Алматы 3-ЖЭО-ны қайта жаңғырту
Алматы 3-ЖЭО (қолданыстағы)
Пайдалануға берілген жылы – 1962-1967 жж.
Негізгі отын – КСН 0-300 маркалы Екібастұз көмірі:
тұтынуы – жылына 920 мың тонна;
күлділігі – 42%.
Қуаты: белгіленген электр қуаты – 173 МВт;
қолда бар электр қуаты – 173 МВт;
белгіленген жылу қуаты – 335 Гкал/ч;
қолда бар жылу қуаты – 227 Гкал/ч;
Пайдалануда: 6 энергетикалық қазандық, 4 турбина.
Құрғақ қойма күл үйіндісі: ауданы – 94 га (22,91 млн. тонна).
«Алматы 3-ЖЭО-ны қайта жаңғырту» жобасы
Жобаның мақсаты: Станцияны ҚР Оңтүстік аймағындағы маневрлік қуаттарды жабу және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту үшін қажетті БГҚ салумен қайта жаңғырту. Сондай-ақ өзінің парк ресурсын бітірген негізгі жабдықтарды ауыстыру.
ТЭН-ге сәйкес жобаның құны: 272,9 млрд. тенге (ҚҚС-пен).
Жобаны іске асыру мерзімдері: 2022-2026 жылдар.
Негізгі отын табиғи газ: жоспарланған тұтыну көлемі – 684,2 млн. м3/жыл.
Белгіленген қуаты: электрлік – 543,6 МВт (ISO) дейін;
жылу – 160 Гкал/сағ. дейін
Аукциондық сауда-саттық (жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың алаңдары бойынша):
- 17.03.2023 ж. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-мен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр уатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылды.
EPC-мердігерді таңдау:
- 2023 жылдың 08 қыркүйегінде – «KBI Energy Group» ЖШС бастаған консорциуммен «Энерго Спец Строй» ЖШС, «СтандартЭнерго KZ» ЖШС, «СТРОЙИНДУСТРИЯ» ЖШС-мен бірлесіп Келісім-шартқа қол қойылды.
Жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру:
- 2023 жылдың қарашасында Еуразиялық Даму Банкімен жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойылды.
Ағымдағы жағдайы:
- 2023 жылдың қазанында Акционерден 50 млрд. мөлшерінде жарғылық капитал толықтырылды,
- ЕРС-мердігер негізгі құрал-жабдықтарды жеткізу туралы келісімге қол қойды,
- Қазіргі уақытта П сатысының ЖСҚ кешенді ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамадан өту кезеңі жүріп жатыр.
Жабдықтарды жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстары – 2025-2026 жылдар.
Пайдалануға беру – 2026 жылдың желтоқсаны.
Көмір станциясын бөлшектеу – 2027 жыл.