Біздің тарих желісі

«АлЭС» АҚ тарихы 1935 жылдың 25 қазанынан бастап, электр қуаты 3 мың кВт болатын алғашқы турбоагрегат өнеркәсіптік жүктемеге қойылған кезден бастап өз хронологиясын жүргізіп келеді. Бұл қала мен бүкіл аймақ үшін үлкен оқиға болды. Бірте-бірте, жылдан жылға қаланың энергетикалық кешені өз қуатын арттырып, қазіргі уақытта егемен Қазақстанның энергетикасындағы жетекші компаниялардың біріне айналды.