Деструктивті идеялардың алдын алу: А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-дағы семинар
2025 жылғы қараша айының басында А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да «АлЭС» АҚ Қауіпсіздік басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы бірлесіп ұйымдастырған профилактикалық семинар өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Террористік және экстремистік ұйымдар ортасындағы діни сана деструкциясының ерекшеліктері».
Семинарды өткізу үшін Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты, полковник А.В.Кондратенко шақырылды. Ол экстремизм психологиясы мен радикалды топтардың идеологиялық ықпалына қарсы іс-қимыл саласында көп жылдық ғылыми және тәжірибелік жұмыс тәжірибесіне ие маман.

Семинар жұмысына өндірістік департаменттердің директорларының орынбасарлары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары, кадр бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ «Жарқын Болашақ» жастар бірлестігінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында деструктивті ұйымдар қолданатын діни сананы қалыптастыру мен бұзудың тетіктері, психологиялық ықпал ету мен бұрмалау әдістері, сондай-ақ азаматтардың радикалды ағымдарға тартылу белгілерін ерте анықтау жолдары талқыланды. Қатысушылар ерекше назарды персоналды ақпараттандыру, жауапкершілік мінез-құлықты қалыптастыру және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне аударды.
– Дәріскердің тек теориялық тұрғыдан ғана емес, тәжірибеден алынған нақты мысалдар келтіргені өте құнды. Әріптестер мен жақындардың мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият болудың қаншалықты маңызды екенін түсінесің, – деп атап өтті 2-ЖЭО Отын-көлік цехының технигі Маргарита Межевская.
Өз пікірімен А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Жылу автоматикасы және өлшеулер цехының инженер-электроншысы Владислав Нестеркин де бөлісті: «Семинар деструктивті сенімдердің қалай қалыптасатынын және оларды уақытылы қалай анықтауға болатынын тереңірек түсінуге көмектесті. Бұл әркімге қажет болатын білім».

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Жөндеу қызметінің бастығы, «Жарқын Болашақ» жастар бірлестігінің өкілі Әсет Әмірбековке психологиялық бұрмалау әдістері жөніндегі түсіндірмелер ерекше есте қалды: «Мұндай кездесулер өте қажет, өйткені профилактика хабардарлықтан басталады».
Іс-шара қорытындысы бойынша, Қауіпсіздік басқармасының тапсырмасына сәйкес, қатысушылар алған мәліметтерді өз бөлімдерінің қызметкерлеріне жеткізуге міндетті.
Осындай профилактикалық кездесулерді өткізу – «АлЭС» АҚ ұжымның ақпараттық және рухани қауіпсіздігін нығайту, деструктивті идеяларға тұрақты қарым-қатынас қалыптастыру және қоғамда радикалды көзқарастардың таралуының алдын алу бойынша жүйелі жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.