Бірлік пен дәстүрдің көктемгі спорттық мерекесі: «АлЭС» АҚ-дағы Наурызнама
Артқа
20.03.2025

Бірлік пен дәстүрдің көктемгі спорттық мерекесі: «АлЭС» АҚ-дағы Наурызнама

Жаңару мен бірліктің нышаны – Наурыз мерекесі аясында «АлЭС» АҚ-да қызметкерлердің жүрегін жылулық пен қуанышқа толтырған жарқын спорттық жарыстар өтті. Компанияның өндірістік департаменттерінің барлығы достық бәсекелестігі мен ұлттық бояу ахуалына, ал ұлттық ойындар мен жасалған тәтті-дәмділер – өткен және қазіргі заманның арасын байланыстыратын көпірге айналды.

«Біз көне әдет-ғұрып дәуіріне көшкендей болдық. Ал, бізге берген дәмді тамақтарды айтсаңызшы… Бауырсақтар, шелпектер, хош иісті палау мен наурыз көже – осының барлығы жан мен асқазанның нағыз үйлесімді рахатына айналды», – деп «Энергожөндеу» ӨЖК тиекті арматурасын жөндеу учаскесінің бригадирі Олег Пекущев күлімсіреп бөлісті. Оның командасы «арқан тартыс» ойыны бойынша ОҚТО департаментіне қарсы қызу жарысына қатысып, сергектік пен жағымды эмоцияларға ие болды. Бүгінде Олег тек үздік қызметкер, шебер және өз ісінің кәсіпқойы ғана емес, сонымен қатар Әлем чемпионатының жүлдегері, жатып сығымдау бойынша Азия чемпионы. Ол өз әріптестерінің жаттықтырушысы.

«Арқан тартыс» ойыны бұлшық еттер үшін ғана емес, сонымен қатар командалық рух үшін де үлкен сынақ болды. Өткен жылдардың жеңімпаздарымен жарысқан ОҚТО департаментінің аға шебері Әбусейт Бәкіров былай деп атап өтті: «Біз ОҚТО және «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлерінің арасында өткен, екі топқа бөлінген қызықты ойынның куәсі болдық. Қарсыластарымыз өте мықты болды, бірақ біз де өз рухтарымызды түсірмеуге тырыстық. Біз бүгін жеңілсек, онда ертең одан да жақсы дайындалуға тырысамыз! Сонымен қатар, біз асық ату, садақ ату сияқты дәстүрлі ойындарды тамашаладық».

«Асық ату» ойыны да қатысушылардың сағынышын тудырды. 2-ЖЭО Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Арман Исаев балалық шағын қуанышпен еске алып, былай деп мойындады: «Қазір әріптестеріммен асық ойнап жатып, мен өзімді қайтадан кішкентай бала сиақты сезіне бастадым. Құмарлық, күлкі, бәсекелестік рухы – бұл барлықтармызыды біріктіретін керемет қасиет!»

Тоғызқұмалақ» зияткерлік шайқас ойыны стратегия әуесқойларын да жинады. «Киіз үйде жатып, құмалақтарды сұрыптаған сайын – сіз өткен ғасырларға кері қайтқандай боласыз. Бұл жай ғана ойын емес, ол адамды ойлануға үйрететін ғасырлық мұра», – деп бөлісті 2-ЖЭО Жөндеу қызметінің инженер-технологы Айтқұл Айбол.

Қыздар мен жігіттер өздерінің ептілігін көрсете білген «қол күресі» ойыны да назардан тыс қалған жоқ. Өткен жылы Спартакиадада үшінші орын алған Қызметкерлерді дайындау бөлімінің жетекші маманы Темирова Гаухар мақтанышпен былай деді: «Бүгін тіпті жігіттермен де қол күрестірдім! Биыл тағы бір сатыға көтерілетініме сенімдімін».

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Жылу автоматикасы және өлшеу цехының бас маманы Бектұров Бауыржанның сүйікті ойыны – ол «садақ ату». Ол тек өзі ғана ойнап қоймай, сонымен қатар жаңадан келгендерге ойын ережелерін түсіндіріп, садақ пен жебені қалай ұстау керектігін көрсетті.

Өткен іс-шара жай ғана жарыс емес, сонымен қатар ұрпақтардың тірі диалогына айналды. Себебі, ойындарға қатысу, кең дастархан басындағы жан-жақты әңгіме, музыка мен би – осының барлығы қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтты. «Өздерімізді үлкен отбасының бір бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігін сыйлаған ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз», – деп бірауыздан атап өтті қатысушылар.

«АлЭС» АҚ-дағы өткен Наурызнама мейрамы – мәдени тамырларды сақтай отырып, өзара құрмет пен бірлескен жеңістерге толы болашақты құруға болатындығының тағы да бір дәлелі.