Кадрлық резерв: энергетиканың болашағына стратегиялық қадам жасау
Артқа
03.01.2024

Кадрлық резерв: энергетиканың болашағына стратегиялық қадам жасау

2023 жылғы 25 желтоқсанда «АлЭС» АҚ кадр резервінің Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті. Тұрақты жүргізілетін диалог – бұл 2014 жылдан бері келе жатқан дәстүр. Сонымен қатар идеялармен, тәжірибелермен және стратегиялық көзқарастармен бөлісудің маңызды сәті.

Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін кадрлық резервті қалыптастырудың маңыздылығы зор. Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанованың есебіне сәйкес, стратегиялық кадр резервіне кірген жұмыскерлердің саны 111 адамды құрайды. Соңғы екі жылда жұмыскерлердің 26,1%-ы мансап бойынша көтерілді, бұл кадр резервінің әлеуеті мен сапасын көрсетеді.

Руслан Тургамбаев, Директорлар кеңесінің төрағасы А. Жақұтов ат. 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Ш.Шөкин ат. Қапшағай ГЭС, Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО, Каскад ГЭС кіретін «АлЭС» АҚ-ның алдағы он жылдағы дамуы жөніндегі перспективалық жоспарлары туралы айтты.

– Біз үшін бұл кездесу тек өз жетістіктерімізді таныстыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар компания жұмысының маңызды аспектілерін талқылау мүмкіндігі болып табылады. Мысалы, қызметкерлердің жалақы деңгейіне қанағаттанбауы туралы айтуға болады, – деп атап өтті Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО Кадрларды даярлау жөніндегі инженер Ақерке Иембергенова. Оның сөздері кәсіби өсуі, жобаларға қатысуы және оқуы туралы ақпарат берген резервшілердің жалпы пікірін көрсетеді.

А.Жақұтов ат. 2-ЖЭО Жөндеу қызметінің бастығы Иген Әбдімомын өндірістегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға, ұзақ сатып алу рәсімдеріне қанағаттанбау туралы айтып өтті. Кездесуде проблемалық мәселелер: өндірістік және коммерциялық басқармалар арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара түсіністіктің әлсіздігі, компанияда тұрғын үй саясатының болмауы, жөндеу науқанының қиындықтары туралы тілге тиек етілді.

Резервшілер электр цехтары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды тұрақты негізде ұйымдастыруды, қызметкерлерді даярлауға тәлімгерлерді тартуды, мемлекеттік тілде іс жүргізу курстарын жалғастыруды ұсынды.

Қызметтер бөлімінің бас Мамраева Бикенсулу мұндай кездесулер баға жетпес тәжірибе, өз ойлары мен көзқарастарын білдіруге, кері байланыс пен жаңа жетістіктерге шабыт алуға мүмкіндік береді деп санайтынын жеткізді.

Кездесу ашық пікір алмасу алаңына айналды, кадр резервінің мүшелері компаниядағы өз рөлінің маңыздылығын растады, басшылықтың қолдауына және оларды одан әрі дамытуға мүдделілігіне көз жеткізді.