БУРАМБАЕВ ЕРЖАН ТОКСАНБЕКОВИЧ

БУРАМБАЕВ ЕРЖАН ТОКСАНБЕКОВИЧ

Туған күні – 20.11.1968 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғары:

1) Ленин, Октябрь революциясы және Еңбек Қызыл ту орденді Г.В. Плеханов атындағы Санкт-Петербург тау-кен институты

Мамандығы: Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру

Біліктілігі: Тау-кен инженері, бітірген жылы – 1992 ж.

2) Халықаралық банк институты

Мамандығы: Дағдарысқа қарсы басқару

Біліктілігі: Экономист-менеджер, бітірген жылы – 2000 ж.

3) Санкт-Петербург мемлекеттік университеті

Мамандығы: Кәсіпорындағы экономика және басқару, бітірген жылы – 2000 ж.

Аффилиирленген компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ.

Жұмыс тәжірибесі:

2025 жылғы 15 тамыздан бастап – қазіргі уақытты қоса алғанда – «АлЭС» АҚ Даму және құрылыс жөніндегі басқарушы директоры;
07.2023 ж. бастап 08.2025 ж. дейін – «АлЭС» АҚ Салынып жатқан кәсіпорындар департаментінің техникалық құжаттама басқармасының бастығы;
07.2022 ж. бастап 07.2023 ж. дейін – «АлЭС» АҚ Өтелмелі қызмет көрсету шарты;
04.2021 ж. бастап 08.2021 ж. дейін – «КАЗТУРБОРЕМОНТ» СО» ЖШСЖоба үйлестірушісі;
04.2008 ж. бастап 10.2019 ж. дейін – «АзиялықГазқұбыры» ЖШС МУК Талдау және бақылау департаментінің директоры, Ішкі бақылау қызметінің басшысы.

Қоғамда жауап беретін мәселелерінің аясы:

1. Қоғамның инвестициялық жобаларды іске асыру саласындағы саясатын іске асыруды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және практикалық қызмет. «АлЭС» АҚ инвестициялық жобаларының бастамашылығын, іске асырылуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономика жағдайында АҚ инвестициялық саясатын және перспективалық даму бағытын айқындайды. «АлЭС» АҚ инвестициялық қызметін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қаржыландыру көздерін анықтауды, «АлЭС» АҚ-ның инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін қаражатты тарту жұмысын Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директормен бірлесіп ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. «АлЭС» АҚ объектілерін қайта құру, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту және жаңадан салуға қатысты инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді. «АлЭС» АҚ инвестициялық жобаларының орындалуын бақылауды және талдауды қамтамасыз етуді іске асырады. Күрделі құрылыс, өндірісті қайта құру және жаңғырту, инвестициялық ресурстарды мақсатты және тиімді пайдалану бөлігінде жасалған инвестициялық шарттардың, келісімдер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

2. «АлЭС» АҚ инвестициялық қызметін, «АлЭС» АҚ объектілерін қайта құруды, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді және жаңадан салуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Инвестициялық жобалардың орындалу мониторингін қамтамасыз етеді. Техникалық қайта жарақтандыру және өндіріс тиімділігін арттыру бөлігінде бизнес-жоспарлар жасауға, қажетті қаржы қаражатын, оның ішінде құрылысқа, жабдықтарды жобалауға және сатып алуға арналған инвесторлардың қаражатын, сондай-ақ күрделі салымдарды қаржыландыру көздерін айқындауға қатысады. Қолданыстағы активтерді күрделі салу, кеңейту, жаңарту, қолдау, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бөлігінде инвестициялық жобаларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыруды, оларды келісуді және белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

3. Инвестициялық жобалардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Құрылыс және қайта жаңарту объектілері бойынша жобалау алдындағы, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті барлық материалдарды уақтылы беруді ұйымдастыруды жүзеге асырады. Инвестициялық жобаларды тапсыру, қабылдау және пайдалануға беру бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді. Қоғамның қоғамдық байланыстарын дамыту шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-рекеттерді жүзеге асырады.

4. Уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет. Қоғамның инвестициялық қызметі мәселелері бойынша ақпаратты уақтылы жинауды, талдауды, қалыптастыруды және уәкілетті және мемлекеттік органдарға ұсынуды бақылауды қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік және уәкілетті органдар, заңды және жеке тұлғалар алдында Қоғамның мүддесін білдіреді.

5. Персоналды басқару, персоналды дамыту. Қоғамның ішкі рәсімдері аясында өзіне есеп беретін құрылымдық бөлімшелердің қызметінің негізгі көрсеткіштерін, саясаттарын, ережелерін және Қоғамды дамытудағы стратегиялық басымдықтарын айқындап, олар бойынша коммуникацияны жүзеге асырады, өзінің лауазымына, сондай-ақ қадағалайтын бөлімшелердегі негізгі лауазымдарға мұрагерлер даярлайды, персоналдың тұрақты дамуын, біліктілігін арттыруды және оқытуды қамтамасыз етеді, бағыныштыларының уәждемесін және еңбектің өнімділігін арттыру мақсатында нәтижелі еңбек ахуалын қалыптастырады.

6. Комплаенс тәуекелдерді басқару. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының комплаенс функциясы бойынша Корпоративтік стандарты шеңберінде қадағаланатын құрылымдық бөлімшелер мен процестерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау жүйелерін құруға және іске асыруға жауап береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін, оның ішінде саясатты және мақсаттарды әзірлеуді, енгізуді, жұмыс жағдайында ұстап тұруды және қайта қарауды қамтамасыз етеді, бұл қолданыстағы және пайда болып жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сәйкес әрекет етуге, комплаенс мәдениетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және құқықбұзушылықтарды қабылдамауды ілгерілетуге бағытталған.Қадағаланатын құрылымдық бөлімшелердің процестерінде комплаенс саясаты талаптарының қолданылуын, комплаенс тәуекелдерін (оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін) сапалы және уақтылы талдауды, сондай-ақ оларды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен орындауды қамтамасыз етеді; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары ретінде анықталған оқиғаларға уақтылы әрекет етеді.Жауапты жұмыскерлердің комплаенс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің әртүрлі аспектілері бойынша оқудан өтуі арқылы олардың біліктілігін тұрақты түрде арттырып отыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтің тиісті түрде құжатталуын, соның ішінде жауапты жұмыскерлердің құзыреттері туралы құжаттамаға бақылауды жүзеге асырады.Компания жұмыскерлері тарапынан, олардың қандай құрылымдық бөлімшеге жататынына немесе басқару деңгейіне қарамастан, комплаенс саясаты талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері туралы өзіне белгілі болған жағдайларды комплаенс-офицерге уақтылы хабарлауды, сондай-ақ комплаенс-офицерге сұратылған есептерді, ақпаратты және құжаттарды уақтылы беруді қамтамасыз етеді. Тікелей өзіне бағынысты жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін, егер қол астындағы жұмыскер жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу бойынша лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін басшының кінәсі арасында байланыс анықталған жағдайда жауапты болады.

Басшылық етеді және жұмысын бақылайды:

Салынып жатқан кәсіпорындар департаменті:
– Өндірістік басқарма;
– Жабдықтарды жиынтықтау басқармасы;
– Техникалық құжаттама басқармасы;
– Талдау және бақылау басқармасы.

Жобалау кеңсесі:
– Перспективалық даму басқармасы;
– Инвестициялық бюджет және талдау басқармасы;
– 2-ЖЭО жобасы басқармасы;
– 3-ЖЭО жобасы басқармасы.