Шығармашыл жұп. Данияр мен Асем Батыровтар.

Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы көктем мерекесінің қарсаңында Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу атты ғашықтар күніне «Самұрық – Қазына» қоры компаниялар тобының қызметкерлері арасында ғажайып махаббат жайында әңгімелер байқауын өткізді. Бұл байқауға 52 жұп қатысты.

«АлЭС» АҚ атынан Данияр мен Әсем Батыровтар, Артен мен Диляра Шабаковтар, Жеңіс Узибеков и Төрепаш Ажар қатысты. Олар бір-бірімен корпоративтік іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру кезінде танысқан «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының негізін қалаушы белсенді жастар. «Жарқын Болашақ» ЖҰ дайындыққа жиі жиналып, іс – шаралар әзірлеу, жақын танысып, араласып жүргенде бір- бірін ұнатып, нәтижесінде шаңырақ көтерген.

Байқау 2019 жылдың 8-13 сәуірі аралығында, SKNews.kz. сайтында ашық дауыс беру арқылы өтті. Дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаздар айқындалып, сонымен қатар, әділқазылардың шешіміне сәйкес 3 қатысушыға «Ынтымағы жарасқан жұп», «Шығармашыл жұп» деген номинациялар берілді.

Креативная пара

«Энергожөндеу» ӨЖК жөндеу қызметінің бас маманы Данияр Батыров: «Мен бұл байқауда өзімнің махаббатымды өлең шумақтарымен жеткіздім», – деп бөлісті. Біз ағайын, дос, қызметтестердің қолдауымен үздік бестік құрамына іліндік. Осы байқауға қатысатынымыз туралы ақпарат барлық чаттар мен әлеуметтік желілерге тарады. «АлЭС» АҚ ұжымы, соның ішінде «Энергожөндеу» ӨЖК департаменті бір отбасыдай, жұмылып дауыс берді.

Күн сайын әріптестеріміз бізге қолдау жасап, дауыс берген ағайындары мен таныстарының скриншоттарын жіберіп отырды. Бұл жобаға қатысқанымыз қуаныш пен өзгеше әсер сыйлады. Біз осы байқаудың ұйымдастырушыларына және қолдаған барлық жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз.

«Жарқын Болашақ» ЖҰ төрайымы Фариза Ботақараева: – Аталған байқауда «АлЭС» АҚ мен «Энергосбыт» ЖШС ұжымы жақсы қолдау көрсетті. Қатысқан жас отбасыларына деген жылы лебіздеріңіз үшін мың да бір алғыс. «Жарқын болашақ» Жастар ұйымы өз ортамызда бес шаңырақтың құрылуына дәнекер болды. Жақсылық жалғасын тауып жатыр, жастар сәбилі болып, қазіргі уақытта бала тәрбиелеп, жас буынға үлгі болып жүр».

https://sknews.kz/lovestory/uchastniki_soc сілтеме бойынша біздің жастардың махаббат туралы әңгімелерімен толығымен танысуларыңызға болады.

Көп балалы отбасыларына ерекше назар

2019 жылғы сәуір айында «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері «АлЭС» АҚ кәсіподақ ұйымымен бірлесіп Алматы қ. Әуезов ауданындағы көп балалы отбасыларға қолдау көрсетті.

Многодетная семья

Многодетная семья

Біз бүгін көп балалы отбасылардың қандай жағдайда тұратындарын көрдік, олардың проблемаларымен таныстық. Біз алты жылдан бері қайырымдылықпен айналысамыз, мұқтаж адамдарға мүмкіндігімізше көмек беріп, қолдау көрсетеміз. Бүгін біз көп балалы отбасыларына қолдау жасау мақсатында азық – түлік кәрзеңкесін табыстадық, – деді жастар ұйымының белсендісі, «АлЭС» АҚ Отынды техникалық бақылау қызметінің бас маманы Бағлан Өміров.

Соңғы уақытта көп балалы және мұқтаж отбасыларына басым назар аударылуда. Бүгін компания өкілдері сондай үш отбасына барды. Солардың арасында төрт балалы жалғыз басты ана Гүлдана Қалдыбаеваның жағдайы өте ауыр. Алты жыл бұрын күйеуі қайтқан. Үлкен қызы Меруерт (20 жаста) Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің студенті. Қалған үш баласы: Аружан (12 жас), Еркебұлан (10 жас) және Жасұлан (8 жас) Аналарымен бірге үйде. Үш баланың да диагнозы «балалар аутизмі». Аутизм алғаш нәресте жасында байқалатын және жүйке жүйесінің дамуындағы тұрақты бұзылулар болатын сырқат түрі.

Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Балалар өздігінен ешнәрсе жасай алмайды. Сөйлемейді. Анасы Гүлдананың айтуынша: «Біз Алматыға осы балаларды емдеу үшін, денсаулықтарын түзету үшін көшіп келдік. Біздің тұрған шағын аулымызда балаларымыздың сырқатын емдейтін мамандар да, мекеме де жоқ. Балалармен оңай емес. Жалғыз бала болса мейлі, үшеуінің бірдей сырқаты жаныма қатты батады. Оларды ем – дом қабылдау, бейімдеу үшін арнайы мекемеге апару, әкелу үшін әлім жетпейді. Осыған қарамастан, оңалту – сауықтыру орталығына апарып тұрамын. Онда ерте жастан дамытатын, коррекциялық көмек беретін, аутизммен ауыратын балалардың ерекшелігін ескеріп, ата –аналарға балалардың қабілеттерін ашуға көмек беретін мамандар жұмыс істейді. Сондай орталықтың арқасында біз балаларымызға көмек береміз. Балаларым үшін зейнетақы аламын. Алайда шығынымыз көп. Оларды емдеуге квота аламын деп үміттенемін. Оған да құжаттар жинап, медициналық тексерулерден өту керек. Кез келген ана сияқты балаларымның сауығып кеткенін қалаймын. Менің балаларыма қатысты үмітім мол. Кіші ұлым Жасұлан зерек, алғыр: «тиіспе, болмайды, есікті аш/жап» деген сөздерді түсінеді. Өкінішке орай, балаларымыздың сырқаты туралы кеш білдік. Балаларымның ерекше, өзгелерге ұқсамайтынын білгенде төртінші баламды дүниеге әкелдім. Сәби кездерінде балаларым өзге балалардан ерекшеленбейтін де. Олар тек сөйлемейтін, сонда медиктер маған балаларыңның дамуы кеш деп басу айтатын. Мен «АлЭС» АҚ ұжымына өте разымын, біздің мұқтаждығымызға назар аударып, қол ұшын бергеніңізге.

«АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының белсенділері осы отбасын қамқорлыққа алып, мүмкіндігінше көмек беріп, қолдау жасайды. Әлем мейірімді адамдармен жақсара түседі.

Фариза Ботақараева

«Жарқын Болашақ» ЖҰ Төрайымы

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау!

2019 жылғы 7 наурызда «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» Жастар ұйымының белсенділері дәстүрлі түрде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай көп балалы аналарды құттықтады.

– Бүгін біз көп балалы аналарды көктем мерекесімен құттықтадық. Қазіргі күнде  көп балалы болу  сирек кездеседі. Біздің аналарымыз әрдайым біздің қамымызды ойлайды. Бұл күн менің  анам үшін де ерекше. Бұл күні  анамды ас үйдің қамынан босатамыз», – деді жастар ұйымының белсендісі, «Энергожөндеу» ӨЖК  жетекші инженері Көркемжан Рашидұлы. Таң атқаннан бастап барлық  арулары құттықтауды бастаймыз. Мерекелік көңіл-күй, жағдай  жасауға тырысамыз. Ерлердің  әйелдерсіз күні  түкке тұрғысыз. Олар болмаса, өмірдің түк қызығы да болмас еді, олар өмірімізге сән береді.

-Біздің аяулы ханымдарымыз қашанда сау, бақытты да сүйкімді бола берсін! Қымбатты әйел жолдастарымыз  әрдайым әдемі, гүлденіп жүре беріңіздер, сіздердің жүздеріңіздегі жылу бізді қуантып,    шабыттандырады!, – деп  шын жүректен  әйелдерге құттықтауларын жолдады «Энергетикалық кәсіподақ» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Валерий Ситдиков.

Фариза Ботакараева

Председатель МО «Жарқын Болашақ»

«Жарқын Болашақ» жастар ұйымы «мерекелеріңізбен, қыздар!» қайырымдылық акциясын өткізді

2019 жылғы 8 наурызда «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» ЖҰ белсенділері Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары үшін қайырымдылық акциясын өткізді.- Біз жыл сайын қыздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. 2013 жылдан бастап «Жарқын Болашақ» белсенділері №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жыл сайын қайырымдылық акцияларын өткізіп тұрамыз.

Бүгін бәріміз «2- ананы іздеу» фильмін бірге тамашалап, түскі ас іштік, – деп атап өтті «Жарқын болашақ» ЖҰ төрайымы Фариза Ботақараева. – Балалар үйіндегі  тәрбиеленушілердің саны азайып келе жатқаны өте қуантады.  2013 жылы балалар үйінде шамамен 150 бала болса, қазіргі күнде  2019 жылы 65 бала бар. Бүгінгі күні балалар үйінде 8-18 жас аралығындағы 26 қыз және 39 бала тәрбиеленуде. Біз 6 жыл бойы балалардың түрлі тағдырларына куә болып келе жатырмыз. кейбір ата-аналар  ата-аналық құқықтарын қайта қалпына келтіріп, балаларын әкетіп жатса, 18 жасқа толғандар өз орындарын іздеуге мәжбүр, ал бәзбіреулерін балаға зәру ата-аналар  асырап алуда.  Балалар үйі қызметкерлерінің  айтуынша, балаларды асырап алу процесі былайша жүргізіледі: біріншіден, бала мен асырап алғысы келетіндер арасында бір-біріне сенімді жылы қарым-қатынас орнауы керек, содан кейін 1 жыл мерзімінде заңды түрде  патронаждық асырап алуға құқық беріледі, егер  оң нәтиже берсе, асырап алушылар ата-ана асырап алу сотқа өтініш тастап, соң сот шешімімен балаларды асырап алуға және толық қамқорлыққа алуына мүмкіндік ала алады. Қорғансыз балалар құқығын қорғау органдары асырап алуға өтініш беруші ата-аналардың талаптарға  сәйкестігін мұқият тексереді. Ата-аналық  құқығынан айырылғандарға да құқықтарын  қалпына келтіру  солай болады, – деп жалғастырды Фариза Ботақараева. – Біздің бастамамыздың басында балаларға бару рұқсатын алудың  күрделі ресми рәсімінен өткенімізді  ерекше атап өткім келеді. Бірақ бұл қиындықтар артта қалды. «Бізге күнімізді балалардың ортасында  өткізу өте жақсы әсер қалдырды.

Маған балалармен қарым-қатынас жасау оңай болды, біз бірден  ортақ тіл табыстық. Балалар өте тату, көңілді және  тіл табысқыш екен», – деді «Жарқын болашақ» ЖҰ белсендісі, «Энергожөндеу»  ӨЖК 1-ЖАжӨЦ  электригі Қайнар Шылғаубай.

– Өткен жылы мен алғаш рет балалар үйіне бардым. Осы сәттен бастап балаларға көмек көрсету ниеті ойымнан кетпеді. Мені қаржыны қалай қайда жұмсап жүрмін, жөнсіз, керексіз нәрсеге жұмсағанша, мұқтаж жандарға көмектесу қажет деген тұжырымға келдім. Біз балалармен әрдайым қиын жағдайға душар болған адамдарға көмектесуге тырысамыз (емделуге жиналған, қажетті тауарларды, тағамдар мен күнделікті тұтынатын заттарды сатып алуға жиналған қаржы және т.б.). Балаларды және олардың жүздерінен күлкі көру ерекше қуаныш. Қамқорлығымызға алған өзіміздің қыз балаларға мереке ұйымдастыра алғанымызға өте қуаныштымын», – деді «Жарқын болашақ» ЖҰ белсендісі Тамирлан Ахметжан, «Энергожөндеу» ӨЖК ТЖЖУ турбиналық цехының механигі.

Құрметті әріптестер! Егер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсеткіңіз келсе, онда біздің «Жарқын Болашақ» ЖҰ – на «Энергожөндеу» ӨЖК ӨД жетекші инженер- бағдарламашысы Фариза Ботақараеваға хабарласа аласыз.

Фариза Ботақараева

«Жарқын Болашақ» Жастар ұйымының төрайымы

Жарқын болашақ: ізгі істер

2019 жылдың 1 ақпанында «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының белсенділері сыйлықтарын көтеріп, балдырған балаларға келді. «Әлем мейірбан, ақ жүрек, жәрдем беруге дайын тұратын жомарт жандармен жарқын. Күйеуімнің қазасынан кейін үш баламның тәрбиесіне өзім жауаптымын. «АлЭС» АҚ қызметкерлеріне балаларыма деген қамқорлықтары үшін алғыс айтамын, – деді балдырғандардың анасы Айгүл Анықбаева. – Сіздердің көмектеріңіз бен қолдауларыңыз біз үшін аса құнды және ұмытылмайды».

«Жарқын болашақ» жастар ұйымы 6 жылдан бері қаморлық ететін №1 баллар үйінің балаларын да назарсыз қалдырмайды. Қамқорлық пен мейірім энергетиктердің көптеген басқа да қасиеттерінің арасындағы асылы.

«Болашаққа бірге!» жастар форумы

«Келешек» Жастар кеңесі, «Алматы қаласы кәсіподақ орталығы» КАБ, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы өткен жылдың соңында жастар форумын өткізді. Форумға қатысушылар – Алматы қаласы әкімдігінің басшылары, жастар ісі жөніндегі комиссия мүшелері, Кәсіподақтар Федерациясы Ардагерлері кеңесінің, «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының, Жастар конгресінің, «Келешек» кәсіподақтар жастар қанатының өкілдері, Алматы қаласы кәсіподақ ұйымының белсенділері.

«АлЭС» АҚ атынан аталған шараға «Жарқын болашақ» жастар ұйымының белсенділер тобы қатысты. Олардың ішінде Фариза Ботақараева, «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» ЖҰ төрайымы, ЖҰ белсенділері – Мирас Қияқов, Әйгерім Дүйсенгалиева, Дина Карабалина және Шыңғыс Рахатов. Ісшараның негізгі мақсаттары: Федерацияның жастар саясатын іске асыру, жастарды кәсіподақ қозғалысына жұмылдыру, жастардың шешім қабылдау және кәсіподақ әрекеттерін жүзеге асырулары үшін жағдай жасау, кәсіподақ ұйымдарының жастар саясаты саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасу және мемлекеттік, атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың назарын жастар проблемасына аударту. «Мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің инспекторы ретінде біздің салада ең әуелі қызметкер еңбегінің қауіпсіз болуы және қорғалуы басты ұстанымымыз екенін айтамын. Қатысқан форум барысында да еңбек қауіпсіздігіне және еңбектің қорғалуына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Біздің компаниямыздың бұл саладағы тәжірибесі мол. Ірі өндіріс орны болғандықтан, жұмыстың барлық деңгейінде қауіпсіздік техникасы ережесінің сақталуына ерекше мән береміз. Мен де өз тәжірибеммен бөлістім, компаниямыздағы әлеуметтік қорғау жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы айттым. Басқа ұйымдармен салыстырғанда, біздің компаниямыздағы әлеуметтік бағдарламалардың ұтымды әрі оңтайлы екендігіне көз жеткіздім. «Үздік ұжымдық шарт» сияқты марапатымызды мақтан тұтамыз», – деді жастар ұйымының белсенді мүшесі Шыңғыс Рахатов.

«Өткен жылы мен Атырау қаласында өткен Қазақстан жастарының Республикалық Конгресіне қатыстым. ҚР және Атырау облысының еңбекшіл жастарының, ҚТ проблемалары, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету, кадр резерві және біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды. Тәжірибемен алмастық. Бұл «Келешек» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі республикалық жобасының бастамасы болды. Бұдан кейін ҚР барлық белсенді жастарын біріктіру мақсатында барлық өңірлерді қамту жоспарланған. Оған да қолымыз жетіп келеді.  Біз Алматы қаласының ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларындағы ұйымдар арасында өзара тығыз байланысты орната алдық. Форумда біз Алматы қ. жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен 2018 жылы өткіземіз деп жоспарлаған жобаларды талқыладық. Алматы қ. жастары үшін тегін орталықтардың ашылғаны туралы білдік», – деді «Жарқын болашақ» ЖҰ төрайымы Фариза Ботақараева.

Сөз өнерін игеру табысқа жету құралы

«Егер сіз көпшілікті шынайы күлдірте алсаңыз, олар тыңдай бастайды,сонда айтқан сөзіңіз жүрекке жетеді»

Герберт Гарднер

Біздің компаниямыз қызметкерлердің жұмыстағы қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында жаңа білім, білік, дағдыларды игеруге қолайлы жағдай жасайды.

«АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының белсенділері өткен жылдың соңында «Көпшілік алдында сөз сөйлеу және презентация жасау дағдылары» тақырыбында ұйымдастырылған курстан өтті.

«Тренингте бізді өз ойыңды сауатты әрі нақты құру, жеткізу, тартымды әрі иландыра сөйлеу, сөздегі кемшіліктерден арылу, өзіңді сырттай бақылау және көпшілік алдында сенімді сөйлеу, презентация жасау сияқты өмірде өте қажетті негізгі дағдыларды үйретті. Қызметкерлерді даярлау бөлімінің қызметкерлеріне осындай курста тәжірибелі әрі сауатты оқытушыдан дәріс алғанымызды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз. Оқыту әдістемесі және көрнекі құралдар тиімді және игеруге қолайлы жасалған. Компаниямыздың атынан республикалық түрлі деңгейдегі іс –шараларда өкілдік ететіндіктен, болашақта осы игерген жаңа біліктеріміздің, көпшілік алдында мүдірмей сөйлеу әдістемесінің, ойыңды нақты әрі сенімді жеткізу дағдысының тамаша құралымыз болатынына сенімдімін», – деп өз ойымен бөлісті «Жарқын болашақ» ЖҰ төрайымы Фариза Ботакараева.

«Біз сияқты жас мамандар үшін көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысы өте қажет. Өкінішке орай, өзімнен де білемін, техникалық саласының мамандары көбінде сөзге шорқақтау келеміз, өз ойымызды толығымен жеткізуге қиналамыз. Алайда жүрген ортаңда сыйлы, сөзің өтімді болсын, қызметте өсем десең сөз өнерін игерудің қажеттігін нақты түсінесің. Сол себепті оны үйренуге үлкен ықыласымыз болды. Мен бұрын көпшілік алдында сөйлеуден қашатынмын, оны қалай жеңу керектігін білмейтінмін. Тренингте сөйлеу қорқынышының негізгі себептерін қарастырдық, енді еркін сөйлеп, ойымды ашық жеткізе аламын. Мен «Жарқын Болаш» ЖҰ – ның барлық іс-шараларына белсенді қатысамын. Мен үшін жастар ұйымы – үлкен отбасы», – деді жастар ұйымының белсенді мүшесі Бағлан Өміров.

 

«туылған күніңмен, балақай!» қайырымдылық акциясы

2018 жылдың 25 ақпанында «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері дәстүр бойынша Алматыдағы №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шарасын өткізді. Балалармен бірге олар «Star Cinema» кинотеатрында фильм тамашалап, «BASTAU» Ойын-сауық орталығында боулинг ойнады. Сонымен қатар Туған күн иелері үшін мерекелік үстел ұйымдастырды.

«Біз бүгін қыста туылған балаларды туылған күндерімен құттықтадық. Олар қатты қуанды. Осындай шараларды ұйымдастырып, оған белсене қатыса алғанның өзі бір ғанибет.

5 жылдан бері біз №1 балалар үйінің балаларына барып, қамқорлық жасаймыз. Олар біз үшін бауырдай жақынымызға айналды. Бізді көп уақыттан бері білетін балалар барған сайын бізді ерекше қуанышты, зор ықыласпен қарсы алады. 5 жыл бұрын балалар кішкентай, ұяңдау, ұялшақ болатын. Енді олар өсіп, қазірде бізбен еркін қарым-қатынас жасап, ашылып әңгімеделеседі, сырласады.

 

Балалар үйінде балаларға мемлекет тарапынан жағдай жасалған, ыстық тамақ, жылы киім, қажетті нәрселер, оқу құралдары беріледі, көмек көрсетіліп, қолдау жасалады. Біз балаларға ата-ананың сүйіспеншілігі мен махаббатын бере алмайтынымызды түсінеміз. Бірақ біз оларды мүмкіндігімізше қуантамыз, оны көздерінен ақ аңғарамыз, бізге деген қарым –қатынасынан сезінеміз…»,- деді «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева.

«Балаларға қуаныш, жан жылуын, қамқорлық сыйлай алғанымызға өте қуаныштымын. Мен балаларды жақсы көремін, олармен бірге уақыт өткізіп, көңіл бөліп, қамқорлық жасауды ұнатамын. Балалар жақсы көңіл көтере алды, үлкен –кіші деп бөлінбей, жақын достар болып араластық. Осы балалардың өз араларында бір-біріне деген қамқорлығы, мейірімі өте жоғары. Олар өздерін бауырлар деп есептейді. Бұл әрине бізді де қуантады», – деді Әділ Малаев, жастар ұйымының белсенді мүшесі.

«top brain» Зияткерлік ойыны

Кәсіподақ ұйымдарының жас көшбасшылары «Келешек» аймақтық кәсіподақтар қауымдастығының алаңында «TOPBrain» зияткерлік ойын өткізді. Ұйымдастырушы «Алатау Жарық Компанисы» АҚ болды. Аталған шараға «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «PetroKazakhstan» АҚ және «Азия газ құбыры» ЖШС қатысты. «АлЭС» АҚ атынан Жарқын Болашақ жастар ұйымының белсенділері Батыров Данияр, Макенов Асхат, Абдуллаев Нуржан, Кияков Мирас және Малаев Адыл, жастар ұйымының белсенділері қатысты.

2018-10-11 103536

Ойын корпоративтік мәдениетті, коммуникацияларды, аналитикалық дағдыларды дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу және Алматыдағы энергетикалық компаниялар арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында өткізілді.

2018-10-11 103553

2018-10-11 103603

Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша жүлделі 1-орын
«Алатау Жарық Компаниясы» ЖШС, 2- орын  – «Үздік бестік» құрама командасына, 3- орын  – «Алматы электрстанциялары» АҚ командасына берілді. Аталған шараның бас қолдаушысы  «PetroKazakhstan» АҚ болды.

$1-         Ойын қызықты  «Блиц сұрақтар», «География», «Эволюция» және  «Ұлттық» деп аталатын 4–кезеңнен тұрды. Ең танымдысы ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар туралы сұрақтар қамтылған төртінші кезең болды. Осындай ойынды «АлЭС» АҚ өткізу жоспарланған. Себебі мақсатымыз бір  – белсенді жастарды біріктіру және мемлекетіміздің дамуына үлес қосу», –

деді  «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева.

2018-10-11 103614

Береке басы бірлікте!

2018 жылдың қыркүйек айының соңында «Богатырь Көмір» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның портфельдік компанияларының алғашқы тимбилдингін («команда құру») өткізді. Іс-шараға «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2» станциясы ЖШС-нің, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Energy Solutions Center» ЖШС және «Богатырь Көмір» ЖШС –нің алпыстан астам белсенді жастары қатысты. Іс-шараны «Богатырь Көмір» ЖШС біріккен жастар қозғалысының белсенділері ұйымдастырды. Ол Павлодар облысы, Баянауыл ұлттық паркінің аумағында, Жасыбай көлінің жағасында орналасқан Березка демалыс үйінде өтті. «АлЭС» АҚ атынан «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері Данияр Батыров, Өмірбек Исімбетов, Дмитрий Офицеров және Шыңғыс Рахатов қатысты.

– Баянауылға барар жолда өзіміз сияқты жастармен таныстық. Жол бойында «Богатырь» разрезінде, бастауда аялдамалар болды, біз табиғат сұлулығына таңданып, бастау суынан ләззат алдық. Тимбилдингті ұйымдастырушылар квест форматында командалық жарыстар өткізді. Қатысушылар бір компанияның қызметкерлері бір командаға түспейтіндей етіп бізді 5 командаға бөлді. Командалар атауын қойып, туын жасағаннан кейін әрқайсысымыз карта бөліктерінің бірін табумен аяқталатын жарыстарға қатыстық.

2018-10-11 111212

       Әр жарыс барысында біз өз қиялымызды, ептілігімізді, тапқырлығымызды және командада жұмыс істеу қабілетін көрсетуіміз керек болды. Картаның барлық бөліктерін жинап алып, қазынаны таптық. Байқау таңертеңнен кешке дейін өтті, ондағы локацияларға барлық жерлер, демалыс үйлері мен қоршаған ландшафттың мүмкіндіктері, сондай-ақ көлдегі катамарандар да тартылды. Байқаудың барлық сатыларында схема жинап алып, нәтижесінде біз достық пен бірліктің белгісі ітпеттес отшашуды іске қостық.

Таза ауада кешке от айналасында әндер шырқалды, көңілді байқаулар өтті. Сондай-ақ пайдалы мен қажеттіні біріктіре отырып, барлық командалар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Әлеуметтік өзара әрекеттесу және байланыс орталығы (ЦСКА) мамандарынан тренинг тыңдадық. Тимбилдинг финалында ұйымдастырушылар Алматылық қонақтарға, яғни «АлЭС» АҚ және «АЖК» АҚ қызметкерлеріне, көпшіліктің сұрауынша келесі жылы Алматыда осындай шараға қатысуға үміттеніп, эстафетаны табыстады.   «Богатырь Көмір» ЖШС-ға алғысымды білдіремін! Ұйымдастырушыларымыздың арқасында біз уақытты тиімді өткізіп қана қоймай, бір-бірімізбен танысып, достастық, пікір алыстық, тәжірибемен бөлістік.

Менің ойымша, «Богатырлықтардың» Тимбилдингі энергетик – еңбекшіл жастардың бірлігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге   олардың кәсібіне және елге деген сүйіспеншілігін нығайтты!» – дейді «АлЭС» АҚ командасының капитаны, жастар ұйымының белсендісі, «Энергожөндеу» ӨЖК жөндеулер қызметінің бас маманы Батыров Данияр.

2018-10-11 111409

 2018-10-11 111430

     – Маған осы Тимбилдингке қатысудың сәті түсті. Ұйымдастырушылар бізді құшақ жая қарсы алды. Баратын жерімізге жеткенше қарсы алушылар бізге әлемдегі ең ірі болып табылатын «Богатырь» көмір кенішімен таныстыру турын өткізді. Осында жұмыс істейтін жігіттер өз саласының мықты мамандары. Біздің барлық сұрақтарымызға нақты, жан – жақты жауаптар берілді. Орын – жайларымызға орналасып болғаннан кейін кешкі ас барысында әрқайсысымызға өзіміз, ұйымымыз, кәсібіміз және жастар бірлестіктері туралы айту мүмкіндігі берілді. Кәсібіміз энергетикамен байланысты болғандықтан алғашқы күннің өзінде ақ ортақ тақырыптар тауып, еркін әңгімелесіп, араласып кеттік. Кешкілік бағдарлама бізді жұмылдыра түсті.

 2018-10-11 111615

 2018-10-11 111628

Таңертең барлық қолайсыздықтар артта қалды, өзіндік кедергілері бар әртүрлі тапсырмаларды орындау әлдеқайда жеңіл болды, өйткені бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымдасқан жұдырықтай команданың бөлігі болдық. Екібастұздық әріптестеріміз бізді біріктіріп қана қоймай, бір мақсатқа жұмылсақ, түрлі қабілеттерімізді көрсете алатынымызды аңғартты. Көпшілігіміз өзіміз үшін бойымызда жаңа ұйымдастырушылық, шығармашылық, көшбасшылық дағдыларды аштық. Кеншілер жердің ерекшеліктерін қолдануға тырысып, ұмытылмас әсер қалдырды. Іс – шараны ұйымдастырушылар қатысушыларды барынша ынталандырды және қолдады.

2018-10-11 111748

Оған қоса жергілікті жердің барлық мүмкіндіктерін молынша кеңінен пайдаланғандықтан әр тапсырмадан естен кетпес әсерлер алдық. Жарыстар өте қызықты өтті, біз толығымен жарысқа беріліп, қаладағы қалыпты тынысымызға, күнделікті үйреншікті жағдайларға басқа көзқарас таныттық.

Тимбилдингтің соңғы күнінде біз Баянауыл өлкесінің көрікті жерлерін аралап көрдік. Мен табиғаттың көп қырлы сұлулығы мен ерекше әсемдігіне сүйсіндім, таңырқадым. Шаралардың барлығы жоғары деңгейде өтті. Кез-келгенімізді осындай кездесулердің жалғасатыны қанағаттандырды, – дейді 2-ЖЭО РҚжА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтер, жастар ұйымының белсендісі Дмитрий Офицеров

2018-10-11 111757

– Бізді – қатысушыларды «Energy Mix», «Energy People», «Six Mix», «Mafia» және «Жасын – Молния» деп аталған 5 командаға бөлді. Жарыстар, ондағы тапсырмалардың қызықты, танымды, пайдалы және көңілді болғаны ерекше қуантты. Бұл шараға қатысушылар жігерлі, тапқыр, алғыр болды. Біздің корпоративтік рухымызды көтерген эмоционалдық және рухани жұмылу сезілді. Жасыбай батырдың ескерткішіне, атақты Қоңыр Әулие үңгіріне, Кемпіртас тауына, Мыстан шатқалына және Жасыбай батырдың қабіріне бардық. Әсерімізді айтып жеткізу қиын әрине, бір сөзбен айтқанда керемет болды! – деп атап өтті жастар ұйымының белсендісі, 3-ЖЭО релелік қорғаныс және автоматтандыру құралдарын жөндеу жөніндегі электр монтері Өмірбек Ізімбетов.

– «Богатырь Көмірдің» жігіттері бізді жылы, құшақ жая қарсы алды. Екібастұз қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырып, қаланың көрікті жерлерін көрсетті. Ротор дөңгелегінің ескерткішін көрдік.

Тимбилдинг өтетін жерге келіп, орналасып, кешкі алаудың төңірегінде жақсы әңгіме айтып, ән шырқадық. Екінші күні шараға қатысушылар үшін таңертеңгі жаттығу футбол алаңындағы ойыннан басталды. Содан кейін біз бес топқа бөліндік. Мақсатқа жету жолында біз жіптерден команданың капитанын көтере алатын тор тоқыдық, катамарандарда жарыс өткізіп, қолда бар материалдарын билейтін робот құрастырдық, кедергілер кезегінен өтіп, ағашқа өрмеледік. Тапсырмаларды орындай жүріп, біз жасырылған қазыналарды – түрлі құралдарды іздеп, таптық. Нәтижесінде, олардан «Богатырь Көмір» жарқыраған жазуын және отшашуды қосуға мүмкіндік беретін схеманы жинадық. Кешке қарай қатысушылардың барлығы Тимбилдіңгті ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Бұл кездесу менің есімде көптеген эмоциялар мен әсерлерге толы, әрине жаңа достар табумен ерекше орын алады», – деді жастар ұйымының белсендісі, ОҚТО ЕҚжәне ҚТ жөніндегі аға инспекторы Шынғыс Рахатов.

2018-10-11 111808

– «АлЭС» АҚ ұжымы ең күшті, белсенді, қайратты әрі табанды болды. Тимбилдинг өткізу тәжірибесі аталған форумға қатысушылардың арасында жігіттерді ерекшелендіріп тұрды», – деді «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бас менеджері, кураторы Әсел Баймахан.

«Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының бірінші тимбилдінгін ұйымдастырушылар энергетикалық кәсіпорындардың еңбекшіл жастары арасындағы өзара ынтықмастастықтың берік іргесін қалай алды.