Энергетикаға АлЭС-пен бірге жасалған қадам
Артқа
02.05.2025

Энергетикаға АлЭС-пен бірге жасалған қадам

2025 жылғы 29 сәуірде «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ-ында бос қызмет орындарының ауқымды жәрмеңкесі өтті. Іс-шара энергетика, ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және инженерлік шешімдер саласында жұмыс істейтін 35-тен астам жетекші компанияны біріктірді.

«АлЭС» АҚ іс-шараның белсенді қатысушыларының біріне айналды. Компания өкілдері студенттермен кездесті – олардың көпшілігі бұрын өткен дуалды тәжірибенің арқасында компаниядағы өндірістік бөлімшелердің ішкі құрылымымен және олардағы атмосферамен таныс. Бұл әңгіменің белсенді, әрі сенімді жағдайда өтуіне ықпал етті.

– Компания жылу энергетикасы, электр энергетикасы, автоматтандыру, басқару және радиотелекоммуникация сияқты бағыттар бойынша бітіретін курс студенттерінен 15-тен астам сауалнама алды, – деп атап өтті Қызметкерлерді дайындау бөлімінің жетекші маманы Гауһар Темірова. – Жас мамандар «АлЭС» АҚ кәсіпорындарындағы болашақ жұмысқа жоғары қызығушылық танытып, саланы жақсы түсінетінін көрсетті.

«АлЭС» АҚ өкілдері төменгі курс студенттерімен жұмыс істеуге ерекше назар аударды.

– Біз 2-3-ші курс студенттерін өндірістік практикаға, соның ішінде дуальді оқыту элементтері бар практикадан өтуге шақырдық. Өзара іс-әрекеттің осындай форматтары студенттерге олардың мамандықтың ерекшелігіне тереңірек үңілуіне және университетте оқып жүрген кезінен-ақ қызметтік тұрғыдан дамуына мүмкіндік береді, – деп жалғастырды әңгімесін кадрлар бөлімінің жетекші маманы Әлия Тайжан.

«АлЭС» АҚ үшін мұндай іс-шараларға қатысу жас мамандарды тартудың жолы ғана емес, энергетиканың болашағымен берік байланыс орнатудың мүмкіндігі де болып табылады. Дәл осындай кездесулерден кәсіптік жолдар бастау алып, идеялар, командалар мен жобалар пайда болады.

Компания бүгінгі күні кәсіптік жолына алғашқы қадам жасағандардың ертең-ақ қала энергиясын басқару пультінде тұратынына сенімді.