Еңбек энергиясы: Выборный Николай Анатольевич
2025 жылдың 5 ақпанында Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС ұжымы Электр машина цехының Байланыс және есептеу техникасы тобының 6-разрядты диспетчерлік жабдықтар мен телеавтоматиканың электр монтері Николай Анатольевич Выборныйды еңбек сіңірген демалысына жылы шыраймен және құрметпен шығарып салды. Оның станциядағы еңбек жолы – кәсіпке деген адалдығы мен мінсіз шеберлігінің бейнесі.
Николай Анатольевич өзін жаңа технологияларды енгізуге және жұмыс процестерін жақсартуға ұмтылатын техникалық сауатты маман ретінде көрсетті. «Ол тәулік уақытына қарамастан, кезек күттірмейтін міндеттерге әрқашан түсіністікпен қарап, ең күрделі бөлігін өз мойнына алады. Оған әрқашан жауапты жұмысты сеніп тапсыруға болады», – деп атап өтті Байланыс және есептеу техникасы тобының бас маманы Миллер Анатолий Викторович.
Николай Анатольевич 1962 жылдың 1 ақпанында Целиноград қаласында (қазіргі Астана) дүниеге келген. 1972 жылы оның отбасы Қапшағай қаласына көшіп келді. 1978 жылы мектепті бітіргеннен кейін Алматы энергетика институтына түсіп, оны 1981 жылы бітірді.
Өзінің кәсіби қызметін Қалалық байланыс торабында байланыс монтері болып бастаған соң, ол екі жыл бойы Белоруссияның броньды танк әскерлерінде қызмет етті. 1983 жылдың жазында Қапшағай ГЭС-інде байланыс электр монтері болып жұмысқа орналасты. Мұнда оның тәлімгері ретінде – станция ардагері, аға байланыс инженері Скляров Евгений Георгиевич болды, ол жас маманға баға жетпес тәжірибе мен білім берді.
1991 жылы Николай Анатольевич Қапшағай қазандығына бақылау – өлшеу аспаптары мен автоматика электрмонтері болып жұмысқа ауысты, ал 90-шы жылдардың соңында Қазақтелекомда байланыс монтері болып жұмыс істеді. 2000 жылы ол қайтадан Қапшағай ГЭС-ке оралып, онда зейнетке шыққанға дейін еңбек етіп, ұжымның маңызды бөлігі болып қала берді.
Станциядағы жиырма жылдан астам еңбек өтілі, өз ісіне адалдығы мен жоғары кәсіби қасиеттері Николай Анатольевичті құрметті маман етті. Оның осы жылдар ішінде жинаған тәжірибесі әріптестері үшін баға жетпес болды.
Станция ұжымы Николай Анатольевичке шын жүректен алғыс білдіреді, оған зор денсаулық, амандық және ұзақ жылдар бойы белсенді және бақытты өмір тілейді!