ЭКО NOMAD: табиғат үшін жан-тәнімен
Артқа
19.04.2025

ЭКО NOMAD: табиғат үшін жан-тәнімен

2025 жылдың 19 сәуірінде Алматының «Южный» саябағы ерекше атмосфераға толы болды, себебі мұнда «Самұрық-Қазына» қоры басшыларының қолдауымен және қатысуымен ұйымдастырылған «ЭКО NOMAD» экологиялық акциясы өтті.

Салқын таңға қарамастан, саябақтың аумағында нағыз жылы көңіл-күй, командалық рух және туған қаласының тазалығы мен көгалдандырылуына үлес қосқан жалпы ұмтылыс құрылды.

Акцияға Қор тобындағы түрлі компаниялардан жиналған жас белсенділер қатысты. «АлЭС» АҚ командасы – ол 20 жігерлі жас маман – аумақты ынтамен тазалап, былтырғы жапырақтарды жинап, жас теректерді отырғызды. Осының барлығы достық пен ынтымақты атмосферада өтті, себебі осындай науқанға қатысқан әр қатысушы өзінің осындай шынайы ниеттерінің арқасында айналадағы қоршаған әлемді жақсартқысы келді.

«Южный» саябағы кездейсоқ таңдалмады. Себебі бірнеше жыл бұрын бұл жасыл аймаққа құрылыс салу қаупі төнген болатын. Сонда қала тұрғындарының белсенділігінің арқасында бұл саябақ сақталып, табиғатқа деген сүйіспеншілік жауапкершілік символына айналды. Бүгінгі таңда осындай іс-шаралардың өзі оны одан да жайлы және одан да әрі жасылдандыруда.

«Бірге жұмыс істеген кезде тіпті осындай қарапайым тазалық жасаудың өзі керемет мерекеге айналды. Біз таныстық, достастық, ал содан кейін: бұл іс-шара тек экология туралы ғана емес, сонымен қатар адамдар туралы да екенін түсіне бастадық», – деп өз әсерімен бөлісті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі аға инспекторы Ерсұлтан Әбдіраманов.

Бұл жерге алғаш рет Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Кадрлар бөлімінің кадрларды даярлау жөніндегі инженері Ақерке Оразова да келді:

– Сенбілік кезінде мен бұл жерді бұрын «Түлектер саябағы», тіпті «Ғашықтар саябағы» деп атағанын естідім. Бұл жер – кең, әдемі және шын мәнінде де жаны бар сиақты. Біз бұл жерден ондаған қап жапырақтар мен бұтақтарды жинадық, ал тұрмыстық қоқыс болған жоқ – осының өзі бізді қатты қуантты. Осындай науқандардың өткені өте маңызды, себебі осындай ортақ істің арқасында әр түрлі адамдар бірігіп кетуде».

«Энергожөндеу» ӨЖК өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі аға инспекторы Әділет Оңалбек те бұл науқанға алғаш рет қатысты:

«Мен үшін бұл алғашқы сенбілік. Біз былтырғы жапырақтарды жинап, аумақты ретке келтірдік. Таза қала – бұл біздің ортақ жауапкершілігіміз. Бос уақытыңызды осындай пайдалы іске арнау мүмкіндігі бар екендігі өте маңызды. Бізде өте керемет ұжым, керемет жастар – көңілді, әрі пайдасы зор»

«ЭКО NOMAD» экологиялық науқаны «Таза Қазақстан» ауқымды қозғалысының бір бөлігіне айналды, себебі тіпті қарапайым, игі іс-қимылдардың өзі – жапырақтарды жинау немесе ағаш отырғызу – ол біздің ортақ болашағымызға қосқан үлесіміздің жарқын үлгісі.

«Біз қазіргі шақта жұмыс істеп жатып, болашақты да ойлаудамыз. Осының барлығын – біз бірге жасаудамыз», – деп түйіндеді қатысушылар.