Энергияның егжей-тегжейлілігі: студенттер Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да болды
Артқа
05.06.2025

Энергияның егжей-тегжейлілігі: студенттер Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да болды

5 маусымда Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да «Аманат» партиясында тәжірибеден өтіп жатқан түрлі ЖОО-ның 12 студенті үшін таныстыру экскурсиясы өтті. Бұл бірегей мүмкіндік жастарға қаланың ең көне энергетикалық нысандарының бірінің жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Станцияның ауқымы, оның технологиялық жабдықталуы және өндірістік процестердің үйлесімді жұмысы экскурсияға қатысушыларға қатты әсер етті.

Абай атындағы ҚазҰПУ-ның екінші курс студенті, психология факультетінде оқитын Болатхан Бекзатұлы: «Экскурсия өте қызықты өтті. Үлкен ғимараттан бастап күрделі механизмдердің барлығы біздің барлығымызды таң қалдырып қана қоймай, шабыттандырып та жіберді. Мұнда командалық жұмыстың қаншалықты маңызды екені көрініп тұр. Менің психология пәні бойынша алған білімімді дәл осындай станцияда қолдану қаншалықты қызық болар екен деп ойланым та қалдым».

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқып жүрген, екінші курс студенті Жазира Унайбекова да осындай нысанда алғаш рет болып қайтты: «Мен үшін бұл осындай ауқымдағы алғашқы тәжірибе. Бәрі де қызықты болды, станция жұмысының принциптері туралы көп нәрсе білдік. Нағыз қуат пен жауапкершілік кәдімгідей сезіліп тұр – бұл жердің энергетикасын тіпті физикалық тұрғыдан да сезуге болады».

Жазираның курстасы Мәдина Қаматаева: «Осы уақытқа дейін мен ЖЭО-да болған емеспін. Мен үшін станция ішінің қалай жұмыс істейтінін көру қызықты болды. Экскурсия дем арасында өтіп кетті. Бүгін бұл экскурсияның қалай өткендігі туралы туысқандарыма және достарыма міндетті түрде айтып беремін, себебі осындай керемет ЖЭО туралы ақпаратты әрқайсысы білуі қажет деп ойлаймын».

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Саясаттану» мамандығы бойынша оқитын студенті Аида Еркебай ресурстарға ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтті:

«Енді мен жарықтың, жылу мен ыстық судың артында орасан зор еңбек тұрғанын түсіне бастадым. Мен үшін, әсіресе, қазандық цехы ерекше әсер қалдырды. Енді осылардың бәрін көргенімнен кейін, бұрындары әдеттегідей және түсінікті болып көрінетін нәрселерге мұқият қарайтын боламын».

Экскурсия студенттердің ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, энергетикаға байланысты мамандықтардың маңыздылығына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер – бұл еңбек пен ресурстарды бағалайтын жауапты және саналы ұрпақты қалыптастыруға жасалған қадам.