Энергетикаға бойлау: студенттердің А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ға экскурсиясы
2025 жылдың 22 сәуірінде станцияға Еуразиялық техникалық-экономикалық колледж студенттері экскурсияға келді. Кәсіптік бағдар беру аясында студенттер өңірдегі ең ірі энергетика нысандарының бірімен танысып, оның қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.
Экскурсияны энергетикада терең білімі мен көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі маман – Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Сергей Табакаев өткізді. Кездесу басында студенттер қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқаулықтан өтті, содан кейін станцияның өндірістік цехтарына барды.
Колледж студенті Махмұт Нұртас өз әсерімен бөлісті:
– Бізге негізгі жұмыс орындары көрсетілді, турбиналар мен қазандықтардың қалай жұмыс істейтінін өз көзімізбен көрдік. Бұл бір ерекше танымдық экскурсия болдаы. Алған біліміміз бен әсеріміз үшін көп рахмет!
Махмұт Нұртастың курстасы Шамшырақ Ерсұлтан:
– Бұл мен барған ең қызықты әрі мазмұнды экскурсиялардың бірі. Біз колледжде оқып жатқан теорияның өндірістік тәжірибеде қалай жүзеге асырылатынын көрдік. Сергей Петрович Табакаевқа егжей-тегжейлі әңгіме және материалды соншалықты әсерлі етіп ұсынғаны үшін ерекше алғыс айтамыг.
«АлЭС» АҚ болашақ мамандар үшін өндірістік нысандар есігін аша отырып, кәсіптік бағдарлау бағытын дамытуды жалғастыруда. Себебі, бүгінгі энергетик шәкірттердің біршама уақыттан соң қалаларымыз бен өңірлерімізде энергия, жарық пен жылу берудің бастауында тұратын білікті мамандар болатынына сеніміміз мол.