Гурмандарға арналған buffet
Артқа
04.03.2024

Гурмандарға арналған buffet

Театр мен… өндірісті не біріктіреді? Оның жауабы қарапайым: buffet француз сөзі немесе қарапайым түрде айтсақ буфет. Қазіргі кезде буфеттер халыққа таңсық. Күнделікті өмірде асхана, кафел, мейрамхана, кофехана… дегенді көп естігенмен, буфет атауын сирек кездестіреміз.

Сонымен қатар, осы «тамақтану» нүктелерінің әрқайсысының өз функциялары, форматтары, мәзірлері бар. Буфетте тамақтану өте ыңғайлы, себебі сіз мұнда тез және дәмді тамақтана отырып, бір-біріңізбен әңгімелесе аласыз. Мысалы, А.Жақұтов ат. ЖЭО-2-дегі жаңартылған буфетті алып қарасақ болады.

Вахтамен тәулік бойы жұмыс істейтін өндірістегі станция қызметкерлері үшін бұл жылдам, дәмді, әртүрлі тағамдарды татып көрудің ең ыңғайлы түрі. Мұнда бір күнде 300-ге дейін қызметкер тамақтанады.

– Біздің наубайшылар картоп, қырыққабат, ливер, жұмыртқа мен пияз қосып пісірілген және қуырылған бәліштерді, самсаның төрт түрін дайындайды. Ет пен асқабақ қосылған самсаның дәмі тіл үйіреді, сондай-ақ бізде сүзбе қосылған тәтті нандар да бар, – деп атап өтті станцияның кадрлар бөлімінің бастығы Жадыра Солтанова.

Бұл тағамның барлығы станцияның асханасында дайындалады, содан кейін буфетке әкелінеді. Буфет сатушылары энергетиктерге ұнайтын өнімдерді және олардың сұраныстарын ескере отырып, тағамдарды әкелуге тырысады.

Тарихшылар аспаздық «buffet» ұғымы жоғары талғамдылықты білдіреді деп жазады. Сондықтан буфетте ұсынылатын тағамдар тойымды және көз тартарлықтай болуы тиіс. Тіпті гурмандық немесе деликатес десек те қателеспейміз. Сондықтан 2-ЖЭО буфетіне аспаздық деликатестер де әкелінеді. Бір кесе шай немесе кофе ішіп, буфетке келушілер тамақ ішіп, әріптестерімен әңгіме тарқатып, демала алады.

«Энергожөндеу» ӨЖК турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі учаске бастығы Владимир Регер самсаға жеуге жиі келеді. Ол түскі асты өз үйінен әкелгенмен, буфеттегі самсаның ерекше тіл үйірер дәмінен де құр қалмайды. Қазандық шеберханасының шебері Ергенбай Қанатқұл да самсадан ауыз тиюге жиі бас сұғады. Ол ірімшік қосылған самсаны сүйіп жейді. Жабдықтарды жөндеу шеберханасының шебері Марал Суанбеков буфеттегі өнімдер мен қызмет көрсету сапасын жоғары бағалайды. Ол мұнда үнемі ет пен түрлі көкөністер қосылған бәліштер сатып алады және уақытың болмаса, буфеттен тағамдар сатып алудың мүмкіндігін алға тартады. Түскі асты да осында ішсеңіз болады.

Тамақтану мен әңгімелесудің жұмысшылар үшін маңыздылығын ескеріп, өткен жылы буфет жаңартылды: мұнда терезелер ауыстырылып, жайдың іші жаңартылып, көңіл-күй сыйларлық атмосфера орын алды.

– Бұл жақсы жағдай орнату қызметкерлер үшін өте маңызды, – дейді 2-ЖЭО кәсіподақ төрағасы Гуля Жақаева. – Біз ұжым үшін сауатты және қауіпсіз ұйымдастырылған тамақтану орындарының бар екендігіне қуанамыз және маңыздылығын жақсы түсінеміз. Өндірісте мұндай жағдайдың жасалып жатқандығы көңіл қуантады.

Буфеттегі тағы бір ерекшелік – ауысымдағы әр қызметкерге сүт, айран немесе қаймақ беру. Бұл норма жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін берудің елдегі қолданыстағы қағидаларында көзделген.

Энергетиктер буфетке тек дәмді тағамдар үшін ғана емес, сонымен қатар әңгімелесуге де барады. Сабырлы, мейірімді, жанашыр және әрқашан жүзінен күлкі кетпейтін буфетші Айнұр Кирбасова буфетте өткізген 10-15 минуттың өзі жақсы көңіл-күйді сыйлайтынын және энергетиктердің күні бойы жұмыс қабілеттілігінің артуына әкелетіндігін жақсы түсінеді. Сондықтан ол буфетте жағымды көңіл-күй сыйлағысы келеді және энергетиктердің алғыс айтқан сөздеріне марқайып қалады.

Буфет шағын, тіпті сәл ескірген болса да, әр жұмыскер үшін аса қымбат жер …