«Алматы электр станциялары» АҚ: сенімді іске және өндірісті дамытуға инвестициялау

«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес «Алматы электр станциялары» АҚ Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен 2014 жылға арналған сомасы 5 937,9 млн. теңге мөлшеріндегі инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы Келісім жасады.
«АлЭС» АҚ–ның инвестициялық бағдарламасы энергия көздері өндірісінің ағымдағы деңгейін қолдауға, бар активтерді қайта құру және техникалық қайта жабдықтауға, табиғатты қорғау шараларын орындау және энергияны сақтау жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталады.
Аталған Келісім шеңберінде келесі негізгі шараларды орындау жоспарланады, соның ішінде:
І. Өндіріс көлемін арттыруға бағытталған шаралар:
– Қапшағай ГЭС-нің төменгі бьефіндегі арнаны тазарту. Жобаның іске асырылуы орта есеппен жылына 16 млн. кВсағ. электр энергиясын қосымша өндіруге мүмкіндік береді.
– Газға ауыстыра және БГҚ/ГТҚ орната отырып 1-ЖЭО–ны қайта құру және кеңейту. Бұл жоба 1-ЖЭО–ны толықтай табиғи газ жағуға ауыстыру есебінен, станцияның қала экологиясына тигізетін әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Жоспарланған іске асыру мерзімі 2013-2016жж.;
– 1-ГЭС, 2-ГЭС қайта құру және жаңарту. Жобаның жүзеге асырылуы шамамен жылына 39 млн. кВсағ. электр энергиясын қосымша өндіруге мүмкіндік береді. Жоспарланған іске асыру мерзімі 2013-2017жж.;
ІІ. Өндіріс шығындарын төмендетуге бағытталған шаралар:
– Станцияның технологиялық қажеттіліктеріне арналған су шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін, 1-ЖЭО, 2-ЖЭО меншікті су алғы құрылысы.
ІІІ. Өндірістің ағымдағы деңгейін қолдауға бағытталған шаралар:
– 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС электрлі
техникалық жабдығын қайта құру;
– 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Қапшағай ГЭС қосалқы жабдықтарын
қайта құру;
– 3-ЖЭО, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС және Бас кеңсе ғимараттарын
және құрылыстарын салу және қайта құру;
– 3-ЖЭО, Каскад ГЭС объектілерін қорғау жөніндегі техникалық
шаралар және т.б.
IV. Күл үйінділерінің құрылысы
– 2-ЖЭО күл-қожды жоюдың құрамдастырылған жүйесін қайта құру;
– 3-ЖЭО күл үйіндісі қайта құру және кеңейту.
V. Табиғатты қорғау шаралары:
– 2-ЖЭО қазан агрегаттарының жанарғы қондырғыларын жаңарту;
– 3-ЖЭО артезиан ұңғымаларын жою.

___________________________________________________________

«Алматы электр станциялары» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіреді. Алматы электр станциялары Алматы қаласы мен Алматы облысы аймақтарын энергиямен негізгі жабдықтаушы болып табылады және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағының шамамен 70% -ын және электр энергиясы көлемінің 72% -ымен қамтамасыз етеді.
«АлЭС» АҚ энергетикалық кешені құрамында: 1- ЖЭО, 2- ЖЭО, 3- ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» ӨЖК, ОҚТО өндірістік департаментер бар.

ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

*****************************************************************

new year 21 12 2013

******************************************************************

«АЛЭС» АҚ ТАРИФТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ

Акционерное общество «Алматинские электрические станции» доводит до сведения потребителей о вводе тарифа 58,44 тенге/м3 без НДС на услуги по подаче воды по магистральным трубопроводам с 1 января 2014 года, утвержденного совместным приказом Департаментов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий по городу Алматы №260-ОД от 20.12.13г. и Алматинской области № 398-ОД от 20.12.13г.

Акционерное общество «Алматинские электрические станции» доводит до сведения потребителей о вводе тарифа 2 622,71 тенге/Гкал без НДС на услуги по производству тепловой энергии с 1 января 2014 года, утвержденного совместным приказом Департаментов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий по городу Алматы 261-ОД от 20.12.13г. и Алматинской области № 399 от 20.12.13г.

ЖАРЫҚ БОЛСЫН!

Алматы энергетикалық кешені сәтті дамып келеді. Алматы қаласы мен облысы тұрғындарын жылумен және жарықпен қамтамасыз ететін энергетикалық компаниялардың жұмысын БАҚ өкілдері көре алды.

Пресс-тур барысында журналистер 2-ЖЭО-да, «Алатау» қосалқы станциясында, «Алатау Жарык компаниясы» АҚ-тың орталық диспетчерлік орталығында болды.

«Самұрық Энерго» өндірістік-техникалық мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Изберген Абитаевтың айтуынша, Алматыда жылу маусымына дайындау кезінде энергетикалық компаниялар көп жұмыс атқарды.

– Соңғы жылдары мегаполисте біз шамамен 22 қосалқы станцияларды пайдалануға еңгіздік, – деді Изберген Абитаев. – Олардың бәрі қайта құрудан және жаңартудан өтті. 2010-шы жылы қысқы Азия ойындарына дайындалу барысында техниканың соңғы жетістігіне сәйкес жабдықталған бес қосалқы станция іске қосылды. Сонымен қатар 2011 жылы 1-ЖЭО, 2-ЖЭО-да екі күл үйінділері, градирнялар іске қосылды, бойлер бөлмесіне жұмыстар жалғасуда. Басқарушы директордың айтуынша, осы барлық жаңартулар электр энергияны өндірісінің өсуіне ықпал етті. Сондықтан, былтырғы жылы электр энергиясы шамамен сегіз пайызға, ал жылу энергияның көлемі төрт пайызға өсті.

– Алматы энергетика саласының дамуына мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде, – деп түсіндіреді Изберген Әбітаев, – өйткені жаңарту бойынша барлық жұмыстар елеулі күрделі жұмсалым талап етеді. Қаржы жағынан бізге ел үкіметі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның басшылығы және қала әкімдігі айтарлықтай қолдау көрсетеді.

Мамандардың айтуынша, үш жұмыс істеп тұрған станциялардың жабдықтары сапалық жағынан ескірген. 1-ЖЭО жасы – 76 жыл, 3-ЖЭО (Алматы облысы Покровка ауылында орналасқан) – 62 жаста, ал 2-ЖЭО жасы – 31 жыл. Сондықтан оларды жаңғырту үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап етеді.

Біз құрылыстың бір бөлігін қарыз қаражаты есебінен жүргіземіз, – дейді басқарушы директор. – Мысалы, 2-ЖЭО градирнялары Қазақстан Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен жаңғыртылды. Бірақ ұзақ уақыт бойы ақталатын жобалар бар, – олар қалалық қосалқы станциялар. Сондықтан олар бюджет есебінен инвестицияланады.

Қазіргі заманғы және ықшам

«Алатау Жарык компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Асқар Балабатыров Алматы қаласы және облысының тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтау үшін компания жүргізіп жатқан жұмысы жайында жан-жақты әңгімелеп берді.

– Қазіргі заманғы жабдықтарды пайдалана отырып салынған екі ықшам қосалқы станция – «Алатау» және «Отырар» іске қосылды, – деп түсіндіреді Асқар Балабатыров. – Бұл Алматы метрополитені бекеттерін және мегаполис тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін едәуір жақсартты. Қосалқы станциялардың құрылысына республикалық бюджеттен қаражат тартылған болатын.

Бұдан басқа, оның ақпараты бойынша, электр желілерін күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі толық орындалды. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі бағдарламасы сәтті орындалуда. Осының арқасында нормативтен тыс шығындарды 53 млн. кВт.сағ. төмендетуге және нақты шығындарды 18.3 пайыздан 17.3 пайызға дейін жеткізуге мүмкін болды.

Алматыда тарату желілерінің қайта жаңарту және жаңғырту жүзеге асырылып жатыр, – дейді Асқар Балабатыров. Өткен жылы осы мақсаттарға бөлінген қаражаттың жиынтық көлемі 2.3 миллиард теңге құрады.

Алматы қаласы және облысының тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтау үшін күзгі-қысқы кезеңде 27 жедел-шығу бригадалары дайындалған және толығымен жинақталған болатын.

Қазіргі уақытта төраға орынбасарының айтуынша, компания алдында бірнеше бірінші кезектегі міндеттері тұр. Бұл Алматы маңында сақина жасау үшін «Ерменсай – Кенсай – АЖЭО-3» 220 кВ ЭБЖ бар «Кенсай» ПС құрылысын аяқтау. Осы нысанның құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2012 жылға қарай жоспарланып отыр.

Электр энергиясының техникалық және нормативтерден тыс ысыраптарын төмендету үшін тарату желілерін қайта құру жоспарда бар. Сондай-ақ 220 кВ ҚС «Қаскелең», 110 кВ ҚС «Жаңа 3А», «Алтай», «Мамыр» және «Турксиб» салу, олар мегаполистің инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін жағдай туғызады.

Өндіріс ысырабын азайта отырып

– Сондай-ақ «2011-2015 жылдарға арналған «АЖК» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бағдарламасын» жүзеге асыру үнемі біздің бақылауда, – дейді Асқар Балабатыров. – Жоба нормативтен тыс энергия ысырабын жоюға және нақты шығындарды нормативтік деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бүгін ішкі станцияларымен энергия өндіру қуаты 938 МгВ құрайды. Төраға орынбасарының айтуынша, оның тапшылығы жетіспейтін энергияны оңтүстік және солтүстік Қазақстандағы көтерме сауда нарығынан сатып алу арқылы жабылады. 490 МгВ қоса қуатты реттеу қызметтері Қырғызстаннан сатып алынады.

«Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) басқарма төрағасы Вячеслава Кимніңақпараты бойынша аймақ бойынша жалпы тұтынудың жылу-электр энергиясын өндіру үлесі электр энергия бойынша – 72%, жылу энергия бойынша – 70% құрайды.

– Энергия көздерінің жасы: 31 жастан 76 жасқа дейін, – деп Вячеслав Ким түсіндірді. – Энергия көздерінің ағымдағы өндіру деңгейін ұстап тұру үшін 2011 жылы бекітілген кестеге сәйкес жөндеу науқаны толық жүзеге асырылды. Жөндеу шығындары 4,5 млрд. теңгеге шықты. Өндіру жабдықтарының апатсыз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қажетті отын, химреагент пен қосалқы бөлшектер қорлары жиналды. 454,1 мың тонна көмір және 43,4 мың тонна мазут айлық қорлары құрылды.

Оның айтуынша, өткен жылы қайта құру өткізілді, 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ға градирнялар пайдалануға енгізілді.

Нәтижесінде, электр қуатының өсімі 132 МВт құрады, бұл энергиямен қамтамасыз ету сенімділігін ұлғаюына ықпал етеді. Сонымен қатар 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ға электр станциялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін күл үйінділері пайдалануға енгізілді.

ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 ы. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қолданыстағы шектеулерді шешу арқылы қолдағы электр қуатының өсімі 132 МВт болады, бұл жылына 585 миллион кВт/с-тан астам қосымша электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Бұл Алматы облысы бойынша энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға ықпал етеді;

Сонымен қатар, оңтүстік Қазақстандағы электр қуатының тапшылығымен байланысты 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында «АлЭС» АҚ электр қуатының өндірісін шарттық міндеттемелерден асырып қараша айында 36 пайызға, ал желтоқсан айында 19 пайызға көтерді. 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында жылу энергия өндірісі 2010 жылғы балама кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өсті.

Компаниямен қуатты арттыруға бағытталған бірқатар басым стратегиялық жобалар белгіленді. Олар: 2-ЖЭО-ға бойлер бөлмесі мен №8 қазандық агрегатын; 1-ЖЭО-ға екі газ турбиналық блоктарын іске қосу; Кербұлақ ГЭС салу және т.б.

Біздің анықтама

«АлЭС» АҚ энергетикалық кешенінің құрамына кіретіндер: 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Алматылық ГЭС Каскады, «Энергоремонт» өндірістік-жөндеу кәсіпорны.Қазақстандағы электр және жылу энергиясын аралас өндіру бойынша ең ірі көміртозаңды станция болып табылады. Екібастұз көмір бассейнінің көмірі негізгі отын болып табылады. Мазут жағылатын отын ретінде пайдаланылады. 2-ЖЭО – соны түріндегі жылу электр станция. Сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру мақсатында станция 12 метр тереңдіккее тереңдетілген. Станцияда елімізде бірінші болып сейсмикалық орындауында 420 т/сағ бу шығарғыштығы бар қазанагрегаттар орнатылды.

Ирина ТУЛИНОВА Тел. 292-74-08 Фото: Павел МИХЕЕВ.

ЭНЕРГЕТИКТЕР КҮНІ. ӘР ҮЙДЕ ЖЫЛУ МЕН ЖАРЫҚ.

«Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) тәуелсіз заңды тұлға ретінде 2006 жылғы маусымнан бастап жұмыс істей бастады.

«АлЭС» АҚ – 3300 астам адам жұмыс істейтін, электр энергиясын өндіру бойынша Алматы өңірінде үстем жағдай алып жатқан және жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын Қазақстанның аса ірі компаниясы. Алматы қаласы мен облысы бойынша қазіргі заманғы электр энергия мен электр қуат нарығы «АлЭС» АҚ энергия көздерінен жеткізілетін электр энергиямен 64%-ға қамтамасыз етіледі. «АлЭС» АҚ электр энергиясын негізгі сатып алушысы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС энергиямен жабдықтаушы компаниясы, ал «АлЭС» АҚ жылу энергиясын негізгі сатып алушысы «Алматы жылу желілері» ЖШС жылумен жабдықтаушы компаниясы болып табылады.

«АлЭС» АҚ құрамына мынадай бөлімшелер кіреді: Алматы 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО – электр және жылу энергиясын өндіреді, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС – электр энергиясын өндіреді, Батыс жылу кешенінің қазандықтары – жылу энергиясын өндіреді, пайдалануға өткен ғасырдың 40-80 жылдары берілген. Осыған байланысты станциялардағы негізгі жабдықтың тозуы шамамен 60% құрайды.
Бұл жағдай станцияның қаржыландыру көздерінің болмаған жағдайларында қуатты толыққанды ұлғайта алмаған, және станцияның жұмысын бірқалыпты қолдауға ғана табыстың жеткілікті болған кезде 2009 жылына дейін қалыптасты.

Бүкіл ел бойынша электр және жылу энергиясын өндіруде жабдықтардың тозуы сыни жағдайға жақындап келе жатқанда, 2009 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің барлық энергия көздері үшін топқа бөлу арқылы 2015 жылға дейін электр және жылу энергиясына шекті тарифтер бекіту туралы қаулы шығарды.

Осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі мен «Алматы электр станциялары» АҚ жыл сайын инвестициялық Келісімшарттар жасайды. Аталған келісімшарттардың мәні – тарифті көтеруден алынатын түсімдер негізгі активтерді жаңартуға, жаңа энергия көздерін құру және қолданыстағыларды қайта құру арқылы электр энергиясын өндіру көлемін арттыруға, қоршаған ортаға экологиялық әсерін төмендетуге және тағы басқаларға бағытталатын шартпен Үкімет электр станциялармен өндірілген электр энергияға тариф көтерілуін бекітеді.

2009 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі кезеңде «АлЭС» АҚ-та жасалған келісімдерге сәйкес 38 млрд. астам теңгеге шаралар жүзеге асырылды, бұл қолданыстағы активтерді ауыстыру, жаңарту, қайта құру, техникалық жабдықтау бойынша жұмыстарды іске асыруға, жаңа құрылыс бастауға және «АлЭС» АҚ энергия өндірудің ағымдағы деңгейін қолдау ғана емес, оны көбейтуге мүмкіндік берді. 2011 жылға қарай энергия жабдықтардың жұмысындағы апаттылық 2009 жылмен салыстырғанда 32% -ға азайды.

Сонымен қатар, келесі нәтижелерге қол жеткізілді: «АлЭС» АҚ энергия көздерінің қолданымдық қуаты 120 мегаваттқа арттырылды; зиянды заттардың шығарылуы жылына 2000-нан астам тоннаға азайды; жылу және электр энергиясын сенімді және үздіксіз өндіру үшін қажетті болатын 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО күл үйінділердің қайта жаңартуы өткізілді; сондай-ақ Алматы қ. сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын ГЭС Каскадының жабдықтары мен құбыр желілері қайта жаңартылған; технологиялық қажеттіліктері үшін су тұтыну жылына 12 млн. м3-ден 9 млн. м3-ге азайтылды; электр жабдықтар мен ғимараттарға мерзімі жеткен қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жасалған.

«АлЭС» АҚ-пен қуаттарын ұлғайтуға бағытталған бірқатар бірінші кезектегі стратегиялық жобалар анықталды: 2-ЖЭО-ға арналған бойлер бөлмесі мен қазан агрегатын пайдалануға беру; 1-ЖЭО арналған екі газ-турбиналық блоктарды пайдалануға беру; ГЭС каскады мен 2-ЖЭО қайта жаңарту және жаңғырту; Кербұлақ ГЭС салу; Қапшағай ГЭС-тi қайта жаңарту.

Осы жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру энергия көздерінің қуатын әрі қарай арттыруға мүмкіндік береді, электр энергиясын өндірудің қуат тиімділігін арттырады,  ластағыш заттар шығарындыларының көлемін азайтады және Алматы қаласы мен Алматы облысын үздіксіз энергиямен қамтамасыз етеді.

ГЭС-КЕ АПАРАТЫН ЖОЛ

Бірінші агрегаты 40 жыл бұрын іске қосылған Қапшағай ГЭС ұжымында көптен жұмыс істейтін адамдар аз емес. Мысалы, олардың ішіндегі 11 адам оған 30 жыл өмірлерін берді, бірақ 176 қызметкерлердің ішіндегі тек біреуінің еңбек өтілі 40 жылдан асып кетті. Бұл станцияның директоры Василий Васильевич КАЗНАЧЕЕВ.

Егер оның өмірінің формуласын шығаратын болсақ, менің ойымша, ол өте қарапайым теңдеу нысанын қабылдай алады: Казначеевтің жұмыс өмірбаяны сол ГЭС-тың өзінің тарихымен тең болып табылады. Ал теңдік іс жүзінде абсолюттік деп ескертіп кетейін. 1965 жылы, Іле өзеніндегі Жетісудің ең ірі өзенінің аңғарын тарылтатын Қапшағай шатқалында гидротехникалық құрылысының басталуына ол дәлелді себеппен барған жоқ еді: ол мұндай миссияны жүзеге асыру үшін әлі жас болды және орта мектепте оқыды. Содан кейін сол кездегі ерлер үшін міндетті әскер болды, Казначеев оны наразылықсыз өтіп, өмір мектебі деп есептейді. Ол басқа заттарға қоса, жігітке тағдыршешті кәсіп берді.

Оны дәл осы қызметте түсуге өте қиын болатын Қара теңіз флотының сүңгуірлер мектебіне қабылдады. Бес мың үміткерлердің ішінен тек 13 комиссиядан өтті. Іріктеу қаталдығы ғарышкерлердегідей болды. Оқуын бітіргеннен кейін әскери-теңіз флотының апаттан құтқару қызметінде «тәжірибесін толтырды». Қызметтен кейін ол КСРО энергетика министрлігінің су асты-техникалық жұмыстар жасағына кетті. Мұнда оған Қапшағай шатқалына тікелей жол ашылды. Мәселе мынада, осы қызметтің қызметкерлері бүкіл ел бойынша салынып жатқан гидравликалық және жылу электр станцияларына тұрақты іссапармен барып жүрген болатын. Жаңа ГЭС-те тиісті жұмыстар пайда болысымен, оны сүңгуірлер тобының басшысы етіп іссапарға жіберді.

Жұмыс көлемінің пайда болуы, әрине, өзен жабылып су қоймасын толтыра бастағаннан кейін мүмкін болады. Бұл 1969 жылғы қыркүйекте Іле өзенінде болды. Ал келесі жылғы 4 маусымда сол екпінді комсомол құрылыс алаңында сүңгу саймандарымен, су астында металдарды пісіру және кесу үшін жабдықтармен жабдықталған Василий Казначеев басқарған мықты жігіттер пайда болды. Ең күрделі, қиын және қауіпті жұмысты дәл сүңгуірші құрылысшылар жасайтындары туралы айтудың еш мәні жоқ. Бұл сүңгуірді өмірінде көрмеген адамға да түсінікті. Станция су қоймасының табаның суға толтыру қарқынды өтті, сол жыл жауын-шашынға бай болды.

Су астына кететін бөгетті және алты су жеткізетін туннелдерді қырағы бақылау астында ұстап, барлық қажетті жұмыстарды жасауға тура келді. Құрылыс алаңында сүңгуірлер элитаның бір түрі болды.

Белбеу мен сақтандырғыш шынжырды иықтарына асып қойып теңселіп, сондай-ақ бригадаларымен бөлек жүрген оларды биік ғимараттар салатын монтажшыларға қоса ірі кәсіпорындардың құрылысында жақсы мағынада қызғанатын. Олар сол күндері көптеген екпінді құрылыстарда жоғары бағалайтын романтиканың ортасында болды. Биік ғимараттар салушы монтажшыларға сай олар жұмыс орындары соншалықты төмен болғанға қарамастан басқа құрылысшыларға менсінбей қарайтын.

Әрине, жас сүңгуірлер күйеу болуға лайықты үміткерлер болды және жан жақтан қараған қыздардың көргіш көздерінің астында болатын. Олардың назарын күшті, әдемі, кең бейінді спортшы – футболшы, палуан және боксер Василий аударды. Көп ұзамай осы жердің сұлу қыздарының бірі – құрылыс шебері, құрылыс институтының түлегі оның әйелі болды.

1970 жылдың аяғында бірінші гидроагрегаттың іске қосуы өтті. Бұл жағдайға қатысты құрылыста көптеген адамдар жиналды, жалынды сөздер сөйледі, ашық аспан астында концерт болды және бірінші жеңіс үшін барлығы жаппай қуанды. Құрылыс қолданыстағы энергетикалық объектінің күйіне жету үшін алғашқы қадам жасады. Машина залының қабырғалары да жоқ болған, өйткені қалған үш турбиналарды құрастыру керек еді, ал жұмыс істеп тұрған гидроагрегаттың үстінен брезенттен уақытша пана жасалды.

Іс-шараның қарсаңында сүңгуірлер скафандрларын шешпей, ауысып, су астында болғанның бәрін тексеріп, станцияның қауіпсіз және сенімді жұмысына қатыстыларды қарап шықты. Сол емтиханды олар жақсы тапсырды. Оны ГЭС-тың кейінгі 40 жыл жұмысы көрсетті. Ені төменгі жағында – 460 метр, биіктігі – 56 метр, ал су құламасы – 36 метрлі бөгет, осы бүкіл жылдар бойы 18 текше шақырым суды сенімді ұстайды, және тағы 12 текше шақырым орналаса алар еді, бірақ Іле өзені Балқаш көліне нұқсан келтірмей су торабына су жеткізе алмайды. Бөгеттің сенімділігі жоғары, ол 8 балл жер сілкінісіне шыдай алады. Бұл былай айтқанда жобалық қуат, ал нақты қуаты – әлдеқайда жоғары. Бұл уақытта алты су таратқыш та сыр берген емес. Келесі жыл ішінде басқа үш гидроагрегаттар тапсырылды. Сүңгуірлер миссиясы аяқталып қалды. Құрылысшылардың да жұмыс мөлшері сүйір бұрышқа дейін тарылды. Сүңгуір мен құрылысшы Казначеевтер отбасына енді не істеу қалды? Жаңа құрылысқа бару керек пе? Алайда су қоймасының жағалауында қала салынып жатты, екеуіне де жұмыс табылар, көп ұзамай пәтер де алуға болады.

Отбасылық жиналыста екеуінің махаббаты мен бақыт қаласы отбасылық ұя құрып балаларын тәрбиелеуге жарайды деген шешім қабылданды. Сондықтан сүңгуір Казначеев беріктігін сынаған ГЭС-тың су бөгеті жанында зәкір тастап, өзі басқа жағында, яғни станцияның өзінде жұмыс істеуді жалғастырды. Оған қоса станция директоры Борис Осипов бірнеше рет техникалық қызмет көрсету мамандығына ауысуға ұсынды. Ол бұрыннан бері скафандр киген, іскер және еңбексүйгіш құрылысшыны, сырттай оқитын студентті байқаған еді. Техникалық қызмет көрсету маманы ретінде ол шебер болып, жөндеу кезінде қарқынды тәжірибе алудан бастады. Гидроагрегаттарды іске қосқан алғашқы жылдары, станция жабдықтарын реттеу, түзету бойынша жұмыс көп болды. Тіпті турбина қалақшаларын ауыстыруға тура келді. ЖОО сырттай оқитын студенті үшін бұдан жақсы тәжірибе болуы мүмкін емес. Василий Казначеев кез келген тіпті ең күрделі және лас жұмыстан қашпайтын, әсіресе жұмыс жабдықтың егжей-тегжейін өз көзімен көріп қолымен ұстауға, оның жұмысын толық білуге мүмкіндік берген жағдайда.

Казначеев 18 жыл бұрын директордың орынбасары болар алдында 20 жыл бойы қызмет сатысының бүкіл баспалдақтарың өтті. Сол күндері біліктілік көтеруді және үміткерге ерекше көңіл бөлуді қолдайтын кадрларды іріктеу және даярлау, басқа сөзбен айтқанда мансапты өсіру жүйесі істейтін: яғни бір лауазымда бірнеше жыл істеп өзіңді жақсы көрсетсен – әрі қарай жылжуға болады. Кез келген әскерде сияқты кезекті атақты алу еңбек сіңірген жылдардың нақты санын талап етеді және погон жолақтарынан секіру өте сирек кездеседі. Бұл тек өте талантты және төтенше жағдайларда өздерін көрсете білген адамдарға қатысты болды. Мысалы, ғарышкерлерге рұқсат етілді. Және барлық жерде, біліктілікті көтеру үшін қажетті тұрақты оқуы бар жұмысқа ұсынуға арналған кадрлық резерв болды. Осының бәрі кадрлардың кәсібилігі мен біліктілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Сол кезде басқа жақтан әсіресе басқа саладан директор әкелуге  ешкімнің басына келген емес. «Жетекші қызметкер» мамандығы, яғни «жұмыс талғамайтын», байланыстар себебінен бір «операдан» екіншіге жәй емес жоғарылаумен ауыстырылатын маманды тек анекдоттарда ғана кездесуге болады.

Директордың орынбасары болып жұмыс істеген сегіз жыл және экономикалық жоғары оқу орнын бітіру Василий Васильевич 10 жыл бойы істеп жүрген директорлық лауазымы алдында кандидаттық өтіл болатын. Осы барлық жылдар бойы әрқайсысының қуаты 91 МВт құрайтын төрт гидро агрегат мінсіз, апатсыз және төтенше жағдайларсыз жұмыс істеді. Еліміз үшін 145 млн. рубль тұрған Қапшағай ГЭС талай рет орнын толтырды, ол «Алматы электр станциялары» жүйесінде ең сенімді және үнемді станция болып табылады.

Жылдар бойы жабдықтар жаңартылған, ал қызмет көрсететін персонал біліктіліктерін көтерді. Солардың ішінде, директорда бар. Жақында ол нарықта электр станцияларын басқару құқығына халықаралық сертификатын алды. Энергетикада тұрақты оқусыз болмайды, өйткені станцияның жұмысын қамтамасыз ететіннің бәрі 40 жыл бойы өзгеріп келеді. 30 жыл бұрын ол да шебер болып келген ауысым бастығы Алшин Досболов айтқандай: «ГЭС арифмометрден бастаған, ал қазір заманауи техникамен басқарылады!». Тіпті желіде жүктеме өсе бастағанда сақтаулы агрегаттың өзі автоматты түрде қосылады. Станция қызметкерлері ГЭС-тан тек зейнетке шыққанда немесе дәлелді себеппен басқа жаққа көшкенде ғана кетеді. Бұл қаладағы ең тұрақты еңбек ұжымы! Мәселе тек станциядағы жақсы еңбекақыда және оны кідіртпей төлегенде емес, ол өнімді үздіксіз шығарады, ал оның қажеттілігі үнемі сезіледі. Әйтсе де 90-шы жылдары ұзақ уақыт бойы еңбекақы төлеу кідіріспен болды. Бұл агрегаттар тоқтағаннан болған жоқ. Энергияны алып, ол үшін төлеуге асықпағаннан болды. Түбегейлі түрде сот арқылы ақша жинауға тура келді. Бақытымызға орай, уақыт өте келі энергетика басында тұрғандарды аштық нәпақаға отырғызбайды, ал отырғызса да тек соңғы сәтте, электр қуаты ешкімге қажет болмаған жағдайда ғана мүмкін. Яғни ақырзаман болса ғана!

Мұнда директорға сай өз мамандығының, ГЭС-тың, қаланың патриоттары жұмыс атқарады. Василий Васильевичке бір емес бірнеше рет Қазақстанның да, шетелдің де ірі қалаларында салмақты лауазым ұсынатын. Бірақ ол өз қолымен салған станцияға, көз алдында өскен ең әдемі қалаға берік. Ол өз ГЭС-ынде жұмыс істеп, өз қаласынан ешқайда шықпай өмір сүріп жүр. Ол жұмыстан бәрінен кеш шығып, керек кезде санаулы минутта қайтадан жұмысқа келе алады. Станция қызметкерлері бүкіл ұжымымен тәртіпті бағалайды, өйткені осылайша жұмыс істеу оңай, мұндағы климат құтты. Оны бұрынғыдай қызметкерлерінің қамын ойлайтын, олардың заңды құқықтарын ақтайтын кәсіподақ ұйымы қолдайды. Демалысқа кеткенде қызметкерлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы төлейді, балалар жазғы демалысты лагерлерде тегін өткізеді, ауыр ауруларды емдеу кезінде компания қызметкерлерге көмек көрсетеді. Станция аумағы жас көшеттер мен гүлзарларға толы болды. Мұнда қырғауылдар, кекіліктер мен түлкілер адасып келеді. Мұнда оларды дыбыспен, қол сермеумен қорқытпайтынына үйренді. Өткен жылдары, Қапшағай ГЭС құрылысының орындылығы, оның Балқашқа деген зиянына қатысты мақсаттылығы туралы көптеген өсек-аяң болды, – деді Василий Казначеев. – Уақыт шығындар аз екенін көрсетті, өзендегі тірі әлемнің әдеттегі тәртібін сақтау үшін су ағызу мамандардың ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі. Тіпті құрғақшылық жылдары турбиналар арқылы секунд сайын 700 текше метр Іле суы өтеді. Солар 40 жыл ішінде 42 млрд. киловатт сағат арзан электр қуатын өндірді. Электр қуатының тапшылығын көрген, әлі де тапшылық көріп жүрген Алматы қаласы мен Алматы өңірі үшін ГЭС-тың мәні өлшеп жеткізуге болмайды.

Бұл бұрынғы үлкен елдің, оның құрылысшылары мен пайдаланушылардың және олардың арасында маңызды орын бұрыннан бері алған және қазір де алып жатқан Василий Васильевич Казначеевтің атқарған еңбегі.