Біз – бір командамыз! «Самұрық-Энерго» АҚ-ның X спартакиадасына қатысқан АлЭС
Артқа
18.06.2025

Біз – бір командамыз! «Самұрық-Энерго» АҚ-ның X спартакиадасына қатысқан АлЭС

2025 жылдың маусым айында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның мерейтойлық X спартакиадасы өтті. Бұл айтулы шара спортты, энергияны және командалық рухты дәріптеген жарқын мерекеге айналды. Еншілес ұйымдардан жиналған 600-ден астам спортшы жиналып, күш тек бұлшықетте ғана емес, сонымен қатар бірлікте, қолдауда және соңына дейін күресе білуде екенін дәлелдеді.

«АлЭС» АҚ командасы өз мінезін тағы бір мәрте дәлелдеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді! Бұл жай ғана нәтиже емес – бұл біздің энергиямыздың, ішкі күшіміздің және біртұтас команда болмысымыздың көрінісі.

– Бұл жай ғана жарыс емес. Бұл – әдеттегі күндері турбиналарды іске қосып, қазандықтардың параметрлерін бақылап, өндірістің қауіпсіздігі мен тазалығын қамтамасыз ететін адамдардың хикаясы. Ал мұнда олар алаңға шығып, стартқа тұрып, арқан тартып, қақпаны қорғайды. Мұның бәрі – шынайы. Бәрі – шын жүректен, – дейді үстел теннисінен үшінші орын алған Мердігерлік жұмыстарды басқару басқармасының бас маманы Сабина Имаева.

Киберспорт, жүзу, армрестлинг, асық ату, тоғызқұмалақ – осы спорт түрлерінде біз бірінші орынды иелендік. Мұнда біз тек бұлшықетпен ғана емес, зейінмен, жігермен, сеніммен және өзара түсіністікпен жеңдік.

– Бұл керемет болды! Киберспорттағы жеңіс – тек ойын туралы емес, ол стратегия, сенім және командалық жұмыстың нәтижесі. Міне, осының барлығын біз шын мәнінде іске асырдық, – дейді ЭКЕАЖ қызметінің бас маманы, киберспорт командасының мүшесі Ертаc Сабыржан.

– Жүзу жарысының стартында тұрғанымда бір ғана ой болды – ол команданың үмітін ақтау. Ал, финишке бірінші болып жеткен кезімде, «АлЭС»-тің сонымен қатар, судың үстінде де жеңе алатынын түсіндім, – деп күледі 3-ЖЭО бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші бухгалтері, әйелдер арасындағы жүзуден жеңімпаз атанған Оксана Костарева.

– Мен ұзақ жылдар бойы армрестлингпен айналысып келемін, бірақ туған компанияның туы астында ойын алаңына шығу – ерекше әсерлі болды. Бұл алтын медаль – тек менікі ғана емес, ол бүкіл «АлЭС» командасының жеңісі, – дейді БЖК Қазандық цехының машинисі Мұхамед Қуан.

Баскетбол және мини-футбол командалары бізге күміс медаль сыйлады. Бұл жарыстарда бәрі болды: шиеленісті ойындар, ерік-жігерге толы шабуылдар, әдемі голдар мен лақтырулар, нағыз жігіттік эмоциялар.

– Біз бір құрылғы сияқты үйлесімді ойнадық. Иә, бәрі ойдағыдай болмады, бірақ ойынға бар күшімізді салдық. Оны әдемі орындауға тырыстық, – дейді Әдіснама басқармасының бастығы, баскетбол құрамасының мүшесі Владимир Ким.

– Спартакиададағы футбол – бұл көптеген эмоция. Бұл құмарлық. Бұл күрес. Біз екінші болдық, ал бұл келесі жылы бірінші болуға ынталандырады, – дейді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Турбиналық цехының сорғы қондырғыларының машинисі, футбол құрамасының мүшесі Ерсін Атамқұл.

Күміс медальді тоғыз құмалақ, жүзу және садақ ату спорт түрлері де әкелді. Әр жеңіс – ол біреудің өзін-өзі жеңуі, жаттығуы мен рухани өсуінің жеке тарихы.

Ерлер волейболы, арқан тарту, армрестлинг, үстел теннисі, жүзу және садақ ату – бұл біздің әр кездесуде берілмей, соңына дейін күрескен спорт түрлері.

– Мен алғаш рет Бурабайға келіп тұрмын. Спартакиадаға да бірінші рет қатысып тұрмын. Және бірден қола медаль алдық! Арқан тарту кезінде бүкіл команданың болашағы сол сәтке тәуелді болып тұрғандай болды. Ұмытылмастай әсер! – дейді БЖК Электр техникалық цехының релелік қорғаныс және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері, арқан тарту командасының мүшесі Мирас Мәдиқасымов.

– Біздің волейбол командамыз әртүрлі өндірістік бөлімшелерден құралды. Бірі 2-ЖЭО-да, енді бірі «Энергожөндеу» ӨЖК-де жұмыс істейді. Бірақ алаңда біз біртұтас команданың мүшелері сияқты болдық. Бұл ең бастысы, – дейді «Энергожөндеу» ӨЖК электр дәнекерлеушісі Айдос Селеубаев.

– Мен армрестлинг жарысында АлЭС атынан өнер көрсеттім. Командам мені қолдап тұрғанын сездім, бұл маған ерекше қуат берді, – дейді БЖК Химиялық қызметінің химиялық талдау зертханашысы Ольга Баянова. Бурабай – біріктірді, шабыт берді, қуат сыйлады.

Бұл жарыста жеңілгендер болған жоқ.

Жеңімпаздар болып – стартқа тұрғандар, жеңіліске берілмегендер, әріптестерін қолдағандар және өзіне әрі командасына сенген жандар болды.

– Спартакиада – бұл біз туралы, яғни күн сайын еңбек етіп жүріп, спортпен айналысуға да күш таба білетін жандар туралы. Ұйымдастырушыларға және бүкіл «АлЭС» командасына алғыс айтамын – сіздер ең үздіктерсіздер! – дейді «Энергожөндеу» ӨЖК Жөндеулер қызметінің жетекші инженер-бағдарламашысы, садақ атудан екінші орын иеленген Фариза Ботақараева.

– «АлЭС» – бұл үлкен отбасы. Бурабайда біз мұны ерекше сезіндік. Бір-бірімізге жанкүйер болдық, қолдадық, әр ұпайға қуана білдік. Бұл – ұмытылмас әсер, – дейді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Жылу автоматикасы және өлшеулер цехының бас маманы, арқан тарту командасының капитаны Бауржан Бектұров.

«АлЭС» – бұл тек энергия ғана емес. Бұл – рух. Бұл – күш. Бұл – жеңіс.

Барлық қатысушыларды, жаттықтырушыларды және жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз! Бұл Спартакиада – достықтың, спорттың және корпоративтік мәдениеттің жаңа кезеңі болсын. Өйткені біз – бір командамыз. Біз – «АлЭС»-піз!