Бәрі сенімнен басталады: А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО ӨТБ тимбилдингі
Артқа
30.06.2025

Бәрі сенімнен басталады: А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО ӨТБ тимбилдингі

Нағыз ұжым тек өндірістік цехтарда немесе жұмыс кеңестерінде ғана емес, сонымен қатар қызметтік орындардан тыс жағдайларда да қалыптасады – бұл әріптестердің бір-бірін тереңірек танып, өзара сенімді нығайтып, командалық рухты сезінуге мүмкіндік беретін сәттер. Осындай маңызды іс-шараның бірі – А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Өндірістік-техникалық бөлімінің жұмыскерлері үшін алғаш рет ұйымдастырылған бірлескен тимбилдинг болды.

Кездесудің бастамашысы әрі ұйымдастырушысы ӨТБ бастығының орынбасары Беглан Разқұл болды. Ол үшін атпен серуендеу форматы бұрыннан таныс: бұған дейін ол станцияның басқа жұмыскерлерімен осындай сапарлар ұйымдастырған және дәл атпен қарым-қатынас, таза ауа және ортаның өзгеруі ұжым ішіндегі қарым-қатынасты жеңілдетіп, жылы байланыс орнатуға көмектесетініне көз жеткізген.

Өндірістік-техникалық бөлімнің қыз-келіншектері үшін мұндай форматтағы тимбилдинг – нағыз жаңалық болды: қатысушылардың басым бөлігі алғаш рет атқа міну тәжірибесінен өтті. Бұл жайт іс-шараға ерекше жылы атмосфера мен жарқын әсерлер сыйлап, оны ұмытылмас естелікке айналдырды.

– Атқа міну көптеген жағымды әсер сыйлады, – деп бөлісті ӨТБ технигі Айгүл Нұртаева. – Әсіресе, жұмыс аясынан тыс жерде еркін әңгімелесіп, ұжымның шынайы, жылы энергиясын сезіну ерекше құнды болды. Мен үшін бұл алғашқы тәжірибе болды – және ол аса жағымды, есте қаларлықтай өтті.

ӨТБ инженері Жанна Серікбаева мұндай кездесулердің ұжымды шынымен жақындастыратынын атап өтті:

– Тимбилдинг жылы, достық атмосферада өтті, ол шынайы бірігуге сеп болды. Біз тек әріптес ретінде ғана емес, адам ретінде де бір-бірімізге жақындай түстік. Бұл жұмыс барысындағы сапалы өзара әрекеттестік үшін аса маңызды.

Инженер-метролог Айдана Шарғынова мұндай бастамалардың маңыздылығына ерекше тоқталды:

– Ұжымда тек жұмыс процесіне ғана емес, адами қарым-қатынасқа да көңіл бөлінетіні қуантады. Бұл ынталандырады, сенімді нығайтады, сондай-ақ жұмыс барысының үйлесімді әрі тиімді болуына ықпал етеді.

Табиғат аясында өткен күн, атпен серуендеу, еркін форматтағы жылы әңгімелер мен бейресми жағдайда ұйымдастырылған кешкі ас – мұның бәрі кездесуді шынымен есте қаларлықтай етті. Мұндай сәттер тек эмоциялық сергектік сыйлап қана қоймай, нағыз команданың қалыптасуына да ықпал етеді.

Беглан Разқұлға шабыттандырғаны, қамқорлығы және адамдарға деген ықыласы үшін алғыс білдіреміз. Мұндай кездесулер А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО ӨТБ-де игі дәстүрге айналсын деген тілек білдіреміз!