«Энергожөндеу» ӨЖК: Сәкен Сүйінбекұлы Тютебаевты Құрметті демалысқа шығарып салды
С.С. Тютебаев энергетика саласына өмірінің 18 жылын арнады, ал жалпы еңбек өтілі 44 жыл. Оның энергетикадағы еңбек жолы 2006 жылы, «АПК» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК Арматуралық – механикалық цехының шебері лауазымынан басталды. Өзінің кәсібилігі мен көшбасшылық қабілеттерінің арқасында ол мансап сатысымен біртіндеп сенімді көтеріліп, басқарушы директордың орынбасары, кейіннен «АлЭС» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК басқарушы директоры болды. Осы лауазымда Сакен Суинбекович 2015 жылдан бастап 2024 жылдың қазанына дейін қажырлы еңбек атқарды.
Энергетика саласында жұмыс істеген жылдары Тютебаев өзін техникалық сауатты маман және тәжірибелі басшы ретінде танытты. Оның бастамаларының арқасында кәсіпорында жаңа учаскелер мен цехтар құрылды: 1, 2 және 3 ЖЭО-да жылу оқшаулауды жөндейтін үш учаске, жоғары вольтты жабдықты жөндеу цехы, сондай-ақ 2-ЖЭО-да қосалқы қазандық жабдықтарын жөндеу бойынша учаскесі.
Әріптестер Сәкен Суйінбекұлының еңбегін жоғары бағалайды. Онымен 15 жылдан астам жұмыс істеген Металдар және дәнекерлеу қызметінің жетекші инженері Татьяна Власова жұмыскерлермен жұмыс істеудің және ұжымда жылы және жайлы атмосфераны сақтаудың бірегей қабілетін атап өтеді. Ол Сәкен Суйінбекұлының машина жасау біліміне қарамастан энергетикаға қалай тез үйренгенін және әрқашан ең қиын міндеттерді шешуге оң шешім табатынын айтады.
Арматуралық-механикалық цехтың бастығы Аль-Фараби Өтеулов С.С.Тютебаевтың басшылығымен 10 жылдан астам еңбек етті. «Сәкен Сүйінбекұлымен жұмыс істеу өте қолайлы болды, бізде ҚазПТИ машина жасау факультеті инженер-механиктерінің ортақ көзқарасы болды. Барлық мәселелерді шешуде өзара толық түсіністік болды. Сәкен Сүйінбекұлына персоналды іріктеу және жас мамандарды оқыту бойынша кадр мәселелерін шешуге көмектескені және қолдағаны үшін ерекше алғыс», – деп ризашылығын білдіреді Әл-Фараби Утеулов.
Шаймардан Амраев, Логистика бөлімінің бастығы, Сәкен Сүйінбекұлымен жұмыс істеген алғашқы жылдарын еске алып, оның жетілуге деген тұрақты ұмтылысын және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастырудағы асқан шеберлігін атайды. Ол ұжым басшысы ретінде әріптестерінің өзара жайлы, сыйластық ортада жаңа қырынан ашылуға, гитарада ойнап, кәуап пісіріп, кеңінен қуануға қолайлы табиғат ортасына шығуды жиі ұйымдастыратын.
Сәкен Сүйінбекұлы құрметті демалысқа шығуымен отбасына, хоббиіне және сүйікті немерелеріне арнайтын өмірінің жаңа тарауын ашады. Әріптестері мен қарамағында болған барша жұмыскерлер оған мықты денсаулық тілейді, оның кәсіби жетістіктерін ғана емес, сонымен бірге шынайы мейірімділігін, және адамдарды жылы шыраймен жұмылдыра, біріктіре білетін адамгершілікке толы қасиеттерін ұмытпайтынын айтады.