Күш, жылу мен өсім ортасында: АлЭС Әйелдер клубы өзін-өзі дамытудың жолын ашты
Маусым айының соңында «АлЭС» АҚ қабырғасында әдеттегі жиын емес, жүректен жүрекке жол тартқан сырлы кездесу өтті. Әйелдер клубы тағы да өз жандарын біріктіріп, сенім мен жылылыққа толы кеңістікке айналды – бұл жер олардың рухани тыныс алатын мекеніне, шабыт пен қолдаудың шынайы аралына айналып үлгерді. Осы жолы әңгіменің өзегі – әр әйелдің ішкі әлеміне терең бойлайтын, нәзік әрі маңызды тақырып – «Өзін-өзі дамыту» болды.
Бұл жүрекке жылы кездесудің бастамашысы – Батыс жылу кешенінің нәзік те жігерлі әйелдер ұжымы болды. Олар дайындыққа жай ғана уақыт пен күш емес, сонымен қатар жүректерінің бір бөлшегін салды. Себебі олардың басты ниеті: бұл күрделі, әрі терең тақырыпты – бар болмысымен ашып көрсету және әр қырынан жеткізу болды.
– Біз өзін-өзі дамыту тақырыбын таңдап алдық, себебі бүгінгі әйелдің рөлін бірге қайта ойластыратын кез келді, – деді БЖК кадрлар жөніндегі инженері, кездесудің жүргізушілерінің бірі Зарина Ромбекова. – Бұл – өсу, өзін-өзі тану, шығармашылық және мансап туралы әңгіме. Біз ойды, тәнді және жанды бір уақытта қамтуға тырыстық. Ең бастысы – біздің әйелдер қауымында әрбір әйел адам «сен жалғыз емессің» деген сезімді сезіне алады, бұл біз үшін өте маңызды.
Жылы әрі шынайы орта құруға БЖК кадрлар секторының бас маманы Айнұр Темірбаева жетекшілік еткен команда ерекше үлес қосты. «Біз барлығын шеңбер бойымен отырғыздық және бір-бірінің көздеріне қарату арқылы әрқайсысына қолдау көрсетуге тырыстық. Негізгі мақсатымыз – «әрбір әйелдің өзіне деген сүйіспеншілігін ояту болды». Қыздар өздері үйде пісірген тәтті тоқаштарды алып келді, ал үнемделген қаражатты әр қатысушыға арналған кішкентай сыйлықтарға жұмсады.

Бағдарлама шынайы ниеттерден пайда болды. Ұйымдастырушылар лотос позасындағы әйел бейнесін символ ретінде таңдады және БЖК Химиялық қызметінің зертханашысы Юлия Баянованың осындай сурет салатынын біліп, қуанды. Оның суреті кездесудің басты рухани нышанына айналды және кейінірек Юлия саз-балшықтан мүсін жасаудан шеберлік сабақ өткізді.
– Бұл нағыз бірлескен шығармашылық болды! – дейді ұйымдастырушылар. – Зарина сценарий дайындады, Әсем материалдарды жинап, оларды үйлестірді, Мөлдір әнімен жүректерді тербетті, Юлия сурет салып, мүсіндеуді үйретті, ал біз Заринымен бірге жылы сұхбат жүргіздік. Әрқайсысы өзіне тән бірегей әуенін қосты.
Кездесудің шынайы жүрегі – әйелдердің өз-өзімен үнсіз тілдескен, бейресми әңгімелері болды… – Біз өзімізге бұрын-соңды қоймаған сұрақтар қойдық, – дейді А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО ӨТБ инженері Констанция Кәдербаева. –Мысалы: «Соңғы жарты жыл ішінде өзіме қандай жетістігім үшін алғыс айта аламын?» Мұндай сұрақтар адамды тоқтап, өзін тыңдауға, өткен жолын бағалауға жетелейді. Бұл кездесуден мен тек шабыт емес, сонымен қатар «біз – біргеміз» деген сезімді де алып қайттым.

Ішкі күш пен мүмкіндіктер туралы әңгіменің символдық жалғасы – ақ саздан мүсіндеу бойынша шеберлік сабағы болды. – Біз саусақтарымыз арқылы ішкі энергиямызды беріп отырдық, – деп бөлісті БЖК химиялық қызметінің инженер-технологы Әсем Сәдуақас. – Махаббатпен жасалған дүние – әрқашан ерекше қуатқа ие. Қатысушылар өздері жасаған бұйымдармен бірге жүректерінен шыққан шығармашылықтың бір ұшқынын ала кетті.
Қатысушылардың үйден әкелген үй тағамдарымен жайылған дастархан кездесуге ерекше жылулық пен отбасылық орта сыйлады. – Біз, әр қатысушы өзін осы ортада күтіп отырғанын, қуанышпен қарсы алынғанын жүрегімен сезінсін дедік, — дейді БЖК ӨТБ инженері Мөлдір Жампозова. Бұл кездесудің ең шынайы, ең бағалы сыйы – ол әйелдердің жүректен шыққан сырлары болды.
– Біз өзімізге түрлі рөлдерді жүктеп жүреміз: ана, жар, кәсіби маман – деді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО логистика бөлімінің инженері Индира Мәндібаева. – Біз көбіне өзіміз жайлы ұмытып кетеміз. Мені ерекше тебіренткен сұрақ: «Мен “жоқ” деп айта алдым ба – және сол үшін өзімді кінәламай, керісінше, риза болдым ба?» Бұл маған бір нәрсені еске салды: кейде мықты болу да маңызды, бірақ сол сияқты өзіңе әлсіз болуға да рұқсат беру – сондай қажет екен.
«АлЭС» Әйелдер клубы – бұл жай ғана шара емес. Бұл – бетпердені шешіп, шынайы болуға болатын кеңістік. Мұнда әйел – лауазым не қызмет емес, ең алдымен өзінің қайталанбас өмір жолы, арманы, терең сезімі және даму құқығы бар – Адам. Дәл осы жерде, яғни сенім мен шынайылық шеңберінде, адамды қуаттандыратын, дем беретін және алға жетелейтін күш, жылу мен энергия дүниеге келеді.
Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/shorts/7juEiimZvVQ