Команда энергиясы және кәсіподақ қозғалысының дәстүрлері
2025 жылғы қыркүйек айының соңында «Arman Dala» балалар сауықтыру лагерінде «АлЭС» АҚ және «АЖК» АҚ қызметкерлері Дүниежүзілік еңбек күні мен Қазақстан кәсіподақ қозғалысының алдағы 120 жылдығын атап өту үшін жиналды. Мерекелік тимбилдинг бір кәсіп, бір сала, бір команда адамдарының бірігуінің жарқын мысалы болды.

Іс-шараға АлЭС-тің 95 жұмыскері және АЖК-ның 100 өкілі қатысты – әріптестерді энергетика ғана емес, сонымен қатар ортақ құндылықтар: еңбекті құрметтеу, командалық рух, өзара қолдау және дамуға ұмтылу байланыстырады.
Бағдарламаға әріптестер арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсіністік пен сенімді дамытуға бағытталған спорттық және интеллектуалды командалық тапсырмалар, интерактивті ойындар мен шығармашылық байқаулар кірді. Жұмыскерлер екінші жыл қатарынан табиғатта демалу форматын таңдады – бұл кездейсоқ емес. Ауа, кеңістік, таулар мен ормандардың таза энергиясы ерекше еркіндік пен тыныштық атмосферасын қалыптастырады.
Күн күлкіге, құмарлыққа және жарқын эмоцияларға толы болды. Командалық ойындар мен тапсырмалар барлығына ашылуға, көшбасшылық танытуға, бірге әрекет етуді үйренуге, бір-бірін қолдауға көмектесті.
– Тимбилдинг өте жақсы өтті! Атмосфера достық және жеңіл болды, тапсырмалар әріптестермен жақынырақ танысуға және командада жұмыс істеуді үйренуге көмектесті. Ұйымдастырушыларға жағымды және қызықты тәжірибе үшін рахмет, – деп бөлісті 2-ЖЭО БОЖҚ машинисі Рашид Дәрменов.

«Таудағы тимбилдинг тамаша болып шықты! Табиғат таң қалдырды, ауа басқаша, еркіндік пен жеңілдік бірден сезіледі. Біз бір-бірімізді қолдауды үйренетін көптеген қызықты ойындар болды. Әсіресе, бәрі жақындасып, ресмиліліксіз қарым-қатынас ұнады», – деп сөзін жалғастырды «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЖЭО энергия жабдықтарын жөндеу цехы бастығының орынбасары, Тамерлан Ахметжан.
10 қазанда Қазақстан кәсіподақтар күнін атап өтеді – биыл ол 120 жасқа толады. Энергетиктер үшін бұл жай ғана күн емес – бұл сабақтастықтың, жұмыскерлердің құқықтарын қорғаудың, корпоративтік дәстүрлерді сақтаудың және қауіпсіз еңбек идеяларын ілгерілетудің символы болып табылады.
– Салауатты, белсенді өмір салты біздің ұжым үшін үлгі болуға тиіс», – деп есептейді АлЭС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы, Айсұлу Иржанова. – Ұйымдастырушыларға керемет көңіл-күй мен көптеген жағымды эмоциялар үшін алғыс айтамын!
Мереке жай ғана табиғатқа шығу емес – бұл мағынаға толы күн болды: командалық рухты нығайту, салауатты өмір салты, қауіпсіз еңбек және кәсіподақ қозғалысы идеяларын насихаттау.
Мұндай кездесулер барлығымызға ұжымның күші бірлікте екенін еске салуға көмектеседі. Барлық қатысушыларда ең жылы естеліктер, жаңа идеялар, шабыттану мен бірлігі жарасқан энергетиктерден құралған отбасы үшін мақтаныш сезімі қалғанына сенімдіміз.