Балалар денсаулығын қолдауға арналған жүгіру
Samruk Charity Marathon қайырымдылық іс-шарасынан түскен қаражат 200 миллион теңгені құрады. Бұл қаражаттың барлығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беруге арналған 10 инклюзия кабинетін құруға жұмсалатын болады. Осындай игі мақсат мамыр айының басында Samruk Charity марафонының үш мыңға жуық қатысушысының басын қосты. Олардың қатарында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері мен серіктестері, сондай-ақ Астана тұрғындары да болды. Шақыру сондай-ақ «АлЭС» АҚ-ның 8 энергетигі тарапынан да қабылданды.
Марафон елордада 5 және 10 шақырымдық қашықтық бойынша өткізілді. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов спортшыларға қолдау білдіре отырып, 2024 жылмен салыстырғанда қатысушылар санының 1200 адамнан 3000 адамға дейін өскенін атап өтті. Дәстүрге сөзімен де, ісімен де қолдау көрсеткен ол 10 шақырымдық жүгіруге де қатысты.
АлЭС-тен қатысқан марафоншылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Алматылық компаниядан үш жеңіл атлет тұғырға көтерілді. 10 км қашықтыққа жүгіруге М 60+ санаты бойынша қатысқан «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Ғазий Жұмабайұлы Исмұхамбетов екінші орынды иеленді. Оның «күміс» уақыты 43 минут 38 секундты құрады.
10 км қашықтыққа жүгіруге М 40-49 санаты бойынша қатысқан «АлЭС» АҚ Жөндеулер қызметінің бас маманы Ержан Жанмайлов үшінші орынды иеленді. Ол мәреге 38 минут 59 секунд уақытта жетті. Қола медаль «АлЭС» АҚ Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО АРҚ электр монтаждаушысы Бекзат Қалеловқа тиесілі, ол да 10 км қашықтық бойынша жүгіруге толығымен өз үлесін қосты. Ол компания атынан М 18-29 жас тобы бойынша қатысып, оның секундөлшеуіштегі уақыты 40 минут 13 секундты көрсетіп тұрды.
«Мен Samruk marathon-ға екінші рет қатысып отырмын. Биыл өзімнің жас санатым бойынша үшінші орынға ие болдым, бұған өте ризамын», – дейді Бекзат. – Ерекше балаларға ерекше жолмен – жүгіру арқылы көмектесуге мүмкіндік беретін іс-шараның қатысушысы болғаныма қуаныштымын. Samruk marathon-ының әрі қарай да өз жалғасын тапқанын қалаймын».
Қатысқаны және жаңа жеке рекорд орнатқаны үшін берілген жетінші медаль «Энергожөндеу» ӨЖК ӨТБ өндірісті дайындау жөніндегі инженер Жанерке Панарханқызының қоржынына түсті.
«Жүгіру менің өміріме дендеп енген және мені әлсін әлі шабыттандырып отыратын нәрсе. Спорттың адамдарды ғана емес, тұтас ұйымдарды да біріктіріп отырғаны ерекше қуантарлық жағдай. Біздің команданың осы іс-шараның бір бөлігіне айналғанына да қуаныштымын, – дейді Жанерке. – Мен жүгірудің әр сәтін тамашалап, елорданың сәулетінен, Ботаникалық саябақ көріністерінен және айналамыздағы керемет көңіл-күйден әсер алуға тырыстым.
Қайырымдылық мақсатында жүгіру бойынша өткізген осындай шабыт сыйлайтын іс-шара үшін @samrukmarathon-ға ризамын!
Команда құрамында осындай ауқымды және маңызды іс-шараларға қатысу мүмкіндігін сыйлағаны үшін «АлЭС» АҚ-ға да ерекше алғысымды білдіремін. Жағымды істердің пайдалы істермен ұштасқанын ұнатамын. Жаңа бастамаларда кездескенше!»
Марафонның көптеген қатысушылары үшін оның мақсаты – ізгілігі мен маңыздылығы – дамуға, өз ауруын жеңуге мүмкіндік алатын балалар үшін де, жалпы қоғам үшін де маңызды болуы шешуші нәрсеге айналып отыр. Өйткені адамдар осындай қайырымдылық акцияларын өткізуі және оған қатысуы арқылы өздерінің ең жақсы қасиеттерін, қолдауға мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын екендіктерін көрсетуге мұмкіндік алады ғой.
«Астанада өткен Samruk Charity Marathon – тамаша іс-шара: барлығы жақсы ұйымдастырылған, жылы көңіл-күй, адамдар көп. Бойымызда тек жақсы әсерлер ғана қалды, – деп атап өтті «Энергожөндеу» ӨЖК өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженер Диас Асылбек. – Әріптестеріммен бірге жүгіріп өтіп, жақсы іске атсалысу жағымды әсер қалдырды. Марафонды өткізуден түскен қаражат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға жұмсалады – бұл шынымен маңызды болып табылады».
Бұл Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жөндеу қызметінің бастығы Әсет Әмірбеков үшін де маңызды. Ол командалық рух пен бірлесе күш салудың арқасында станция ұжымы тек топтасып қана қоймай, жұмыскерлер арасында жүгіруді дәріптеуге үлес қосқанын атап өтті. Ал ортақ іс, ортақ мүдделер адамдарды біріктіреді.
«Жүгіру көбінесе өмірдің өзіне ұқсас: сіз мақсат қоясыз, арақашықтықты белгілейсіз, шамаңызды саласыз және нәтижеге қол жеткізесіз. Ең бастысы – сынып кетпей, жарты жолдан қайтып тайқып кетпей, қуатыңды, өзіңе деген сеніміңді сақтап, мақсатқа жету».
Әсіресе, егер мақсатыңыз барлық жағынан алғанда шын мәнінде ізгі болатын болса …