Балалар сурет салғанда – бүкіл әлем жымияды
Артқа
14.08.2025

Балалар сурет салғанда – бүкіл әлем жымияды

«АлЭС» АҚ қызметкерлері әрбір үйде жарық пен жылу болуы үшін аянбай еңбек етуде, ал олардың балалары сурет арқылы әлемді мейірімді, күншуақты және жарқын етуге тырысады. Қазақстандық энергетиктер салалық кәсіподағы ұйымдастырған балалар сурет байқауы мәресіне жетті. Бұл байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық жас суретшіні біріктірді. Біздің үлкен «АлЭС» АҚ отбасымыздың атынан байқауға 171 сурет жолданды және олардың әрқайсысында кішкентай авторлардың шығармашылығы мен жүрек жылулары көрсетілді.

Байқау үш жас санаты бойынша өтті, және біздің балалар тағы да мақтаныш сыйлады!

3-7 жас аралығындағы санатта Бас жүлдені Батыс жылу кешенісорғы қондырғыларының машинисі Разгүл Жүнүсбекованың қызы Айша Байтуған жеңіп алды.

13-16 жас аралығындағы топта екінші орынды Каскад ГЭС гидротехникалық цехының бастығы Максим Неборактың қызы Маргарита Неборак иеленді.

Бұл байқауға Маргарита Неборак бірнеше жыл қатарынан қатысып келеді: – Маған әрқашан сурет салу ұнайды, ал бұл байқау жаңа идеяларға шабыт берді. Мен сюжет ойлап тауып, түстерді таңдап, көңіл-күйді жеткізуге тырыстым. Үлкендердің біздің жұмысымызды көріп, бағалағаны өте қуантады. Келесі байқауды асыға күтемін, одан да жақсы сурет салуға тырысамын! – деді ол.

Әрбір ата-ана өз балаларының жетістіктерін мақтан тұтады.

– Мұндай байқаулар – жай ғана сурет салу емес. Бұл балалардың табандылығын, армандай білуін, мақсатқа ұмтылуын тәрбиелейді. Балаларымыздың өздерін маңызды сезінуіне және компания өмірін жарқын түстермен әрлеуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға үлкен рақмет! – деп есептейді Маргарита Неборактың әкесі Максим Неборак.

Жас суретшілердің әрбір жұмысы – балалар қиялына ашылған кішігірім күншуақтерезесі сиақты. Сол терезеде жылу мен махаббат көп болса, біздің үлкен энергетикалық отбасымыздың болашағы нұрлы екені айқын.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Олар бізге өмірдегі ең маңызды нәрселер – отбасы, сүйіспеншілік және айналамыздағы сұлулықты байқау екенін тағы бір мәрте еске салды.