Бір ғасырдан астам
Әулеттің негізін қалаушы Владимир Николаевич Кандауров 1959 жылы Алматы МАЭС станциясының құрылысына жұмысшыларды тартқан кезде бастаған болатын. Қазір бұл ұйым 3-ЖЭО деп аталады. Басында тек кішігірім ақша тапқысы келген. Ал Владимир төрт жыл бойы станция іске қосылғанға дейін мердігер СУ МАЭС-те қара жұмысшы боылып әр түрлі жұмыстарды атқарды.
Владимир
Ал, құрылыс салынып біткеннен кейін ол жұмыс орнын өзгертпеді, ол станцияның өзіне ауысып алды. Ол жылу автоматикасы цехында автоматиканы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрослесарь болып жұмыс істеді. Арасында ұзақ уақытқа емес, тек үш айға ғана әскерге барып келді. Мемлекет алдындағы борышын атқарып келгеннен кейін университетке оқуға түсті, содан кейін 20 жылдан астам ішкі істер органдарында қызмет етті.
Бірақ тағдырдан қашып құтылмайсыз …
Надежда
1973 жылы он жыл бұрын өзі құрылысын салуға қатысқан Алматы МАЭС станциясының бухгалтері Владимир Надежда Москутовамен кездесті. Көп ұзамай жастар өз отбасын құрды, осылайша Кандауровтың энергетиктер әулетінің іргетасы қаланды.
Владимир мен Надежданың сияқты отбасыларда жақсы дәстүрлер сақталған. Станцияда Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының ардагері Надежда Васильевна зейнеткерлікке шыққанға дейін, яғни, 2010 жылға дейін жұмыс істеді. Ол туралы қазіргі оның әріптестері мен шәкірттері сағына еске алады.
Галина
Кандауровтардың қызы Галина да мамандық таңдауда қателеспеді.
– Мамандық таңдау – алдын-ала белгілі болды десек те болады. Мен мектепті бітірген кезде бірден ойланбастан ЖЭО-да жұмыс істеуге шығып кеттім, – деді Галина Горбовская (күйеуінің тегі бойынша). – Жұмыс істей жүріп, мен бухгалтер мамандығын оқып алдым.
Галина энергетиктердің дәстүрлері әр цехта әр түрлі екенін айтады. Мысалы, бухгалтерлер зейнеткерлікке шығар алдында ағаштарды немесе гүлдерді отырғызады, осылайша оның мұрагерлері жас көшеттерді күтіп баптап, өсіреді.
Қазір Галина кадрлар бөлімінің бастығы қызметін атқарады және бір ғасырға жақындаған отбасының энергетикадағы тәжірибесін мақтан тұтады.
– Энергетик мамандығының міндеті – ол әрдайым оқиғалардың ортасында болуды білдіреді, – дейді Галина. – Өйткені электр энергиясы өмірдің барлық салаларына қажет. Үйге келгенде де, көршілер: «бүгін суық боп тұр; жарық сөніп қалыпты; су да суық» деп қарсы алады. Барлығы дерлік осындай сұрақтармен келеді. Қазірдің өзінде сіз көршілердің жылы батареялары үшін,
үйдегі жарық үшін жауаптысыз. Бірақ соңғы уақытта көршілер шағымданбайтын болды – бұл бәрі жақсы дегенді білдіреді!
Геннадий
Оның ағасы Геннадий әскерде борышын атқарып келгеннен кейін 3-ЖЭО станциясында қызметін бастады. Ол турбиналық цехтан бастап, слесарьдан бастап ауысым бастығына дейінгі лауазымға көтерілді. Компанияның бетке ұстар жұмыскері.
Геннадий мен Галинаның балалары да отбасылық кәсіптен қол үзген жоқ: олар сол ауылда өсіп, станция іс-шараларына қатысып есейді. Осылайша, Кандауров – Горбовскийдің үшінші буынының энергетиктер мамандығына деген қызығушылығы жастайынан көрінген болатын.
Мамандықтың үшінші ұрпаққа жалғастығы
Бүгінде компанияда Галинаның ұлы Данил жөндеу жөніндегі инженер және Геннадийдің қызы Анастасия 3-ЖЭО станциясында экономист қызметін атқарады.
– Көптеген жылдар бойы Галина және оның отбасы жұмысшылар ғана емес, 3-ЖЭО тарихының бір бөлігіне айналды. Ұжымдағы қарым-қатынасқа және іс-шараларға қатысуына байланысты отбасылық құндылықтар олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды, – дейді станция кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнара Жаманбаланова. – Көп жағдайда энергетикалық компаниялар қызметкерлерінің отбасылары кенттерде тұрады. Бұл кенттерді бір кездері компаниялар өз жұмысшылары үшін арнайы салған болатын. Компаниялар жергілікті балабақшаларды, мектептерді өз теңгеріміне алады, коммуналдық және басқа да жағдай үшін өздері жауап береді. Мұндай ауылдарда энергетиктердің отбасылық жұптары пайда болатыны да таңқаларлық емес. Олар өз білімдерін, тәжірибелерін, ең бастысы – мамандыққа деген сүйіспеншілігін балаларына үйретеді!
Алға, болашаққа қарау
Әулет бойынша кәсіпті жалғастыру – бұл жақсы дәстүр, – дейді Кандауров – Горбовский отбасылары. Бірлік, тәжірибе және өз кәсібіне деген сүйіспеншілік оларды Қазақстанның энергетикалық мұрасының маңызды бөлігіне айналдырады және энергетиканың болашағына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді, – дейді «АлЭС» АҚ-та.
– Қазір Қазақстанда, әсіресе энергетика саласында техникалық мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан біз өзіміздің отбасымызда тәжірибе мен білімді жас мамандарға бергіміз келеді, – дейді Галина Горбовская. – Қазіргі уақытта энергетика жаңа деңгейге көтеріледі деп үміттенеміз. Мемлекет бұл саланы міндетті түрде қолдайтынына сенімдімін.