Егер де мен редактор болсам …
Артқа
30.01.2025

Егер де мен редактор болсам …

2025 жылдың қаңтарында «АлЭС Жаңалықтары» корпоративтік газетінің 100 нөмірі шыққалы отыр. Біз біршама оқырмандар аудиториямыздың бар екендігін мақтанышпен айта аламыз және сіздерге ұнайтынына, бізге өз идеяларыңыз, ұсыныстарыңыз, жазбалар мен фотосуреттеріңізді жіберіп отырғандарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Жүзінші нөмір – бұл қорытынды шығару ғана емес, сондай-ақ жаңа деңгейге көтерілу белесі. Әлемде, технологияда көп нәрсе өзгеруде, газеттің де деңгейі уақыт ағысына сәйкес келуі, заманауи және өзекті болуы керек. Мұндай жетістікке біз тек сіздердің көмектеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан, мерейтойлық нөмірді шығару қарсаңында біз қоғамдық пікір көшбасшылары мен компания белсенділеріне келесі нөмірлерді ақпараттық, қызықты болатындай сауалдарға жауап беретіндей жүргізуді жөн көрдік.

Әріптестердің ой-пікірлері – оқыңыз, келісіңіз, дауласыңыз, ұсыныңыз. Біз ынтымақтастыққа, балама пікірлер мен идеяларға ашықпыз!

Бас инженердің орынбасары – ОҚТО ӨТБ бастығы БЕЙСЕНБАЕВ Адлет

1. Корпоративтік газетті 2016 жылдан бері оқимын. Компанияның жаңалықтарын, компанияның негізгі көрсеткіштерін жариялау идеясын дұрыс шешім деп санаймын

2. Біздің қызметкерлеріміздің еңбек жолын қалай бастағаны, алғашқы тәлімгер кім болғандығы, энергетик мамандығын қалай таңдағаны және қандай кәсіби нәтижелерге қол жеткізгені туралы әңгімелері есте қалады.

3. Газет әрқашан біздің Қоғамның электр және жылу энергиясын өндіру жоспарының орындалуы туралы деректерінен басталады. Бұл бірінші кезекте біз ерекше назар аударатын нәрсе, себебі бұл әрбір өндірістік департамент компанияның жалпы нәтижесіне әкелетін барлық нәрселердің негізі болып табылады. Өйткені, бұл жерде тек сандар мен пайыздар ғана емес, олардың артында әр қызметкердің, цехтың, учаскенің, бөлімнің, басқарманың және әрбір өндірістік департаменттің орасан еңбегі жатыр. Бұл үйлесімді, үздіксіз және ұжымдық жұмыстың көрсеткіші – бүкіл ұжымды шабыттандыратын біртұтас организм.

4. АҚ-да болып жатқан маңызды оқиғаларға қатысты газеттің барлық материалдары қызықты, ақпаратты, мақалалары әрқашан өзекті. Ақпаратты берудің ыңғайлы форматы оқуды жеңіл және жағымды етеді.

5. Газет әрқашан ерекше жағымды әсер қалдырады. Біздің корпоративтік газетімізге одан әрі өркендеу, жағымды, қызықты және пайдалы жаңалықтарды жариялауды тілеймін!

Каскада ГЭС-інің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі аға инспекторы САИН Санжар

1. Компанияда жұмыс істеген алғашқы күннен бастап «АлЭС жаңалықтарын» оқимын. Өткен жылдан бастап осы шығарылымдардың бір бөлігіне айналғаным мен үшін ерекше маңызды. Бұл тек жағымды ғана емес, сонымен қатар шабыт береді, мен ортақ іске қосқан үлесімді мақтан тұтамын.

2. Ең бастысы біздің ұжым қатысқан корпоративтік іс-шаралар туралы мақалалар есте қалды. Сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби жетістіктері туралы материалдар, компания жаңалықтары, әсіресе олар жұмыстағы нақты жақсартулармен байланысты болса, өте қызықты.

3. Әріптестеріміздің жетістіктерін, олардың кәсіби жолдарын және компанияның дамуына қосқан үлестерін ашатын мақалалар қатты шабыттандырады. Мұндай материалдар бірлік сезімін тудырады және жақсы адам болуға ынталандырады. Сондай ақ корпоративтік оқиғалар мен экологиялық бастамалар туралы айдарлар қызықты.

4. Егер мен редактор болсам, қызметкерлердің жетістіктері мен кәсіби өсуін көрсете отырып, олардың жеке тарихына баса назар аударар едім. Сондай-ақ, компанияның жаңа жобалары туралы айдарды, жастар мен олардың идеялары туралы әңгімелерді, сондай-ақ күнделікті өмірге арналған пайдалы кеңестері бар бөлімді қосар едім.

5. Газеттің өсіп-өркендеуін, барлық қызметкерлер үшін қызықты болып қалуын, жаңа жетістіктерге шабыт беріп, корпоративтік рухты нығайтуын тілеймін. Әрбір нөмір біздің компаниямыздың және оның адамдарының мақтанышын көрсетсін!

Гульнар МУКАЖАНОВА, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО турбиналық цехының өндірістік учаске шебері

1. Мен газетті 2024 жылдың желтоқсанынан бастап оқимын. Корпоративтік газет ұйым ішіндегі коммуникация саласында маңызды қызметті атқарады деп санаймын, өйткені ол қызметкерлерді компанияның мақсаттары мен жоспарлары туралы хабардар етеді, даму бағыттарын айқындайды, дәстүр мен тарихты сақтауды мақсат етеді.

2. Жарияланымдардан «Үздік өндіріс маманы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі туралы материал есімде қалды. Байқауға қатысушысы, біздің ұжымда жұмыс істейтін А.Масиралиевке, өзім дауыс бердім. Ол жеңді және менің ойымша – ол жеңіске лайық тұлға.

3. Мені қайырымдылықпен айналысатын «АлЭС» АҚ жастар ұйымы шабыттандырады. Олар құрметке лайықты игі істер жасайды. Сондай-ақ, Президентіміздің 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялауы туралы материал шабыттандырды. Бұл дегеніміз, азаматтардың әл-ауқаты артып, экономика дамитын болады деген сөз емес пе. Форумдар өткізу, халықаралық компаниялармен кездесулер туралы материалдар ұнайды. Менің ойымша, бұл біздің еліміз үшін, біздің сала үшін өте қажет.

4. Егер мен редактор болсам, онда негізгі материалдар ретінде компания экономикасы, жаңа технологияларды енгізу және қайырымдылық туралы мақалаларды таңдап, шығарылымдарды спорттық іс-шаралар туралы материалдармен толықтырар едім.

5. Газеттің айдарларымен тақырыптарымен танысқаннан кейін, газет корпорация дамуының барлық аспектілерін қамтиды деп санаймын. Оқырмандарыңыздың көп болуын тілеймін!

Руслан ГАБИТОВ, БЖК қазандық цехының бастығы

1. Мен «АлЭС жаңалықтарын» үнемі оқып, шығарылымдарын қадағалап отырамын, бұл компаниямен энергетика саласындағы өзекті оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді.

2. Әсіресе компанияның жетістіктері, қызметкерлердің жетістіктері және жаңа технологияларды енгізу туралы материалдар ерекше есте қалады.

3. Кәсіби даму, қызметкерлердің табысқа жету тарихы және компания жобаларына шолулар туралы айдар қызықтырады. Мұндай басылымдар шабыттандырады және ұжыммен бір екендік сезімін тудырады. Жұмыстағы жаңа тәсілдер туралы материалдармен тиімділікті арттыру бойынша кеңестер де пайдалы.

4. Өзімді редактор ретінде көрсете отырып, мен негізгі тақырыптар ретінде компанияның озық жобаларын, сондай-ақ кәсіби өсу, қызметкерлердің жеке тарихы және корпоративтік мәдениет туралы айдарларды қамтуды таңдар едім. Басты назар еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына аударылатын еді. Менің ойымша, біздің жұмысымыздағы ең маңызды нәрсе-үйге аман-сау оралу.

5. Газетке дамуды жалғастыруды, барлық қызметкерлер үшін өзекті және қызықты болып қалуды тілеймін. Қарапайым қызметкерлерден сұхбат алып, цехтардың күнделікті өмірі туралы көбірек айтсаңыздар екен.

Оюна ДАШИЕВА, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Электр машиналық цехының электр техникалық зертханасының автоматика және метрология жөніндегі жетекші инженері

1. «АлЭС жаңалықтарын» мен шамамен 8 жыл бойы оқып келемін.

2. Энергетиканың дамуына зор үлес қосқан, өзінің өмірлік тарихы мен және компаниядағы кәсіби өсуімен бөліскен адамдар әрқашан есте қалады. Өйткені, бұл өз тәжірибесін жас ұрпаққа жомарттықпен жеткізетін батырлар. Мен әлі күнге дейін Татьяна Георгиевна Малофееваны – әдемі әйелді және өз ісінің тәжірибелі маманын жылылықпен есіме аламын.

3. Газетте түрлі іс-шаралар көрсетіледі: спорттық, кәсіби байқаулар, жастар форумдары, әйелдер клубы және тіпті балалар суреттерінің конкурстары. Әртүрлі хоббилермен айналысатын Қоғам қызметкерлерінің шығармашылық қабілеттерін көру өте қызықты. АлЭС-те көптеген спортпен айналысатын, белсенді және креативті энергетиктердің жұмыс істейтінін түсіну өте жақсы. Газет бізді барлық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандырады.

4. Газетте маған ақпараттық тепе-теңдік ұнайды: энергия өндіру фактілері, кадрлық тағайындаулар туралы ақпарат, отырыстар өткізу, өмірлік мәселелер мен тарих. Ал компания тарихының беттері бізге қарапайым және еңбекқор адамдардың Қазақстан энергетикасын дамытуға қосқан үлесін түсінуге және зерделеуге мүмкіндік береді.

5. «АлЭС жаңалықтарын» мерейтойлық жүзінші шығарылымымен құттықтаймын! Сіздерге өркендеу мен жұмыста өшпес ынта, біртұтас және үйлесімді жұмыс, шығармашылық шабыт және заманауи леп тілеймін.

«Энергоремонт» ӨЖК ӨТБ өндірісін дайындау жөніндегі инженері ПАНАРХАНҚЫЗЫ Жанерке

1. Компанияның жас маманы ретінде мен шамамен бір жыл бойы «АлЭС жаңалықтарын» оқыдым.

2. Көптеген материалдар есте қалды, себебі газетте ұйымның корпоративтік өмірі ғана емес, сондай-ақ энергетика саласындағы оқиғалар, компанияның өсу кезеңдері мен жетістіктері де жарық көреді. Әсіресе, салауатты өмір салты тақырыбындағы мақалалар, сондай-ақ жүгіру марафонындағы жарқын фотосуреттер қызықтырады.

3. Мен сондай-ақ кітаптар туралы материалдарды, әсіресе ұсыныстары бар іріктеуді оқығым келеді.

4. Энергетик ретінде мен ай сайын қызметкерлердің рационализаторлық ұсыныстары туралы мақалаларды жариялап, ең креативті және болашағы зор идеяларды бөліп көрсетер едім.

5. Газетке жарқын және қызықты сәттерге толы бақ-береке тілеймін. Энергетиктердің болашақ ұрпағы оны біз сияқты ынтамен оқитынына
сенімдімін.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Қазандық цехының өндірістік учаскесінің шебері ТЕЛТАЙ Алишер

1. Мен «АлЭС жаңалықтарын» 2022 жылдың желтоқсанынан бастап оқимын. Корпоративтік газеттің рөлі өте маңызды деп санаймын, өйткені ол барлық қызметкерлерге компания өміріндегі жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болуға көмектеседі.

2. Маған әсіресе жаңа жылдық ауысымдар туралы, жедел қызметкерлердің Жаңа жылды қалай қарсы алатыны туралы материалы есіме түсті. Бұл материал осындай жауапты жұмыста қиындықтарға қарамастан, дәстүрлер мен рухани атмосфераны сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

3. Маған жұмыста көмектесетін айдарлар компанияның жаңа бастамалары мен өзгерістері туралы баяндайды. Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен кәсіби дамуына арналған материалдар шабыттандырады.

4. Егер мен газет редакторы болсам, онда негізгі тақырыптар ретінде «Цехтар мен бөлімшелердегі жаңалықтар», қызметкерлер туралы әңгімелер, олардың жетістіктері мен кәсіби жолдары сияқты айдарларды таңдайтын едім.

5. «АлЭС жаңалықтары» газетінде қызметкерлердің нақты жетістіктері мен жобаларына арналған материалдарды көбірек көргім келеді, сондай-ақ демалыс пен бос уақытқа байланысты айдарды кеңейтуді қалаймын.

Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Ғимараттары мен гидроқұрылыстарын пайдалану цехының гидроқұрылыстарын қараушысы ӨМІР Меруерт

1. Біздің газетті 2024 жылдың мамырынан – экспедитор логистика бөліміне жұмысқа орналасқаннан бастап оқимын.

2. Маған ардагерлерге, қызметкерлерге арналған материалдар, «АлЭС тұлғалары» айдары, сондай-ақ біздің әріптестеріміз қатысатын түрлі спорттық және ұйымдастырушылық іс-шаралар туралы материалдар ұнайды

3. Шабыттандыратын нәрсе – ол мансаптық өсу бар және кім жұмыс істеуге келсе де, ол төменнен бастап, биіктерге жете алады. Бұл туралы материалдар көптеп қажет.

4.Егер мен газет редакторы болсам, онда ГЭС пен ЖЭО құрылысы туралы көбірек әңгімелер жариялап, не істелгенін, жұмыстың қалай жүргізіліп жатқанын айтар едім.

5.«АлЭС» АҚ газетіне өркендеу мен қызықты мақалалар тілеймін!

«Энергожөндеу» ӨЖКЭлектр станциясының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі АЙТҚАЛИ Ақниет

1. Мен «АлЭС жаңалықтарын» бірінші шығарылымнан бастап оқимын, өйткені бұл біздің компанияның оқиғалары мен жетістіктері туралы маңызды ақпарат көзі.

2. Біздің қызметкерлеріміздің жетістіктері туралы материалдар, сондай-ақ жаңа жетістіктерге шабыт беретін маңызды жобалар мен бастамаларға арналған мақалалар ерекше есте қалды.

3. Маған әріптестерімнің жетістіктері мен команданың жетістіктеріне арналған айдарлары, сондай-ақ компанияның корпоративтік мәдениеті мен құндылықтары туралы мақалалар қызықты.

4. Егер мен газет редакторы болсам, онда біздің саладағы инновациялармен, қызметкерлердің жетістіктерімен байланысты тақырыптарды, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту мен дамытуға арналған айдарларды таңдаған болар едім.

5. Мен әрбір нөмірден пікіртерім мен байқаулар сияқты интерактивті материалдарды, сондай-ақ компания ішінде кәсіби өсу мен даму мүмкіндіктері туралы көбірек ақпаратты көргім келеді.

Корпоративтік даму және тәуекелдер басқармасының бастығы ШАЙЖАНОВА Дария

1. Мен, біздің газетті 2016 жылдың қазан айынан бастап оқып келемін!

2. Маған компания қызметкерлері туралы материалдар есімде қалады. Мысалы, «АлЭС тұлғалары» жобасы.

3. Табыс тарихы, қызметкерлердің мансаптық баспалдақпен табысты көтерілуі туралы материалдар шабыттандырады. Бұл әрдайым көпшілікті биік белестерге жетуге шабыттандырып, ынталандырады. Басты кейіпкерлер қол жеткізілген мақсаттары туралы: не көмектесті және қандай кедергілерді жеңгендері туралы айтты.

Хобби және әуесқойлық туралы жарияланымдар қызықты – әрбір ұжымда жүгіруді, сурет салуды немесе парашютпен секіруді ұнататын қызметкерлер болады. Күн сайын жұмыс істейтін адамдар туралы жаңалықты білу әрқашан қызықты. Сонымен қатар, ұжымды әріптестердің «дем алуын» түсінуден басқа ештеңе біріктіре алмайды.

Маңызды тақырып – игі істер. Біздің әріптестеріміздің арасында балалар үйлеріне, жануарлар баспаналарына көмектесетіндер немесе донорлар да бар. Олар туралы міндетті түрде жазбалар немесе материалдар жасау керек. Мұндай жаңалықтар өзекті мәселелерге назар аударады және қалған қызметкерлерді осындай әрекеттерге шабыттандырады.

4. Егер мен редактор болсам, міндетті түрде «Құттықтаулар» айдарын қосар едім. Мысалы, компанияның 30 жылдан асқан ескі қызметкерлерін кезекті еңбек жылдығымен құттықтар едік. Менің ойымша, ұжымға «Басшылар немен өмір сүреді» айдары қызықты болар еді. Көшбасшылар туралы барлық мәселе ерекше қызықты. Қызметкерлер бастықтардың қандай көзқарастар мен құндылықтарды ұстанатынын білгісі келеді. Бұл басшыларды жақсы танып, компанияда «дұрыс» мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді

Сондай-ақ, мен «Кәсіп туралы – бірінші ауыздан» атты жаңа айдар жасайтын едім. Компаниялардағы көптеген ішкі қақтығыстар әрбір бөлімшенің мақсаттары мен міндеттерін түсінбеушіліктен туындайды. Қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға түрлі мамандықтардың ерекшеліктері туралы материалдар көмектеседі. «Инженер-технологтың өмірінен бір күн», «Жабдықтау жөніндегі маманға 10 сұрақ» стилінде мақалалар жасауға немесе көңілді комикстер жасауға болады.

5. Корпоративтік газетке тілектерім – шабыттандыра беріңіздер! Және тағы да көптеген жаңа нөмірлер тілеймін!

Шалкар Алтыбаев, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімінің күрделі құрылыс жөніндегі бас маманы

 

1. 2024 жылдың басынан бастап газет шығарылымдарын белсенді түрде бақылай бастадым. Департаменттердегі өзгерістер туралы жаңалықтарды білу пайдалы, бұл жұмыс кезінде көп көмектеседі.

2. Оқырман ретінде өндірістік қызметтің қорытындылары туралы ақпарат ең көп қызықтырады.

3. АлЭС энергетиктерінің жетістіктері туралы материалдар шабыттандырады.

4. Егер мен редактор болсам, мен бірөзгерістер енгізер едімдеп ойламаймын: оңтайлы формат таңдалған, материал жақсыберіледі. Маған барлығы ұнайды.

5. Газетке сәттілік пен өркендеуді тілеймін.

 

Канат ЧЕРЯЗДАНОВ, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Электр машиналық цехтың жөндеу және пайдалану жөніндегі аға шебері

1. Біздің «Жаңалықтарды» Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-те өзімнің еңбек қызметімді бастаған 2020 жылдан бері оқимын.

2. Мен жұмыскерлердің жетістіктері мен олардың өмір жолы, жұмыстан бос уақытында әуестенулері (хобби) туралы материалдарды ерекше есімде сақтадым.

3. «АлЭС тұлғалары» айдарын ұнатамын.

4. Негізгі ретінде мен жұмыскерлердің жетістіктері, олардың өнертапқыштық ұсыныстары туралы материалдарды таңдар едім. АҚ жұмыскерлері бізде дарынды адамдар жұмыс істейтінін білуі керек деп санаймын. Менің ойымша, бұл басқалар үшін керемет уәждеме болады.

5. Біздің корпоративтік газетімізге одан әрі өркендеу, шығармашылық табыс, барлық бастамаларда сәттілік және көбірек жақсы жаңалықтар тілеймін.

Алтынай ОНГАРБАЕВА, БЖК химиялық қызметінің бастығы

1. Мен БЖК-да жұмыс істей бастаған сәттен бастап «АлЭС жаңалықтарын» оқымын. Бұл басылым мен үшін әрқашан біздің жұмысымыз туралы пайдалы және қызықты ақпарат көзі болып табылады.

2. Біздің электр станцияларымыздағы жабдықтарды жаңғырту, еңбек қауіпсіздігіне арналған жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу туралы мақалалар ерекше есімде қалды.

3. Қызметкерлеріміздің жетістіктері туралы мақалалар, сондай-ақ озық жұмыс тәжірибесі туралы материалдар шабыттандырады. Олар біздің жалпы қызметіміз үшін мақтаныш сезімін тудырады.

4. Гипотетикалық редактор ретінде мен барлық қызметкерлер үшін кеңестер мен тәжірибе алмасу айдарын ұсынар едім.

5. «АлЭС жаңалықтарына» өз оқырмандарын одан әрі шабыттандырып, ұжымды біріктіріп, маңызды жетістіктерді жариялап, энергетика игілігі үшін жұмыс істейтін барлық адамдар үшін жетекші корпоративтік басылым болып қала беруіне тілектеспін.

Бакытжан ТОКШАРАЕВ, Экономика басқармасының бюджет және экономикалық талдау бөлімінің бастығы

1. Мен газетті бірінші нөмірінен бастап оқып келемін, бір нөмірін жібермеймін.

2. Ерекше есте қалғандары кәсіподақ мүшелерінің белсенді демалысы туралы, марафоншылар туралы, экологиялық акциялар, шетелдік іссапарлар туралы материалдар, ең ұнаған жері –Энергетиктер күніне арналған марапаттау материалдары.

3. Ең сүйікті айдарым – «АлЭС тұлғалары». Өз ісінің нағыз мамандары туралы, осы еңбекқор адамдардың еңбек жолын қалай бастағаны, олардың тәлімгерлері кім болғандығы және оларды энергия саласына не жетелегені туралы материалды оқу тәрбиелік мәнге ие және өте қызықты.

4. Егер мен бас редактор болсам, онда негізгі материал ретінде Қоғамның нақты басшыларына жолданған «Біздің жұмыскерлеріміздің проблемалық мәселелері» тақырыбын таңдар едім. Ал келесі нөмірде осы сұрақтың жауабын немесе шешімін жариялайтын боламын. Мұндай айдар газетті ақпараттық-танымдық санатынан кері байланысы бар тиімді БАҚ-қа ауыстыру мүмкіндігін береді.

5. 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғандықтан, редакцияға әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту, тұрғын үй бағдарламасын енгізу, қызметтік тамақтануды ұйымдастыру, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін күшейту туралы көбірек материалдар жариялауды тілеймін. Сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі көрсеткіші ретінде кадрлар тұрақтамаушылығы туралы деректерді жариялаумаңызды.

Ильяс КЕНЕСБАЙҰЛЫ, БЖК ӘШБ меңгерушісі

1. Мен компаниядағы жұмыс істегеннен бастап «АлЭС жаңалықтарын» оқыдым. Мен үшін бұл жай ғана газет емес, шабыт көзі және маңызды оқиғалардан, әріптестеріміздің жетістіктерінен және ұйымымыздың даму перспективаларынан хабардар болу мүмкіндігі.

2. «Алматы электр станциялары» АҚ персоналды даярлау бөлімінің базасында Satbayev University ЖОО-да «Энергетика» кафедрасының ашылуы ең маңызды сәттердің бірі болды. Бұл туралы жазғандарыңыз өте жақсы!

3. Қызметкерлердің кәсіби жетістіктері мен компанияның жетістіктері туралы мақалалар мен үшін ерекше маңызды. Олар шабыттандырып қана қоймайды, сонымен қатар біздің командамен біртұтас екендігімізді сездіртеді.

4. Егер мен редактор болсам, компаниямен оның қызметкерлерінің жетістіктерін көрсететін келесі негізгі айдарларды бөліп көрсетер едім, мысалы, «АлЭС тұлғалары», «Энергетикадағы инновациялар». Кәсіби және жеке даму үшін пайдалы кеңестері бар бөлімді, сондай-ақ «Компаниямыздың дәстүрлері» айдарын қосар едім.

5. «АлЭС жаңалықтары» газетіне шабыт көзі және қызметкерлер арасындағы байланыстырушы буын болып қалуын тілеймін. Әр шығарылымда жүрекке жылы әңгімелер, пайдалы ақпарат және ынталандыратын мысалдар үшін орын болсын. Редакция тобына сәттілік және идеялардың сарқылмас ағынын тілеймін!

 

Пікірлермен құнды ұсыныстар үшін баршаңызға рақмет. Ұсынымдардың көбі біздің корпоративтік басылымымызды одан әрі жақсартуға ықпал етеді.

Өз кезегімізде біз сауалнама жауаптары ішіндегі ең қызықтысын таңдап, авторды редакциялық сыйлықпен марапаттауды ұйғардық. Бұл жолы жеңімпаз деп Экономика басқармасының бюджет және экономикалық талдау бөлімінің бастығы Бакытжан ТОКШАРАЕВ танылды. Оған сыйлық ретінде Крис Бэйлидің «Менің нәтижелі жылым: жеке тиімділіктің ең танымал әдістерін қалай сынадым» атты кітабы беріледі.