Жартылай марафон

2018 жылдың 14 қыркүйегінде таңертең 4000-нан астам  жүгірушілер Тұңғыш Президент саябағына жиналды. Олар қала көшелері арқылы алғашқы «Алматы жартылай марафонын» жүгірді. Оған «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық холдингінен «Самұрық-Энерго» корпоративтік орталығының, «Алматы электр станциялары» АҚ- ның, «АлматыЭнергоСбыт» пен «Алатау Жарық» компаниясының өкілдері қатысты. «АлЭС» АҚ атынан 21 км қашықтықты «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсендісі, «Энергожөндеу» ӨЖК арматуралық – механикалық цехының жобалаушы инженері Жантемір Қайғалтаров бағындырды.

2018-10-16 093723

– Бұл менің алғашқы марафоным. Мен оған  үш апта бойы дайындалдым. Алған әсерлерім әрине  ұмытылмайды. Алғашқы  медальмен марапатталдым. Марафонға қатысушылардың: «Спорт біздің дініміз, жүгіру – біздің дұғамыз» деген ұраны бар. Мен өзімді осындай салауатты қалыпта ұстаймын! Келесі марафонға қатысуды жоспарлап отырмын. Мені қолдауға келген жастар ұйымының белсенділеріне ризамын – деді Жантемір Қайғалтаров.

2018-10-16 093749

«АлЭС» ақ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының II форумы

2017 жылы 26 мамырда «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының II- форумы өтті. Оған компанияның барлық құрылымдық бөлімдерінен 120 жас маман қатысты. Форумның негізгі мақсаты – белсенді жастарды жұмылдыру және жақсы ортаға біріктіру, жастар ұйымының даму перспективаларын анықтау.
Форумға компания басшылары, ардагер – энергетиктер, «АЖК» АҚ және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жастар ұйымының көшбасшылары шақырылды.
«Жастар ұйымы4 жыл бұрын ғана құрылды. Бүгінде жастар ұйымы кадр резервін қалыптастыру, оқытудың дуалды жүйесі, компанияның корпоративтік шаралары сияқты компаниямыздың өткізетін барлық шараларынажұмылдырылады. Жастарға арналған көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда, жыл сайын біздің жас мамандарымыз үшін жаңа жақсы мүмкіндіктер беріледі», – деді жастарға арналған сөзінде Басқарма Төрағасы, Алматы қ. маслихат депутаты Нұрлан Мұхамед-Рахимов. Форумға келген ардагер – энергетиктер Р.Я. Сайфутдинов, Р.С. Турегельдинова, «АлЭС» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы В.М. Ситдиков жастарға жылы лебіздерін білдіріп, тілек айтты.
Форумның екінші бөлігі топта жұмыс істеуге арналды. Тренингтер барысында жастар топта бірі –бірімен сенім негізінде жұмыс істеуге, тіл табысуға, бірігіп әрекет етуге, қойылған міндеттерді шешуде өзара ақылдасып, кеңесіп, тыңдап, даулы жағдайларды шешуге дағдыланды. Топтық жұмыстың нәтижесінде жастар ұйымының 2017-2020 жж. арналған іс –шаралар жоспарының жобасы жасалды.
«АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының форумы – қоғамдық өмірге, экономикаға, инновацияға қызығушылық танытатын, белсенді азаматтық позициясы бар, шығармашыл жастарды біріктіретін шара.

«АЛЭС»Шыңдарды бағындыруда!

2017 жылғы 2шілде күні «Нұрсұлтан» шыңына жаппай шығубасталды. «АлЭС» АҚ атынан осы аталған шараға 3-ЖЭО ӨТБ есептеу және режімдер жөніндегі инженер Айгерім Дуйсенгалиева қатысты. Ол қиындық категориясы 2А марштрутымен жүрді: Медеу (1600м) — Шымбұлақ (2380м) — Талгар асуы (3200м) —Богданович мұздығы —Комсомол асуы (4000м) —Нұрсұлтан шыңы (4376м).

Талғар асуынан бастап Нұрсұлтан шыңынажету үшін қарлы- мұзды және жартасты учаскелермен жаяу жүруге 6 сағаттан астам уақыт кетті. «Шың басынан ашылатын сұлу табиғат көрінісі естен кетпес әсер қалдырды. Бұл Іле Алатауының ең көркем шыңдарының бірі және оны Алматының кез келген жерінен көруге болады! Альпинистер бірін – бірі кезекті бағындырылған шыңмен құттықтап жатты. Шың басына көтерілу үшін үлкен дайындық және шешім керек болды. Мен үшін сондай биіктікте Мемлекетіміздің туымен бірге«АлЭС» АҚ туын қатар желбірету жігерлендіре түсті», – деп ойымен бөлісті Айгерім. «Шымбұлақ – Нұрсұлтан 2017» альпиниадасыАстана күніне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің басталуына орай ұйымдастырылды.

Анықтама:

Нұрсұлтан  шыңы(теңіз деңгейінен 4376 метр биіктікте орналасқан, 1935 жылға дейін — Малоалматинский, 1998 жылға дейін  — Комсомол шыңы деп аталған) — Іле Алатауы Тянь – Шань жотасының солтүстік баурайындағы тау шыңыОл Алматы үстінен әсерлі көрінетінжартасты – мұздыбиіктік, қасында орналасқан барлық таулардан биік көрінеді.Алматы альпинистерінің арасында да ең танымал әрі тартымды шың. Оған ең алғаш 1929 жылы тамызда №10 мектептің денешынықтыру мұғалімі Григорий Белоглазов шыққан болатын. 1935 жылы 9 шілдеде алғашқы жаппай алпиниада шеңберінде осы шыңды 249 адам бағындырды. Альпиниада – қандай да бір шыңға жаппай шығу. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014ж. 17қаңтардағы Жолдауына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі №581-ІІ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «Шымбұлақ – Нұрсұлтан 2017» альпиниадасы салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында белсенді демалысты ұйымдастыру мақсатында өткізілді. Шыңды бағындыруға ниет білдірген 5 мыңға жуық адамның арасында әуесқойлар да, кәсіпқойлар да жеткілікті болды. Туристердің басым көпшілігі 4050 метр белгісіне жетті, ал Нұлсұлтан шыңының (4376 м) басына тек 290 адам шықты.

Дәстүрлі велошеру

2017 жылдың 5 тамызында «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының активистері «Жастар салауатты өмір салты үшін!» ұранымен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған кезекті велошеруді ұйымдастырды.

Велошеру бастауын Абай даңғылынан алды (Желтоқсан к. бұрышы), кейін Розыбакиев көшесімен әл-Фараби даңғылына дейін жоғары бағытталды. ҚР Бірінші Президенті Паркіне дейін жетті. Кейіннен әл-Фараби даңғылы бойынша Фурманов көшесіне дейін, Абай-Желтоқсан көшесінде мәресіне жетті.

2017-08-28 154229

 

 

«Біз салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Салауатты жас ұрпақ – салауатты ұлт. Қазіргі кезде көптеген жастар спортпен шұғылданады, біз, ЖҰ активистері ретінде жас ұрпақты спортқа тартуға тырысамыз», – «Жарқын Болашақ» ЖҰ төрағасы Ботакараева Фариза атап өтті.

 

 

2017-08-28 154241

 

– Мен спортпен шұғылданғанды қатты ұнатамын, әсіресе велоспортты, – деп, жастар ұйымының активисті Рыспеков Мейрамбек бөлісті. – Мен бірнеше рет жалпы қалалық және корпоративті спорт шараларына қатысқам. Спорт әрдайым маған шабыт береді! Спортшы ретінде, барлықтарыңызды салауатты әрі белсенді өмір салтын ұстануға шақырамын.

 

2017-08-28 154300

 

Анықтама: Алматы қаласы бойынша автоматтандырылған веложалдау жүйесі ұйымдастырылған. Жоба демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ. Толық ақпаратты www.almatybike.kz сайтынан ала аласыздар.

 

2017-08-28 154314

Өзіңді өзгерте отырып, әлемді өзгертесің

2017 жылдың 11-13 тамызында Шымкент қаласында «Сананың өзгеруі» тақырыбы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ қатысуымен бірінші сараптамалық-сабағаттық жастар кеңесі  өткізілді. Шараға 170 аса адам қатысты, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, «AirAstana» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KEGOC» АҚ өкілдері, сонымен қатар ҚР Парламентінің депутаттары, «Самұрық-Қазына» АҚ ЕТҚ жастар ұйымының көшбасшылары қатысты. «Алматы электр станциялары» АҚ атынан «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрағасы Ботакараева Фариза қатысты.

Шараның басты мақсаты Ел басының қоғамдық сананы жаңғырту, Қор компаниялар тобын трансформациялау бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі бастамаларын насихаттау және түсіндіру болып табылады.

2017-08-28 154649

«Барлық шаралар жасампаз, ынтымақтастық және позитивті атмосферада өткізілді, деп бөлісті Ботакараева Фариза. – Әсіресе шараның «Шабыттану – Өзіңді өзгерте отырып, әлімді де өзгертесің» атты бірінші бөлімі жақсы әсер қалдырды. Шын мәнінде, бізге, жас ұрпаққа, компания жағдайы мен жалпы елімізді өзгерту үшін болашақты қазірден бастан ойластыру керек. Сонымен қатар, Азия, Африка, Австралия және Америка елдерінің ірі шөлдерін жаяу өтіп шыққан планетаның жалғыз марафоншысы Жыланбаев Марат сөз сөйледі. Шараның «Даму – Үздік тәжірибелерге сүйен» атты екніші бөлімінде өзгерістерді басқару тақырыбы бойынша тренинг жүргізілді. Өзгерістерді басқарудың 3-фазалы әдістемесін іс жүзіндегі жобаға қатысты қолдану тәсілін үйрендім. Және де шараның үшінші бөлігі «Эмоциямен бекіту – Бір команда – ортақ жетістік!» тақырыбына арналды. Алған тәжірибемді міндетті түрде біздің компанияда қолдануға тырысамын.

2017-08-28 154659

Шымкент қаласына саяхат шараның тек ұйымдасқан түрде өткізілгендігі ғана таң қалдырған жоқ, сонымен қатар табиғаты тамаша әрі көрікті жерде өткізілгендігі ұнады. Өзімізді Швейцария елінде жүргендей сезіндік. Шара үрдісінде қызмет саласы әр түрлі тұлғалармен таныстық, достасып кеттік, тәжірибелермен бөлістік. Болашақта бір команда ретінде бірге қызмет атқарамзыз. «АлЭС» АҚ көмегімен мен белсенді әрі беделді адамдардың ортасына түстім. Жас ұрпақты салуатты әрі белсенді өмір салтын ұстануға шақырамын. Жас кезімізде өзімізді көрсетуге, табысты және ең бастысы еліміздің дамуына үлкен үлесімізді қосуға мүмкіншілігіміз бар».

Болашақты қорғау бүгіннен басталады

2017-08-28 160033

2017-08-28 160043

«Алматы электр станциялары» АҚ жастар ұйымының өкілдері ЖИТС алдын алу және күресу бойынша науқанға қатысты. Жастар АИТВ алдыну алу жөнінде ақпарат алды, салауатты өмір салтының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтары туралы ақпарат алды.
2017-08-28 160051

Анықтама: 2017 жылдың шілде айында Алматы қ. Әкімдігі ЖИТС эпидемиясын тоқтату үндеуімен Париж декларациясына қол қойды. Орталық Азияда ең бірінші қала ретінде Алматы қаласы осы дүниежүзілік ағымға қосылды. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша АИТВ инфекциясы бойынша алдын алу шаралары, денсаулықты сақтау және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға бағытталған халық сауаттылығын арттыру жөніндегі шаралар жүргізілуде.

Болашақтың энергиясын жасай отырып!

2017-09-29 072538

7-8 сентября 2017 года, в г.Астане в рамках XI Евразийского форума KAZENERGY прошел IX Молодежный форум KAZENERGY на тему «Learning for Life». На IX Молодежном форуме KAZENERGY присутствовали 300 участников, 19 спикеров, приглашенные гости и члены жюри из разных отраслей Казахстана и зарубежья.

2017-09-29 072554

Цель конкурса – мотивировать молодежь к разработке оригинальных и инновационных проектов, которые потенциально могут обеспечить решение энергетических задач в области нефти, газа, угля и урана.
АО «Алматинские электрические станции» представила команда активистов молодежной организации «Жарқын Болашақ»: Фариза Ботакараева, председатель МО «Жарқын Болашақ» АО «АлЭС», активисты МО – Әйгерім Дүйсенгалиева, Нұркелді Жарасқан и Мирас Қияқов.

2017-09-29 072607

KAZENERGY Жастар форумы 2008 жылдан бастап KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында өткізіліп келеді.
«Форум бес бөлімнен тұрды: «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауы; KAZENERGY «Future energy leaders» Жастар комитеті туралы баяндама; Өзін–өзі тәрбиелеу, өмір бойы білім алу, мансап құру және жеке өсу туралы ток-шоу; «Сен және сенің қуат көзің» мастер-классы және «BRAIN RING» интеллектуалды турнирі. Форум жоғары деңгейде өтті. Жаңа жобалар қызықты және тартымды болды. Біз қазір болашақ туралы ойлануымыз керек, сондықтан Еуразиялық, KAZENERGY жастар форумы сияқты форумдар өткізілуде», – деп бөлісті «Жарқын Болашақ» ҚБ төрайымы Фариза Ботақараева.

Қарттарым – асыл қазынам

Алтын күзде Қарттар күнін атап өту жақсы жәстүрге айналды. Бұл – жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Қарияларымыздың қажеттілігінен алшақ қалмай, құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар.

Мерекелік күндері қарттарға барынша құрмет, көшемет, сый – сияпаттар көрсетіліп жатады. «АлЭС» АҚ сондай жақсы дәстүрді жалғастыра отырып, Алматы қаласы Әуезов ауданының қарттары, мүгедектері, тұрғындарына арнап «Ақ Алтын» мейрамханасында мерекелік түскі дастархан ұйымдастырды және келген қонақтарға 20 азық – түлік кәрзеңкесін табыстады.

«Бұл мерекенің мақсаты қарттардың, ардагерлердің мұң мұқтажына қоғам назарын аудару. Әрбір отбасы ұрпақтарын үлкендерді ардақтауға, қадірлеуге, қамқорлық жасауға тәрбиелейді. Қарт адамдар еңбекқорлықтың, даналық пен өмірлік тәжірибенің қазынасы. Жастар үшін олардың өмірлік тәжірибесі баға жетпес асыл мұра», – деді кәсіподақ комитетінің төрағасы Валерий Ситдиков.

Аталған шараны «АлЭС» АҚ кәсіподақ ұйымының, «Нұр Отан» партиясының және «Ақ Алтын» мейрамханасы әкімшілігінің қолдауымен «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының белсенділері ұйымдастырды.

Анықтама:Халықаралық қарттар күні – 1 қазан – БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылы 14 желтоқсанда жыл сайын атап өтілетін мереке болып белгіленді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сай бүгінгі күні Қазақстанда жасына байланысты 2,1 млн зейнеткер бар.

Қазақстан Республикасында 110 стационарлы интернат үйлері қызмет етеді. 53 күндізгі стационар жұмыс істейді, ол 3,5 мыңға жуық қария жасындағы адамдарға қызмет көрсетеді. Бүгінде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері 44 мыңға жуық қарттар мен мүгедектерді қызметпен қамтыған. Содан басқа, қарттарға, оның ішінде жалғыз басты және қимылсыз мүгедектерге күндізгі стационарлар мен үйдегі стационарларда сауықтыру – қалпына келтіруге ыңғайлы жағдайлар жасалуда. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет есебінен қарттар мен мүгедектер арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген.

https://www.kt.kz/rus/society/denj_pozhilih_ljudej_otmechaetsja_segodnja_vo_vsem_mire_1153646876.html

Жасыл десант

2017 жылдың 7 қазанында Алматы қаласының 1001 жылдығына орай «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» науқаны ұйымдастырылды. Қаланың рлық аудандарында 1001 түп ағаш отырғызылды. Науқанды ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясы. Осы акцияға «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері қатысты.

 «Біз Жандосов көшесінің бойында Алматы экономика және статистика академиясы ғимаратының алдына 20 түп ағаш көшеттерін отырғыздық. Белсенді қатысқанымыз үшін бізге М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрындағы «Үлкен ұл» қойылымына екі билет берілді,- деді «Жарқын Болашақ» ЖҰ төрағасы Фариза Ботақараева.

 

Анықтама: Алматы қаласының атқарушы органдарымен қала аумағын жасылдандыруға бағытталған іс шаралар ұйымдастырылып отырады. 2017 жылы 11200 түп, оның 1300 қылқан және 9900 жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Күзде 16 мың қылқанды және жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Сондай ақ 1270 гүлзарға гүл шоқтары отырғызылды, жол магистралінің бөлгіш таспаларына, көлік айырықтарының ашық алаңдарына және қаланың басқа да бөліктеріне сән беретін тігінен көгалдандыратын 4212 элемент орнатылды. Жалпы ауданы 11 мың шаршы метрді құраған гүлзарлар мен көгалдар отырғызылды.

 

Жаңа белесте

2017-08-21 102549

2017 жылғы шілде айының соңында «АлЭС» АҚ қызметкерлері Көк Жайлау шатқалының шыңына жаяу шықты. Бас кеңсе мен 4 департаменттің қызметкерлері мен олардың балаларынан құрылған топ жаяу сапарын Медеу шатқалынан бастады. Бірнеше биік жарлар мен құламалы еңістерден өте отырып, 3 сағат жаяу жүргеннен кейін, топ биіктігі шамамен теңіз деңгейінен 1600 м биіктікте орналасқан Көк Жайлау шатқалына жетті. Бұл жердің таулы табиғаты өте көрікті әрі әсем, өсімдік әлемі мен жануарлар әлемі тек осы жердің табиғатына ғана тән болып келеді (мысалы еңлікгүл тек осы жерде ғана өседі). Сапарға қатысушы Малаев Әділ әңгімесінде: «Сонымен қатар біз Көк Жайлау сарқырамасына да түстік. Сарқыраманың таза, мөлдір әрі мұздай суы бізді едәуір сергітті, және біз сапарымызды әрі қарай жалғастыруға шешім қабылдадық», – деді.

 2017-08-21 102600

Көк жайлау шатқалына жеткеннен кейін топтың бір бөлігі әрі қарай Үш ағайынды шыңына бет алды, оның биіктігі шамамен 2860 м. құрайды. Бұл маршрут күрделігі орташа болып саналады, өйткені бұл жерде өте биік шыңдар жиі кездеседі. 1,5 сағаттан кейін «АлЭС» АҚ қызметкерлері шыңнын басына жетті. «Үш ағайынды шатқалының шыңынан бір жағында қаланың жалпы көрінісі, екінші жағынан Іле-Алатау биік тауларының көрінісі көздің жауын алады. Біздің тобымыз сапардан шабыттанып, күш-жігерге және жаңа идеяларға толы болып қайтты», – Дүйсенғалиева Әйгерім өзінің әсерімен бөлісті.

2017-08-21 102612

«АлЭ» АҚ қызметкерлерінің тауға жаяу сапары салауатты өмір салтын, белсенді демалысты, альпинизмді насихаттау, команда рухы мен өзара түсунушілікті дамыту мақсатында ұйымдастырылады.

2017-08-21 102623