ІСКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

ІСКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Кезекті қоғамдық тыңдауларда «Алматы электр станциялары» АҚ басшылығы компанияның 2013 жылғы инвестициялық міндеттемелерінің орындалуы туралы айтып берді
Естеріңізге сала кетейік, «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) – Алматыда және оған іргелес өңірде электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі энергия өндіруші ұйым. Компанияның құрамына кіретін энергия көздері кеңес заманында салынған, моральдық тұрғыдан ескірген және одан әрі жұмыс істеу үшін оларды жаңғырту және қайта құру қажет.
«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимовтың айтуынша, инвестициялық міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражаттың көп бөлігі өндіріс көлемін ұлғайтуға және деңгейін ұстап тұруға бағытталған. Сондай-ақ күл үйінділерін салуға, табиғатты қорғау іс-шараларына және өндіріс шығындарын азайтуға.
Жоспарланған жөндеулердің бір бөлігі мерзімінен бұрын орындалды, бұл компанияға 2010 жылдан 2013 жылға дейін қуаттылықты арттыруға және апаттылықты 1,5 есе азайтуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Басқарма төрағасының ақпараты бойынша Қапшағай ГЭС төменгі бьефіндегі арнаны тазарту жалғасуда. Бұл жұмысты кейіннен орындау электр энергиясын өндіру қуатын 2,5 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді.
ГЭС Каскадында физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты ауыстыру электр қуатының артуына және энергия өндірісінің өсуіне әкеледі.
ЖЭО-1,2-де су қабылдағыштардың құрылысы жалғасуда. Бұл шаралар қазандықтарда қолданылатын су шығындарын азайту үшін қажет. Белгіленген мақсаттарды орындау жылына 72,2 млн. теңге мөлшерінде су сатып алуға қаражат үнемдеуге әкеп соғады.
Өндірістің ағымдағы деңгейін ұстап тұру үшін негізгі қорларды жаңартуға роликті диірменді ЖЭО-1-ге ауыстыру да жатады. 2,3 ЖЭО-да күл үйінділерінің құрылысы жалғасуда.
Компания басшылығы экология мәселелеріне ерекше назар аударады. Осы мақсатта 2,3-ЖЭО-да қазандық агрегаттарының жану құрылғыларын жаңғырту жүзеге асырылуда. Осы іс-шараларды іске асыру атмосфераға азот тотығы шығарындыларының санын жылына 7,2 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Энергия көздері аса маңызды мемлекеттік объектілерге жататындықтан, олардың техникалық нығаюын және күзет және дабыл сигнализациясы құралдарымен жарақтандырылуын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Нұрлан Мұхамед-Рахимовтың айтуынша, бүгінде жүргізілген жұмыстардың әсері электр энергиясын өндіруді 50 мың кВтсағ-қа арттыруға мүмкіндік берді. Энергия көздерінің қоршаған ортаға қолайсыз әсері және тұтастай алғанда технологиялық бұзушылықтар саны азайды.
Сөз соңында басқарма төрағасы қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Ирина ТУЛИНОВА