БЖК жылу магистраліне ауқымды тазарту жұмыстарын жүргізді
Артқа
10.04.2025

БЖК жылу магистраліне ауқымды тазарту жұмыстарын жүргізді

2025 жылдың сәуір айының басында, 14 адамнан құралған БЖК қызметкерлері Рысқұлов пен Фариза Оңғарсынова көшелерінің қиылысында орналасқан 2-ЖЭО-БЖК жылу магистраліне жоспарлы тазарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға қазандық цехының, электр цехының, ЖАӨЦ және химиялық қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ келген бригада мен қоқысты тасымалдауды қамтамасыз еткен 2 жүргізуші қатысты. Жұмыс істеуге жолаушылар «Газелі» мен жүк-жолаушы УАЗ тартылды.

Науқан қорытындысы бойынша 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Магистраль аумағы ретке келтірілді.

БЖК қызметкерлері туындап жатқан бұл мәселені тұрғындардың немқұрайлығының арқасында болып жатқанынан жеткізді.

Тұрақты (жылына бірнеше рет өткізілетін) сенбіліктерге қарамастан, іргелес жатқан үйлердің тұрғындары жылу магистралі аймағын сұрапыл қоқыс үйіндісі ретінде пайдалануды әлі де болса жалғастыруда.

– Жылу магистралінің жанында тұратын тұрғындардың өздері құбырдың астында және оның жанында қоқыс жинағыштар жасағанын көру бізді өте қатты қынжылтады. Қоқыс үшін арнайы арналған орындар бар. Тазалық мәдениеті – бұл әркімнің өз жауапкершілігі, – деп атап өтті Жылу трассасы бойынша қазандық цехының аға шебері Сәрсембай Болат.

Науқанға қатысушылар қала тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды:

– Мәдениет өзімізден басталады. Егер әрбір қала тұрғыны қаламыздың әр аумағына өз үйіндегідей қарайтын болса, онда біздің барлық жеріміз таза болады, – деді Химия қызметінің химиялық талдау зертханашысы Троецкая Оксана.

– Кейде, қоқысты жинап жатып, мен: неліктен тұрғындар өз үйінің жанындағы қоршаудың сыртына қарай қоқыс тастайтындықтарына ойланып қаламын? Олар осы ауамен дем алады, осы жолмен де жүреді, осының барлығын көреді. Ал, олардың балалары болса, болып жатқан көріністі көріп, өмірлік үлгі ретінде қабылдайды. «Таза Қазақстан» – ол әрбір азаматтан басталады, – деп толықтырды ЖАӨЦ электр станцияларын жөндеу және АжӨҚ жөніндегі электр слесарі Төлепберген Айбек.

БЖК – жылу магистралінің тазалығын сақтау бойынша жүйелі жұмысты әлі де болса жалғастыруда, алайда, мұндай күш-жігердің тиімділігі тұрғындардың санасына да тікелей байланысты. Кәсіпорын азаматтарды әкімдіктің жедел желісі арқылы заңсыз қоқыс тастау туралы ақпаратты жедел хабарлауға шақырады және қала тазалығы – ол әркімнің қолында екендігін еске салады!

Бейнежазбаны қараңыз https://www.youtube.com/shorts/t7LqQey7AM0