Кәсіби маманмен 160 сағат
«АлЭС» АҚ-да жас турбиншылар мен қазаншыларды қос тарапты оқыту курсы аяқталды. Студенттердің екі тобы «АлЭС» АҚ-да өндірістік тәжірибеден өтті.
Компанияда қос тарапты оқыту жобасы шеңберінде екі оқу курсы өткізіледі – «Турбиналық жабдық бойынша машинист-шолушы» мамандығы бойынша жұмысшыларды дайындау» және «Қазандық жабдығы бойынша машинист-шолушы» мамандығы бойынша персоналды оқыту». Әр курсқа 160 сағат бөлінді. Жалпы 22 болашақ энергетиктер мен АҚ жас мамандары оқудан өтті. Олардың көпшілігі компанияның ауысымына келетін жас буын.
Естеріңізге сала кетейік, көктемде «АлЭС» компаниясы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен және басқа да бейінді оқу орындарымен ұлттық инженерлік-техникалық кадрларды дайындауды дамытуға, білім, ғылым мен бизнестің интеграциясын дамытуға өзара жәрдемдесу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Осы серіктестік аясында қос тарапты оқыту да қарастырылған.Неміс дуальды білім беру жүйесі бойынша мамандар дайындауды белсенді түрде енгізе бастаған алғашқы жоғары оқу орындарының бірі – «Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ. 2018 жылдан бастап Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО және «АлЭС» АҚ қызметкерлерді дайындау бөлімінде 166 студент өндірістік тәжірибеден өтті.
Цехтарда оқыту нақты уақыт режимінде ғана емес, сонымен қатар нақты проблемаларды шешу режимінде, оның ішінде келе жатқан жылыту маусымына дайындық аясында жөндеу жұмыстарымен байланысты болды. Бұл тағылымдама болғанымен, бүкіл оқу үрдісі мен барлық әрекеттер «көзбояушылық» емес, қазіргі міндеттерге байланысты болды.
Мысалы, қазандық жабдықтары бойынша машинист-шолушыларға арналған курсқа өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері; қазандарды пайдалану режимдері мен жұмыс көрсеткіштері; бөлшектерден өлшемдерді алу және өлшемдерді эскизге салу; бу және су жылыту қазандарының қосалқы жабдықтарының схемаларын оқу сияқты тақырыптар енгізілді.
Бірнеше сабақтар материалтану пәніне арналды, сабақтардың үлкен бөлімі «Суды дайындау және су-химиялық режим» тақырыбына бөлінді. Тәжірибеден өтушілер сумен жабдықтаудың кері жүйесіндегі электр станцияның салқындатқыш құрылғыларын зерттеді: салқындатқыш тоғандар, шашыратқыш бассейндер және салқындатқыш мұнаралар; шашыратқыш бассейндер мен салқындатқыш мұнаралардағы суды тазалау және толықтыру; конденсатор – салқындатқыш мұнарасы немесе шашыратқыш бассейні немесе тоғандар цикліндегі судың жұмысы.
Олар оттегі коррозиясымен күресу әдістерін, термиялық, вакуумдық және басқа деаэрация әдістерін зерттеді. Бағдарламаға «Электр техника негіздері» блогы енгізілді, сондай-ақ күн тәртібінде отын түрлерінің жіктелуі, қазандық агрегаттарының жіктелуі және басқа да көптеген тар кәсіби тақырыптар болды. Студенттер еңбек қауіпсіздігі мәселелерімен қоса барлық өндірістік процестен өтіп, емтихандарды сәтті тапсырды.
Алматы энергетика және байланыс университетінің «Жылу энергетикасы» кафедрасының 3 курс студенті Алтынбек Досжан Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қазандық цехында тәжірибеден өтті. Станцияда ол бірінші рет болды және цехтың да, қазандардың да өзіне үлкен әсер еткенін мойындады.
– Қазан өте үлкен екен, бұл маған зор әсер қалдырды. Біз көптеген цехтарды көрдік, барлық жер тап-таза, – деп Алтынбек өз әсерімен бөлісті. – Мұнда өте жақсы адамдар жұмыс істейді. Бізге қазандық цехының машинисі – Жанат-аға жетекшілік етті, өте позитивті адам. Ол бәрін айтып, көрсетті, түсіндірді. Мен университетті бітіргеннен кейін 1-ЖЭО-да жұмыс істегім келеді, осында оқып, практикалық тәжірибе жинағым келеді.
1-ЖЭО қазандық цехында Алматы энергетика және байланыс университетінің студенті Алмас Мұқас та қос тарапты оқытудан өтті.
– Университетте бізге теориялық бөлімді үйретті: қазандық дегеніміз не, диірмен дегеніміз не? Енді біз оларды өз көзімізбен көрдік, қай құрылғы және қалай жұмыс істейтінін барлығын бізге түсіндірді, – дейді Алмас. – Мені бүкіл процесс, жабдықтың функциялары, оның әлеуеті қызықтырады. Қазір станцияда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, бірақ бәрібір оны өз көзіңмен көру керемет.
Алмастың ағасы да – энергетик, бірақ әкесі АлЭС-те тәжірибеден өтуге кеңес берген. Ал цехты өзі таңдады, турбиналық цехқа да баруға болатынын айтады, бірақ ол қазандық цехында жұмыс істеуге қызығушылық танытты.
– Ең қызығы, біз қазан барабанына көтерілгенде болды, оның көлемінің жартысы бу, жартысы су болатын. Жұмыс процесінің өзі өте қызықты болды, мен бәрінің қалай дәл бақыланатынын байқадым. Станция өте қызықты, бірақ ЖОО-ны бітіргеннен кейін мен Отаныма – Атырауға ораламын. Ол жақта да ЖЭО бар, оған да мамандар керек. Университетті бітіргеннен кейін мен сол жерде жұмыс істегім келеді!
Турбинашылар үшін де курс қиын болды. Оқу өзекті тақырыптан басталды – төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, ТЖ кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті. Тәжірибеден өтушілер сонымен қатар жылу электр станциясының технологиялық циклін зерттеді, сызбалармен схемаларды оқып, өздері сызбалар мен эскиздер жасады. Олар электр техника негіздерін іс жүзінде оқыды, электр қозғалтқыштарындағы негізгі ақаулар қандай екенін есіне алды, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысымен және технологиялық процестерді автоматты реттеу схемаларымен танысты.
Курсқа сумен жабдықтау және су дайындау, материалтану, термодинамика, турбинаны ңауыспалы режимдердегі жұмысы мәселелері енгізілді. Тәжірибеден өтушілер қорғаныс блоктау құрылғылары мен дабылдарды қосуды, сорғыны, электр қозғалтқышын тоқтатуды және өшіруді үйренді. Бұл курста уақыттың бір бөлігі өндірісте қауіпсіз жұмыс істеу мәселелеріне арналды. Бірақ энергетиканың бұл бағытын көптеген қыздар таңдағаны назар аударарлық екен.
«Біз станцияға келгенде, сіздерде шынында да қыздар оқима ма? – деп сұрағанын, ЖОО-ның «Энергоаудит және энергоменеджмент» мамандығы бойынша үшінші курс студенті Жанель Мухитдинова күле айтып берді. – Тіпті аздап ренжідік: өйткені біз де жақсы жұмыс істей аламыз! Бізде қазандықты немесе турбина цехын таңдау мүмкіндігі болды. Мен турбинаны таңдадым. Менің ойымша, бұл қызықты. Мен шынайы өмірде бәрін өз көзіммен көргім келді. Мен мұнда өте үлкен турбиналарды көремін деп күттім, бірақ олар онша үлкен болмай шықты. Мен мұнда тек ер адамдар жұмыс істейді деп ойладым, бірақ станцияда турбина цехында әйелдерде жұмыс істейді екен. Бәрінен мені станцияның үлкен жасыл аумағы таң қалдырды …».
«АлЭС» АҚ-дағы тәжірибені және оның өндірістік объектілерін жайластыруды бағалауда Алматы энергетика және байланыс университетінде Энергия аудиті мен энергия менеджментін оқитын үшінші курс студенті Назым Бисахан да келіседі.
– 3 курста біз турбиналарды егжей-тегжейлі зерттедік. Бізде жақсы оқытушы болды, ол турбиналар туралы қызықты әңгімелейтін. Сондықтан мен олардың жұмысын өз көзіммен көргімкелді. Қазір станцияда жөндеу компаниясы өтуде, сондықтан орнату кезінде біз жабдықтың барлық бөлшектерін көре алдық. Мен турбинаның ПӘК-і неге жоғары емес деп ойлайтынмын, бірақ турбинаның күрделі құрылымын көріп, бәрін түсіндім. Мен сондай-ақ жылу мен электрэнергиясын өндіру оңай емес екенін түсіндім. Бұл күрделі процесс екен, бірақ өте қызықты. Мұнда бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп, тыңғылы ұты көрсете білген оқытушы жолығып біздің жолымыз болды. Станцияның көмекке дайын тұратын қызметкерлері де өте ұнады.
Қыздардың электр энергетикасының түрлі мамандықтарын белсенді игеруі қазіргі заманғы трендке айналды. Алматы энергетика және байланыс университетінің «Жылу энергетикасы» кафедрасының 3 курс студенті Еділ Бердиев оқитын топта 12 адамның бесеуі қыз.
Ол мұны сабырлы түрде қабылдайды, бірақ әдемі курстастарын ренжітпей, өндірістегі ерлер мен әйелдердің жұмысы әлі де ерекшелетінін, өйткені ерлер жұмысы көп күш талап ететінін атап өтті. Мысалы, барлық ысырмаларды ашу/жабу үшін, қазандыққа көтерілу/түсу үшін үлкен күш қажет. Сондай-ақ, ғимарат ішіндегі жоғары температураға қыздар әркез шыдайбермейді, – деп ойлайды – Бірақ өндірісте әйелдер ұжымында жұмыс істеуде еш проблемалар көрмейді. Ол әлі нақты жұмыс орны туралы шешім қабылдамағанымен, «АлЭС» АҚ-да жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Курстың соңында барлық тәжірибеден өтушілер емтихан тапсырды. Ал, энергетиктер жақын арада бірге жұмыс істеуге тура келетін және кез-келген жағдайда олардың біліміне, тәжірибесіне, алғырлығына, ұжымдық жұмысқа қабілеттілігіне сүйенуге болатын адамдарға назар аударды.