Ізгілікпен жақындасқан жүректер: АлЭС жұмыскерлері Наурызнама күндері жылулықты қалай сыйлады
Артқа
14.03.2025

Ізгілікпен жақындасқан жүректер: АлЭС жұмыскерлері Наурызнама күндері жылулықты қалай сыйлады

Алматы көктемі күннің алғашқы шуақты сәулесінен ғана емес, «АлЭС» АҚ тарапынан іске қосылған мейірімділік толқынынан да бастау алды десе де болады. Компания Наурызнама онкүндігі аясында қалаға, балалар мен еңбек ардагерлеріне деген қамқорлығын ұштастыра отырып, нағыз ізгілік марафонын өткізді. Көше тазалаушыларға тәтті тағамдар таратудан бастап, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жылы жүздесуге дейін – бұл марафон бойынша жасалған әр қадам «Ізгілік әлемді өзгертеді» деген сөзді шын мәнінде еске салғандай болды.

«Наурыз мейірімі»: қалаға тазалық сыйлайтындарға рахмет

Акция еңбегі еленбей, көбінесе көлеңкеде қалып қоятындарға алғыс білдіруден басталды. «АлЭС» АҚ еріктілері коммуналдық қызмет жұмыскерлеріне су, тауық және құрма қосылған круассан сыйлау үшін көшеге шықты. Бұл көпшілік үшін күтпеген, бірақ жанға жылу сыйлайтын, көңіл толқытарлық іс болды.

Жұмыстар және қызметтер бөлімінің бас маманы Бикенсұлу Мамраева өз ойымен былайша бөлісті:

– Ризашылықпен қараған әрбір көзқарастың өзінен біздің қолдауымыздың олар үшін қаншалықты маңызды екенін сезіндім. Бұл адамдар қаламыздың жарқырап тұруы үшін ауа-райының кез келген жағдайында еңбек етіп келеді. Тіпті кішкене ғана көңіл бөлудің өзі олардың жүрегіне жылулық сыйлауы мүмкін ғой.

Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бас маманы Айзада Тілеухан: «Рамазан күндері жылулықпен бөлісу ерекше маңызды нәрсе. Бұл адамдардың күлімсіреп қарағанының өзі біз үшін ең үлкен марапат болып табылады. Осындай сәттер мейірімділіктің баршаға түсінікті тіл екенін еске салады».

Ал Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО электр-техникалық зертханасының инженері Әділ Әбілдаев:

– Біз қымсына қараудан бастап қуануға дейінгі жанды эмоциялардың куәсі болдық. Бұл тіпті қарапайым «рахмет» деп айтудың өзі біреудің болмысын өзгерте алады деген сенімге шабыттандырады екен.

Ғажайыпты күтетіндерге арналған мереке: қызғалдақтар, пицца және үміт

Марафонның келесі аялдамасы Алматы облыстық №1 балалар үйі болды. Мұндағы 15 қыз бала көктемді сыйлыққа берілген футбол жейдешелерімен, лосиналармен ғана емес, сонымен қатар қызғалдақ шоқтарымен, пиццамен, тортпен және шырындармен де қарсы алды.

Каскад ГЭС-інің аға инспекторы Санжар Саин: «Біз 8 наурыз олар үшін өздерін ерекше сезінетін күн болғанын қаладық. Олардың жарқырап тұрған көздері біз үшін ең жақсы алғыс айту болып табылғандай. Балалар біздің есімізге бақыттың қарапайым ғана: көңіл бөлу, қамқорлық, бірге отырып шай ішу сияқты нәрселерде екенін салды».

БЖК электр станциясының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электр монтері Диас Жиенқұлов сезімдерін жасырмады:

– Марафонға қатыса отырып түйген ойым: олар бізге бізден де көп нәрсе береді екен. Олардың шынайылығы – әр сәтті бағалаудың маңызды екенін көрсететін сабақ. Енді мен осындай акцияларға жиі қатысатыныма сенімдімін.

Бұл күні балалар үйінде ашық-жарқын күлкі естіліп, жақсылық қонақтар кеткеннен кейін де аяқталмайды деген үміт сезімі қалықтап тұр еді.

Рахмет, ардагерлер: сіздердің даналықтарыңыз – біздің іргетасымыз

Марафон «АлЭС» АҚ жұмысы үшін жылдар бойы еңбек еткен адамдарға арналған жылы ишаратпен аяқталды. Өндірістік департаменттердің тоғыз зейнет-керіне азық-түлік дүкендерінің сертификаттары табысталды. Бұл жай ғана сыйлық емес – олардың еңбегі, тәжірибесі мен Компанияға деген адалдығы үшін алғыс білдірудің символы еді.

«Біздің ардагерлеріміз – кәсіпорынның тірі тарихы. Олардың білімі мен даналығы бүгінгі табысымыздың іргетасы болып табылады», – деген баға берілді Компания кәсіподағында.

Мейірімділік дәстүр ретінде

«АлЭС» АҚ ізгілік марафоны корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің есептерде емес, шынайы эмоцияларда екенін көрсетті. Инженерлер, электр монтерлері мен мамандар жоспарды жай ғана орындап қана қоймай, еріктілерге айнала отырып байланыстарға да бастама бере білді. Бұл – ұрпақтар арасындағы, яғни қалаға қуат сыйлаушылар мен жүрекке жылу сыйлаушылар арасындағы байланыстар.

«Мұндай бастамалар – біздің мәдениетіміздің бір бөлігі, – деп атап көрсетеді Компанияда. – Наурыз – бұл тек көктем мерекесі ғана емес, бірлесу уақыты. Біз мейірімділіктің энергия сияқты одан әрі өз жалғасын табуы үшін осы дәстүрді жалғастыра беретін боламыз».

Ал әзірге «АлЭС» АҚ қызметкерлері жаңа акцияларды жоспарлау үстінде. Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Мейірімді жүрек – өмірдегі ең сенімді тірек». Көпшілік қолдаған кезде бұл тірек нығая түседі.