатталғандардың арасында «Энергоремонт» ӨДБ 6-разрядты қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь Махмұжан Мансұровта болды. Вентильдерді, клапандарды, ысырмаларды жөндеу – дәл осы еңбек бүкіл жүйенің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ол адамды нақты үлесі үшін марапаттау қажет екеніне сенімді және бұл қағидат өндірістік ұжымдарда ерекше бағаланады.
Кәсіби жолдың тағы бір мысалы – «АлЭС» АҚ-да 13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан МПВТ тепловоз машинисінің көмекшісі Нұрбек Ілгішев. Ол жүк тиеуші болып жұмысқа орналасқан еді, ал бүгін тепловоз машинисінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Оның оқиғасы – біртіндеп өсу, кәсіпке деген құрмет және өз ісіне деген шынайы мақтанышпен байланысты. Ол Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС пайдалану тобының электр станциясы ауысымының бастығы Рауан Ахметов үшін «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» үлкен құрмет және атқарылған жұмыстың нәтижесі болды: АлЭС-ті құрушылар және оның дамуына үлес қосқан әрбір адамға шынайы алғысымды білдіргім келеді. Қапшағай ГЭС директоры Тастанбек Әлібек Маратұлын атап өткім келеді – оның келуімен станцияда көптеген оң өзгерістер орын алды. Бұл шынымен де заманауи ойлай алатын басшы. Егер энергетикада және елде осындай адамдар көп болса, біздің елімізді және қазақстандық энергетиканы жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін».

Іс-шарада Жұмысшы кәсіптері жылына арналған Jibek Joly телеарнасындағы «Ең мықты» теледидар жобасына ерекше назар аударылды. Оған «АлЭС» АҚ мен энергетика мамандығын лайықты таныстырған 1-ЖЭО қызметкерлері – Айдос Масиралиев пен Бекзат Қалелов қатысты. Жоба қорытындысы бойынша Айдос Мәсірәлиев жеңімпаз атанды, ал Бекзат Қалелов қола жүлдеге ие болды.

Бұл күні залда осындай ондаған кәсіпқой мамандар отырды – әрқайсысың өз тарихы, тәжірибесі және үлесі бар. «АлЭС» АҚ-дағы Энергетика күні өз жұмысының құнын жақсы білетін және бір-бірін бағалайтын адамдарды құрметтеу рәсіміне айналды.
Артық сөзсіз, түпкі мағынасы зор бұл мереке тағы да мынаны еске салады: энергетика саласы сабырлы, сенімді, кәсіби адамдарға сүйенеді. Мұндай адамдар қасымыздан табылған уақытта саланың сенімді қазіргі шағы мен берік болашағы бар.