Лаураға емтихан: кеше, бүгін, ертең…
Аудармалардың ішіндегі ең қиыны – ол техникалық мәтіндер. Бұл жерде тек тілді ғана білу жеткіліксіз, жауапкершілігі мол жұмыстың бұл түрін алып шығу үшін Сіз өзіңіздің қалауыңызға қарамай, техникалық терминдер мен процестер әлеміне енуіңіз қажет. Аудармашылар бұл жауапкершілікті жақсы түсінеді және аталған жұмыс ұсыныстарын көпшілігі қабылдай бермейтіннің төркіні де осында.
Осыдан 16 жыл бұрын, 2008 жылы «АлЭС» АҚ-ға штаттық аудармашы лауазымына жұмысқа орналасу үшін келген Лаура Кусмолдинова өзіне жоғарыда аталған мамандыққа тиесілі жауапкершілікті қабылдады десе де болады.
Компания үшін жоғары білікті маманды штатқа қабылдау қаншалықты маңызды болғанын, «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Бірлік Есіркепұлы Оразбаевтың, ірі тұлғаның есімі бүгінде Алматы 1-ЖЭО-ға берілген, бос орынға үміткерді жеке өзі тестілеуден өткізгенінен-ақ білуге болады.
– Сұхбат алдында, қалай уайымдағаным әлі есімде! Бірлік Есіркепұлы маған аудармаға күрделі техникалық құжат берді, оны 15 минут ішінде аударуым қажет болды, – деп еске алады Лаура Қусмолдинова.Уақыт шамасы кешкі беске он бес минут қалған кез болатын – жұмыс күнінің соңы. Берілген тапсырманы жылдамдата аудара бастадым, минуттар секундтар секілді өткендей болды. Берілген уақыт та тәмәмдап, аудармамды тапсырдым. Бірлік Есіркепұлы аудармамды оқып шығып, күлімсіреп, мақұлдап басын изеді. Артынан компанияның қандай іспен айналысатынын қысқаша сипаттап, қолымды қысып, жаңа жұмыс орныммен құттықтады. Осылайша, мен осы үлкен энергетикалық компанияда «кәсіби аудармашы» сапарымды бастадым. Мұндай ірі тұлғамен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын, ол – энергетика саласындағы өз ісінің майталманы, тұғыры биік тұлғасы. Бұл мен үшін өмірлік есте қалатын үлкен және маңызды тәжірибе болды! Осы сәттен бастап аудармашы қызметін атқарып қана қоймай, компанияның үлкен командасының бір бөлігі болдым.
Лаура оқудан шаршамай, техникалық терминологияны жіті меңгеріп, процестердің мәнін түсініп, жұмыс барысына сенімді түрде кіре білді. Бүгінде ол Ұйымдастыруды сүйемелдеу басқармасының бас менеджері болып қызмет атқаруда.
– Лаураның керемет қасиеті бар – ол оның әр бөлшекке деген ілтипаттылығы мен зейінділігі. Берілген әр тапсырманы соңына дейін, толықтай және дұрыс орындау – табыстың кепілі екеніне әрқашан сенімді, – деп атап өтті компанияның Әдіснама басқармасының бас менеджері Жомарт Дәулетбаев. – Ол әр бөлшекті мұқият талдайды және оны жүзеге асыруды кейінге қалдырмайды, әрқашан белгіленген мерзімдер мен талаптарды сақтайды. Сондай-ақ, керемет қарым-қатынас дағдылары мен жемісті жұмыс қатынастарын құру қабілетіне ие. Мінезінің мейірімділігімен ашықтығы арқасында Лаурамен қарым-қатынас жасау оңай және нәтижелі болып келеді. Ол басқалардың ойларын тыңдай біледі және өз көзқарасын ұсына алады, әрқашан өзгелердің пікіріне құрметпен қарауға дайын. Оның позитивті көзқарасы мен мейірімді мінезі – біздің команданың таптырмас мүшесі болып табылады.
Лаураның өзі, оған өндіріс пен командалық жұмысқа тән жарқын сәттерді беретін баға жетпес тәжірибені атап өтті. Бұл «пандемия» сияқты жағымсыз және драмалық жағдай.
– Пандемия басталғаннан бастап, біз онлайн режимінде жұмыс істей бастадық. Үй жағдайында жұмыс жасау бірқатар қиындылықтарды туғызды, бірақ жұмыстың берілген көлемін алу мен белгіленген мерзімде құжаттарды тапсыру форматы – өзгерген жоқ. Біз тіпті көп тәжірибе жинадық десе де болады, себебі әртүрлі Департаменттердің барлық аудармашылары біріктірілді. Қазір біз тек Бас кеңсемен ғана емес, барлық Өндірістік департаменттермен де жұмыс жасаймыз. Қазір командамызда сегіз аудармашы, олардың барлығының он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Біздің аудармашылар тобы 24/7 режимінде қол жетімді. Қолымыздан қаншама ауқымды жобалар өтпеді десеңізші?! Бірақ жұмысымыз қаншалықты қиын болса да, әрқашан өз жұмысымызға құрметтілік пен кәсіби біліктілігімізді танытамыз және бір-бірімізге әрдайым қолдау беріп отыруға тырысамыз. Әр уақытта командама «Біз – Мықтымыз» және біздің құрам «Супер аудармашылар» командасынан құрылған деген сияқты қолдау мен шабыт сөздерін айтып, қанаттандырып қоюға тырысамын.
Лаура Канатбековнаның кәсіби біліктілігін оның әріптестері де жоғары бағалайды. Жобаларды сүйемелдеу басқармасының бас менеджері Шыңғыс Рахатов, Лаура және оның командасы өздерінің міндеттерін орындау кезіндегі жауапкершілігі, сапалылығы мен ұқыптылықтарын атап өтуде.
– Ол бұл ұжымда жемісті табыс атмосферасын қалыптастырады, – дейді Пайдалану басқармасының бастығы Михаил Решетников. –Жоғары кәсіби біліктілік оған жетекшілік етуге, мәселелерді оңай шешуге және кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді. Осындай әріптеспен жұмыс істеген өте жақсы. Мен, Лаура Канатбековнаны шеберлігі, бастамашылдығы мен жауапкершілігі үшін жоғары бағалаймын және құрметтеймін.
Өз командасына жауап бере отырып, ол өзінің кәсіби және жеке қасиеттерінің арқасында тұрақты және уақтылы жұмыс істейді. Мұны оның қызметкерлері де жоғары бағалайды.
– Сауаттылық, жауапкершілік, міндеттерді ұйымдастыру және беру қабілеті – Лаура Канатбековна осындай кәсіби қасиеттерге ие. Үйлесімді командалық жұмысты ұйымдастыру оңай міндет емес, бірақ ол осыны жақсы атқарады, – дейді әріптесі Гулшат Султангалиева – Аудармашылар тобына үлкен жауапкершілік жүктелген, Лаура Канатбековна осыны жақсы түсінеді. Ол командада қолайлы, достық атмосфераны қалыптастырады, әр маман ең алдымен – жеке тұлға екенін ұмытпайды. Эмпатиялығы, қарым-қатынастылығы, ашықтықтығы, ізгі ниеттілігі, кәсіби және жеке қасиеттерінің шебер үйлесімділігі ұжымда жағымды көңіл-күйді қамтамасыз етеді.
Ол өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар мейірімді және жанашыр адам.
– Лаура әрқашан жұмыс бабымен де, жеке мәселелер бойынша да көмектесуге және қолдауға дайын. Мұндай адамның менің өмір жолымда кездескеніне қуаныштымын, – дейді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері Салтанат Жанахметова.
Көптеген әріптестер оның көп қырлы шығармашылық табиғаты туралы айтады.
Лаура – тамаша ұйымдастырушы, сценарист және көптеген корпоративтік іс-шаралардың жүргізушісі, – деп қосты Гульшат Султангалиева, бұған «АлЭС» АҚ-да құрылған қолайлы ортаның айтарлықтай дәрежеде ықпал ететінін атап өтті. Бұл таланттардың айқын көрінуіне, барлық қызметкерлердің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.
– Лаура, тек аударма ісінің маманы ғана емес – кез келген техникалық мәтіндер оның шеберлігіне бағынышты, сонымен қатар компанияда өткізілетін салтанатты және мерекелік іс-шаралардың талантты жүргізушісі, – деп атап өтті Техникалық басқарманың бастығы Кайнар Керімқұлов. – Осындай көрікті және мейірімді адаммен бір ұжымда жұмыс істегеніме өте қуаныштымын.
Ал, Лаура болса, бала кезінде тележүргізуші, журналист болуды армандағанын мойындайды. Өндіріске келу оған күтпеген жерден шығармашылық даму мүмкіндігін ашқанын керемет қуанышпен айтады. Енді оның өмірінің ажырамас және маңызды бөлігі – АлЭС-тің көптеген іс-шаралары мен кездесулерінің жүргізушісі болуы.
– Дария Тоқбергенқызы Шайжанова қаншама жылдар бұрын маған іс-шараны өткізуді ұсынып, менің балалық арманымды жүзеге асыруға көмектесті, – деп Лаура өзінің алғысын жасырмайды. – Әрбір іс-шараға, мейлі ол басшылардың кездесуі, мерекелеу немесе қызметкерлерімізді марапаттау болсын, мен мұқият дайындалып, оларды жоғары деңгейде өткізуге тырысамын. Осыдан мен көптеген жағымды эмоциялар, әсерлер, сергектік пен позитивтілікке ие боламын!
Айтуынша, Лаура – екі керемет ұлдың анасы. Ол үшін, кез-келген ана сияқты, балалары – бірінші орында. Бірақ ішкі үйлесімділік, шынайылық, уақытты ұйымдастыра білуі оның толыққанды өмірінің барлық мәселелерінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді.
– Лаураның әдемі үйлесімді әйел баласы екенін, бірге жұмыс істей отырып, өз ісінің маманы екеніне көзім жетті, – дейді Корпоративтік даму және тәуекелдер басқармасының бастығы Дария Шайжанова. – Ол мемлекеттік тілде қаншалықты әдемі сөйлейтінін, ойды қалай дәл жеткізетінін тек көзбен көру керек деп ойлаймын. Бұл жоғары өнердің шегі. Жоғары кәсіби жүктемеге қарамастан, ол шығармашылық жобаларға қатысуға уақыт тауып, оны жүргізуге бар күшін салады. Осы уақыт ішінде: КВН жүргізу, сценарийлер жазу және кештер өткізу, мысалы, Есенин, Абай, Мақатаев шығармашылықтары туралы кештердің сценарийлерін жазып, толықтай өзі жүргізіп шықты. Мұның барлығын Лаура зор махаббатпен жасайды. Біз оны өз арамызда «кәсіби диктор» деп атаймыз. Ол – жарқын бейнелі шығыс сұлуы, оның жүргізушілік қабілеті, сөйлеу өнері, мәнері, келбеті өте үйлесімді. Сонымен қатар өлең жазатын қасиеті де бар. Мұндай сөз орамдарын қалай табады деп таңданып қана қоямыз!
Бұл сауалдарға жауап ретінде Лаура тек күлімсірей қарайды. Оның айтарлықтай ерекше құпиялары жоқ. Жауабын барлығы біледі десе де болады: егер сіз өмірге сүйіспеншілікпен қарасаңыз, әлем де сізге сондай махаббатын шашпақ. Бұл, ең алдымен, отбасына, балаларға қатысты.
– Балаңыз үшін қалай жақсы ана болу керек? Мен балаларыма олардың ең жақын досы болуға тырысамын, – деп мойындайды Лаура. – Мысалы, үлкен ұлым екеуміз 5-сыныптан бастап жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тырыстық, барлық олимпиадаларға, қосымша курстарға қатыстық. Біздің күш-жігеріміз бекер болған жоқ, осы жазда ол Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға грантқа түсті. Бірақ отбасылық бақыт пен жұмысқа күш салу арқылы Сіз өзіңізді де ұмытауыңыз керек. Барлық заманауи әйелдер сияқты, мен жарқын оқиғалар ортасында болып, заман ағымына сәйкес жаңалықтардан қапы қалғым келмейді. Түрік тілін үйреніп жатырмын, қазір қолымда А1 Халықаралық сертификатым бар. Бет әрлеушісі курстарынан өтіп, Санди Бексырғаның халықаралық дипломын алдым. Бұл тек әйелдік мәнге ғана емес, ішінара кәсіби қажеттілікке де қатысты оқыған оқуым болды. Бет әрлеушісіне қатысты білімнің керектігін компаниядағы түрлі іс-шаралардың жүргізушісі болу кезінде түсіндім. Бос уақытымда йогамен айналысамын. Бұл ішкі жан дүниңізбен бір үйлесімде болуға мүмкіндік береді. Әйгілі йога маманы Джейсон Крэнделл айтқандай: «Йога – бұл Сіздің кім екеніңізге танудың тамаша мүмкіндігі».
Әріптестердің көз алдында әдемі Лаураның портреті пайда болды – кәсіби маман, шығармашылық тұлға және шығыс сұлуы. Оны толықтыру мақсатында ерекше бір сөзді қосқым келіп тұр. Латын тілінен аударғанда оның есімі «даңқ символы», ал сөзбе-сөз «лаврмен көмкерілген» деп аударылады екен. Әрине, ол мұның барлығын айқын біле тұра, жәй ғана үнсіз қалуды жөн көреді…