Іс жүзіндегі жас ғылым: «АлЭС» АҚ мамандары өндірісті, зерттеулер мен инновацияларды қалай біріктіретіндігі туралы
Артқа
11.04.2025

Іс жүзіндегі жас ғылым: «АлЭС» АҚ мамандары өндірісті, зерттеулер мен инновацияларды қалай біріктіретіндігі туралы

«АлЭС» АҚ-да: энергетиканың болашағы – бұл тәжірибені ғылыммен байланыстыра алатындарға тиесілі екендігіне сенімді. Мұндағы жас мамандар өндірісте жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар ертеңгі күннің технологиясын жасап, тәжірибе мен батыл идеялар тоғысқан жерінде нағыз серпіліс туатындығын дәлелдеуде. Ғылыми қызметкер күні – бұл бүгінде неше түрлі саланы өзгерткендердің тарихы.

Бексұлтан Құрманғалиев: электр монтерінен бас менеджерге дейін

Үздік түлек, магистр, ал қазір Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің докторанты – Бексұлтан өз мансабын 2021 жылы А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-сында электр монтері лауазымынан бастаған. Небәрі үш жыл ішінде, ол компанияның Бас кеңсесіндегі Пайдалану қызметінің бас менеджеріне дейін өсті.

Бірақ оның басты құштарлығы – ол ғылым. 2024 жылы оның екі мақаласы Халықаралық журналдарда жарық көрді. Қазір ол бейтараптығы жоғары 6-35 кВ желілер үшін тәжірибелік стенд әзірлеуде және бұл қазіргі уақытта оның докторлық диссертациясының бір бөлігі.

«Оқу – бұл менің әуесқойлығым, – деп күледі Бексұлтан. – Энергетика бір орында тұрмайды және біз одан артта қалмауымыз керек».

 

Темірова Гаухар: жетістіктің химиясы

Гаухар, Қызметкерлерді дайындау бөлімінің жетекші маманы, ол магистратураны жұмыспен қатар алып жүруде. Оның зерттеулері: ЖЭО-ны жаңғыртуға, яғни оның түтін газдарын ұстауынан бастап, энергияны үнемдейтін материалдарына дейін арналған.

Гаухардың «Түтін газдарын гипстеу туралы» ғылыми мақаласы 1 млн теңге грант алып, Daukeyev Reading-те бірінші орынды иеленді. Бұл қаражатты ол жаңа ғылыми тәжірибелерге жұмсады. Ал, 2024 жылы Гаухар өз әріптестерімен бірге Челябинскідегі Saint-Gobain зауытында тағылымдамадан өтуге жолдама ұтып алып, жылу оқшаулау бойынша инновацияларға зерттеулер жүргізді.

«Бізге экологиялық стандарттардың өндіріске қалай енгізілетіндігін көрсетті. Бұл жай ғана білім емес, бұл болашақ жобалардың көзі», – деп бөлісті ол.

Әлішер Телтай: сутегі, математика және жұмыс

Әлішер, 1-ЖЭО қазандық цехының шебері, ол 2025 жылы сутегі отыны бар ЖЭС схемасы бойынша магистрлік диссертациясын қорғады. Оның жылу алмастырғыштар мен жаңартылатын энергетика туралы мақалалары – бұл көміртексіздендіруге жасалған алғашқы қадамы.

2023 жылы оның командасы «Росатомнан» «ХакАтом» турнирінде 4-орынды иеленді, ал оның Saint-Gobain зауытына сапары оны компанияның стандартты емес тәсілдерін қолданатындығымен таң қалдырды:

«Онда апаттардың себептерін талдайтын сынған бөлшектер мұражайы бар. Бұл өте керемет! Қателіктерден сабақ алу арқылы, біз оларды қайталамауға тырысамыз», – дейді Алишер.

Үздік команда: ғылым – ұжымдық шығармашылық ретінде

Бірлескен жобалар – ол «АлЭС» АҚ-ның ерекше мақтанышы. Гаухар, Әлішер және Мұхамед Куан (БЖК қазандықтарының машинисі) жылу оқшаулаудың өзі экологияның құралына айналуы мүмкін екендігін дәлелдеді. Олардың көміртексіздендірудегі оқшаулаудың рөлі туралы мақаласы байқауда жеңіске жетіп, Челябинскідегі зауытқа жол ашты.

«Біз материалдарды сынақтан өткізіп, өндірісті зерттедік. Енді біз өзіміздің ЖЭО-лардағы шығарындыларды қалай азайту керектігін білеміз», – деп атап өтті Мұхамед.

Өсуге арналған жер: компания тәжірибелі ғалымдарды қалай өсіреді

«АлЭС» АҚ басшылығы да жастардан үлкен үміт артуда:

– қос тарапты оқыту жүйесі – студенттер ЖЭО-да 3-курстан бастап жұмыс істей береді. Айтпақшы, Темірова Гаухар мен Телтай Әлішер кезінде 3-курста оқып жүргенде, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да тәжірибеден өткен болатын;

– конкурстардағы жеңістер – алдыңғы қатарда тұрған кәсіпорындарға сапарлармен көтермеленеді және оларға компания басшылығы атынан қолдау көрсетіледі;
– икемді кесте – жұмысты магистратурамен және докторантурамен қатар алып жүруге болады.

Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор Ернар Сандыбаев: «Біз теорияның тәжірибемен кездесетін ортасын жасаймыз, онда компанияның жас мамандарының тәжірибемен бекітілген білімге деген сүйіспеншілігі – энергетикалық аспанда жаңа жұлдыздарды жағуға қабілетті екендігін растайды» – деп атап өтті.

«АлЭС» АҚ-дағы Ғылым қызметкерлерінің күні – бұл күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл ғылымның күн сайын шындықты өзгертудің құралы екендігін дәлелдейтіндердің мерекесі.