Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО: жаңа жылыту маусымындағы сенімділік пен тиімділік
Артқа
09.10.2024

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО: жаңа жылыту маусымындағы сенімділік пен тиімділік

Алматы қаласында жылу беру маусымының басталу қарсаңында Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-ны іске қосу жұмыстары басталды. Электр және жылу энергиясын өндіруге бастау болған №10 ст.қазан агрегаты және №8 ст. турбина агрегаты іске қосылды. Жабдық электр және жылу энергиясына қажеттілікке байланысты қажетінше қосылады.

Ағымдағы жылғы жөндеу науқанында электр станцияда негізгі жабдықтарға, оның ішінде алты энергетикалық қазандыққа, жеті ыстық су қазандығына және үш турбиналық қондырғыға жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ барлық қосалқы жабдықтарға техникалық диагностика жүргізілді. Бұл шаралар алдағы жылыту маусымында станцияның сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

 

– Іске қосу кезінде электр станциясының қызметкерлері іске қосу жұмыстарын бастауға толық дайын болды. Жабдықты сынау алдын ала жүргізілді, бұл іске қосу алдында оның жұмысқа қабілеттілігі мен сенімділігін тексеруге мүмкіндік берді. Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-ның барлық жеке құрамының келісілген және білікті іс-әрекетінің арқасында станцияны іске қосу бойынша ұйымдастыру шаралары белгіленген мерзімде аяқталды. Барлық негізгі және қосалқы жабдықтар 2024-2025 жылғы күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға дайын, – деп атап өтті станция директоры Әлібек Тастанбеков.

 

Алматы 1-ЖЭО Қазақстандағы ең көне станциялардың бірі, ол Алматы қаласы Жетісу ауданының аумағында, қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Алматы 1-ЖЭО Алматы қаласын орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болып табылады және жартылай шыңдық режимінде жұмыс істейді. 1-ЖЭО негізгі тұтынушылары Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторы мен өнеркәсіптік кәсіпорындары болып табылады.

Келесі жылы Алматы 1-ЖЭО 90 жылдығын атап өтеді. Алматы орталық электр станциясының (қазіргі 1-ЖЭО) бірінші кезегінің жобасы мен құрылысы 1931 жылы басталды. Ал 1935 жылы 25 қазанда бірінші агрегат іске қосылды. 1936 жылы 1,8 млн кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Бүгінде бұл электр қуатын өндіру станцияның күнделікті жұмысымен бірдей. Алматы 1-ЖЭО алғаш рет 1961 жылы жылу энергиясын өндірді.

Всего с момента пуска и по сегодняшний день ТЭЦ-1 выработала 39 514 млн кВт*часов электрической энергии и 158,93 млн Гкал тепловой энергии.