ИНВЕСТИЦИЯДАҒЫ ПАЙДА

ИНВЕСТИЦИЯДАҒЫ ПАЙДА

23 сәуірде Алматыда «Алматы энергетикалық станциялары» АҚ компаниясының жария тыңдауы өтті

«Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес «Алматы энергетикалық станциялары» АҚ (АлЭС АҚ) 2012 жылғы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігімен инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің орындалуы туралы есептің жария тыңдауларын өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов қатысушыларға инвестициялық бағдарламаның орындалуы, тұтынушылармен жұмыс және одан әрі қызметтің болашағы туралы баяндады. Тарифтерді көтеруден түскен қаражат толығымен энергетикалық жабдықты жаңғыртуға, өндіріс деңгейін ұстап тұруға, табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалды. Осының барлығы электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға, агрегаттардың авариялық тоқтау санын азайтуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта ЖЭО-да су қабылдағыштардың құрылысы жүргізілуде, бұл сумен жабдықтау қызметтеріне шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. 1-ЖЭО-ны газға көшіру, Қапшағай ГЭС-на төменгі бьеф арнасын тазарту және т.б. жұмыстар жалғасуда.
Ағымдағы жылы Нұрлан Мұхаммед-Рахимовтың ақпараты бойынша жоспарланған іс-шаралар өндіріс көлемін ұлғайтуға, шығындарды азайтуға бағытталған. Сондай-ақ күл үйінділерінің құрылысы және басқа да табиғатты қорғау іс-шаралары жалғасады.
Басқарма төрағасының есебінен кейін көпшілік тыңдауларға қатысқан сарапшылар мен тұтынушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайту, Үлкен Алматы өзендерінің орташа жылдық ағынына және немесе тағы басқаларға байланысты электр станциялары бойынша өндірісті қайта бөлу мүмкіндігі туралы сөз болды.
Жалпы, пікірталас сындарлы болды. Қоғамдық тыңдауды аяқтай отырып, Нұрлан Мұхамед-Рахимов қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтып, барлық ескертулер мен ұсынымдар ескерілетінін хабарлады.

Ирина ТУЛИНОВА