АМЦ хасшеберлері: мамандық шыңында
Артқа
15.10.2024

АМЦ хасшеберлері: мамандық шыңында

Арматуралық-механикалық цех – «АлЭС» АҚ департаментінің өндіріске арналған негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Цех «Энергожөндеу» ӨЖК-ге кіреді және жоғары техникалық жағдайды ұстап тұруда және компанияның бүкіл энергетикалық кешенінің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөлі бар.

АМЦ 1985 жылы құрылған, және осы уақыттың ішінде онда жоғары кәсіби ұжым қалыптасты. Цех мамандары алматы ЖЭО-ларының үшеуіне де қызмет көрсетеді, «АлЭС» АҚ-ның басқа департаменттерінің тапсырысы бойынша жұмыстарды атқарады. Олардың міндеттеріне ілмекті және реттеу арматураларды, түйіндерді, агрегаттарды жөндеу, «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің негізгі және қосалқы энергия жабдықтарына қосалқы бөлшектерді дайындау кіреді. АМЦ «Энергожөндеу» ӨЖК құрылымдық бөлімшелері үшін жабдықтарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді және құрал-саймандарды дайындау және жөндеумен айналысады.

Тоқ құпияларын ашу.
Эдуард БАЛЕНСКИЙ, 6-разрядты электр слесарь

Дәл осы адамдар – олардың кәсібилігі, жауапкершілігі, жоғары жұмыс қабілеттілігі және кез-келген уақытта қажетті жұмысты орындауға дайын болуы – АМЦ сенімділігін, жоғары өндірістік көрсеткіштерін және компанияның барлық құрылымдары үшін сенімді серіктес ретінде беделін қамтамасыз етеді.

Цех мамандарының бірі – Эдуард Баленский, электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрші. Ол АМЦ-де отыз жылға жуық уақыт қызмет атқарады. 1994 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кәсіби өсудің әсерлі жолынан өтті.

– Менің алғашқы жұмыс күнім кешегідей есімде, – дейді Эдуард Густавович. – Мен тәлімгерімнің жұмысын мұқият бақылап, мамандықтың барлық ерекшеліктері мен құпияларын білуге тырыстым. Алғашқы кездері қатты уайымдап жүрдім, өйткені мен өз жұмысымның барлық жауаптылығын және қауіпсіздік техникасын мүлтіксіз сақтау қажеттілігін бірден ұғындым.

Оқушыдан кәсіби слесарьге дейін ол, терең ойластырылған кәсіби оқудан бастап, барлық сатыларынан өтті. Ал бүгінгі таңда оның міндеттеріне цехтың станоктық паркінің электр жабдықтарын тексеріп шығу және қарау, қызмет көрсетуші персоналдың ескертулерін жою және ақауларды түзету кіреді. Электр жабдықтарының үздіксіздігін және сенімділігін қамтамасыз ету, кәсіпорынның жұмысына оның қосқан үлесінартық бағалау мүмкін емес.

– Мен үшін ұжыммен бір ырғақта жұмыс істеу, өз кәсібімнің шыңында болу аса маңызды. Бірақ мамандықтағы және өмірдегі сәттіліктің маңызды факторларының бірі отбасымның қолдауы болып табылады, – дейді Эдуард Баленский. – Мен үшін ата-анам ұдайы беделді болды, олардың үлгісі мен үшін шабыт көзі болды. Олардың бағасы мен үшін арқашан маңызды еді. Мен өзіме пірлерді дәріптемеймін, бірақ менің айналамдағы адамдардың даналығы мен тәжірибесін бағалаймын. Менің өмірімдегі басты байлық – жинаған өмірлік тәжірибем. Мен өз еңбегімді мақтан тұтамын, және балаларым да мені құрметтеп мақтан тұтатындарына қуаныштымын. Бұл менің әр жұмыс күнімді мағыналы етеді.

Эдуард Баленский, көптеген адамдар сияқты, бала кезінде археологтың шытырман оқиғалары мен жаңалықтарын, ежелгі құпияларды ашуды армандады. Алайда, белгілі болғандай, өмірде одан да таң қалдыратын құпиялар бар. Ол үшін бұл электр тоғының құпиясы болды. 14 жасында қызығушылық, тоқтың құпияларын ашуға деген ұмтылыс ерте балалық шақтағы армандарды жеңіп шықты. Эдуард тоқтың құпиясы мен күшіне қарсы тұра алмады.

Ал тарихтың, археологияның, адам болмысының құпияларына келетін болсақ, қызығушылық әлі де бар. Бірақ ол бұл сұрақтарға жауаптарды табиғатта, бақша өсіруде, шығармашылықта және кітаптарда табады. Оның сүйікті шығармалары: Михаил Шолоховтың «Тихий Дон», Валентин Пикуляның «Баязет» және Михаил Булгаковтың «Мастер и Маргарита». Ол осы шығармалардың беттерін аралап, кейіпкерлердің даналығына қанық болып, жаңа идеялармен шабыттанады.

Жабдықтар «реаниматоры» және жалын «әміршісі».
Андрей КРАСЮКОВ, газ-жалынды аппаратураны жөндеу және сынау жөніндегі слесарь

Мүмкін, көп қырлы, тұтас тұлғалар өз қабілеттерін кез келген салада көрсете алатындары табиғи нәрсе шығар. Бірақ, әдетте, олар өздерінің дарындылығын барынша тиімді пайдалана алатын орынды таңдайды.

Эдуард Баленский сияқты, 6-разрядты слесарь-аспапшы, Андрей Красюковтың да мамандыққа жолы энергетикаға деген терең қызығушылықтан басталды. Бұл қызығушылығы аяғында оны 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан АМЦ-ға алып келді. Оның мамандығы бүкіл үлкен ұйымдағы жалғыз бірегей мамандық – газ жалынды аппаратураны жөндеу және сынау жөніндегі слесарь.

– Мұның бәрі электр энергиясына деген терең қызығушылықтан және оның пайда болу құпияларын ашуға деген ұмтылыстан басталды. Өз кәсібімді түсінген сәттен бастап менің өмірім оқиғаларға толы және қызықты бола бастады, – деп мойындайды Андрей Борисович. Энергетикадағы жұмыс мен үшін жай ғана мамандық емес – бұл түрлі жабдықтарды реанимациялау және қаланың энергия жүйесінің беріктігін қамтамасыз етуге өз үлесімді қосу мүмкіндігі.

Оның алғашқы тәлімгері Геннадий Семенович Овечкин болды, ол болашақ маманды шабыттандырды және оған мамандықтың көптеген құпияларын үйретті. Андрей Красюков бәрін білу мүмкін емес деп санаса да, оған күн сайын ұмтылу керектігін айтады. Ол жұмыста өзінің кәсіби деңгейін үнемі көтеруге мүмкіндіктің болғанын жақсы көреді. Ал бүгінгі таңда игерілмеген нәрсесі – оның армандарында ғана емес, жоспарға айналған – турбинаны жөндеу дағдысын игеру қалды. Әрі қарай – жаңа міндеттер.

– Кезінде 2-ЖЭО-дағы сегізінші қазандықтың іске қосылуы маған ұмытылмас әсер еткен еді, – деп жалғастырады Андрей Красюков.  – Менің кәсіби арманым – жабдықтардың істен шығуын барынша азайту. Менің бұл ұмтылысымды, өз ісінің нағыз шеберлері жұмыс істейтін, ұжымым қолдайды. Мен үшін жұмысты орындау ғана емес, оны жақсы көру де маңызды. Мен білім әлеміне еніп, жаңа көкжиектерді ашатын техникалық әдебиеттерге берілгенмін. Сондықтан менің сүйікті кітаптарым: «Жас радиоәуесқой анықтамалығы», «Машиналарды жөндеу анықтамалығы», «Металл өңдеу жөніндегі анықтамалық». Мен үшін өндіріс міндеттері әрқашан кедергі емес, қызықты сынақ болып қалуда. Менің ұраным – күресу, іздену, табу, жеңілмеу. Бұл қағида әкесінің ар-ождан жұмыс істеу туралы құнды кеңестерімен нығайтылған.

Андрей Борисович энергетикадағы өз жолын мақтан тұтады және өмір – бұл зерттеу, шығармашылық және энергетикадағы кемелдікке деген тұрақты ұмтылыс деп есептей отырып, алға жылжуды жалғастырады. Оның ерекше кәсіби мақтанышы – ол американдық «Harris» фирмасының кескіш мүштігін жасау технологиясын жетілдіріп сәтті қолдана алуы.

– Мен әр жұмыскердің компанияға барынша пайдасын тигізуі үшін еңбекқорлығы мен ынтасы болуы қажет екеніне сенімдімін, – деп сөзін аяқтады кәсіби хасшебер – слесарь Андрей Красюков.

Әйелдің ғажайып күші.
Адаляд ИСРАИЛОВА, 3-разрядты слесарь-аспапшы

Жабдықтарды жөндеуден басқа, оны жұмысқа жарамды және сенімді күйде ұстау, АМЦ мамандары жабдық тозуының өсу себептерін, оның тоқтап қалуы мен істен шығуын, апаттар мен жазатайым оқиғаларды тергеуді, оларды жою және алдын алу шараларын әзірлеумен және енгізумен айналысады. Ұжым әлеуетті мәселелер, олардың алдын алу және шешу алгоритмі каталогын құрастырады.

Бұл іске тәжірибесі бар мамандар үлкен үлес қосады, олардың ішінде Эдуард Баленский, Андрей Карсюков, сонымен қатар жас жұмыскерлер де бар. Олардың қатарында слесарь-аспапшы Адаляд Исраилова да бар. Әріптестер оған құрметпен қарайды және жұмыстағы тұрақтылық пен кәсібиліктің бейнесі деп атайды. Оның мұндағы жұмыс өтілі небәрі 6 жыл, бірақ ол өзінің шынайы кәсіп саласын тапқандығы туралы айтады. Бұл үшін өзінің алғашқы тәлімгерін Аль-Фараби Кенесбаевич Утеуловқа көп алғысын білдіреді.

Оның міндеттеріне цех жұмысының барлық аспектілерін басқару кіреді: кірістер, ауыстырулар, құрал-саймандарды есептен шығару және беру. Ол үшін ең бастысы – бұл тұрақтылық, істің мән-жайын түсіну, есеп, талдау. Ол тек селсарь-аспапшы ғана емес, сонымен қатар бүкіл кәсіпорынның жұмысында тұрақтылық пен сапаны ұстап тұруға және сақтауға үлес қосатын маман.

Адаляд тек сұлу және ақылды ғана емес, сонымен қатар спортшы, ол волейбол бойынша «Энергожөндеу» ӨЖК департаментінің әйелдер құрама тобының құрамына кіреді, ал былтыр «АлЭС» АҚ намысын Бурабайдағы «Самұрық-Энерго» жыл сайынғы спортакиядасында қорғаған.

– «Энергожөндеу» ӨЖК – бұл қуат, ал АМЦ – бұл керемет күш! Мұнда мен сүйікті жұмысымды тауып қана қоймай, кәсіби дамуға қол жеткіздім, сонымен қатар еңбек үрдісінде өте маңызды қолдау мен түсінушілікке ие болдым, – дейді Адаляд. – Мен үшін жұмыс – бұл қағаз жүзінде – еңбек шартында көрсетілген міндеттер қана емес, сонымен қатар қызықты іс және үздік ұжымның бір бөлігі болу мүмкіндігі.

Турашыл, жауапты қыз баласы ер адамдардың кәсібін игеріп, өзінің міндеттерін керемет атқарып, ерлер ұжымын өзінің әйел болмысымен, нәзіктігімен, сүйкімділігімен жұмсартып жүр. Ол жұмысқа көмектесетін күшті түйсігі бар екенін мойындайды, ал оның детективтерге деген сүйіспеншілігі логика мен жүйелі ойлау қабілеттерін дамытқандығын айтады. Бұл қасиеттер оның бұрыңғы арманы – жаттықтырушы болумен ұштасып, жігерлік, адамдарды басқару, қойылған мақсаттарға жету сияқты қабілеттерді бойына сіңірген. Осының барлығы Адаляд Тлямовна – АМЦ үшін әйелдік ғажайып күш деп айтуымызға негіз болды!

Алдыңғы шептегідей.
Аль-Фараби УТЕУЛОВ, арматуралық-механикалық цех бастығы

Энергетик болуды ойламаған адам кәсіпорынға уақытша жұмысқа орналасады, бірақ осы жерде тұрақтап қалып – міне 30 жылдан астам уақыт бойы АМЦ-да жұмыс істеп келеді. Тіпті, қазір ол – Аль-Фараби Утеулов – Арматуралық-механикалық цехты басқарады. Және бұл таңдауына өкінбейді. Аль-Фараби Утеулов мектепті алтын медальмен, ал университетті қызыл дипломмен бітіргендіктен, осы мамандықты таңдауында оғантаң қалғандар даболғаншығар.

Алдымен ол 3-ЖЭО департаментіне жұмысқа қабылданды, содан кейін «Энергожөндеу» ӨЖК-ге ауыстырылды, мұнда Аль-Фараби жұмыстың ерекшелігін, өзінің тәжірибесін және жоғары жауапкершілігін көрсете білді.

Осы уақыт ішінде ол «АлЭС» АҚ-да беделге ие болып қана қоймай, оған ғылым үшін зор ризашылығын білдіретін Адаляд Исраилов сияқты оқушылардың тұтас бір тобын өсірді. Цех ұжымының пікірінше, Аль-Фараби Утеулов – өз кәсібинің шебері, жауапты және әділбасшы, сонымен бірге – нағыз педагогикалық қасиеті бар талантты тәлімгер. Аль-Фараби өзінің жақсы өмір мектебінен өткенін айтты – оның тәлімгері Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде репрессияға ұшырап, Салехардқа жіберілген ұлты бойынша фин Илья Михайлович Каргуболды. Енді ол өзі де біліммен тәжірибе эстафетасын оқушыларына жеткізуде.

Алайда Аль-Фараби Утеулов мұның бәрі өзара байланысты деп есептей отырып, цех басшылығы мен жастармен жұмысты бөліспейді. Ол үшін шеберхана қызметкерлері – тәжірибелі де, жас жұмысшылар да, тағылымдамадан өтушілер – өздерінің өндірістік міндеттерін кәсіби түрде орындауы маңызды.

– Біздің ұжым өте керемет, адами қасиеттері жоғары өзісінің мамандары, – дейді Аль-Фараби Кенесбаевич –Біздің жұмысымыз майданның алдыңғы шебіндегідей: демалыс және мереке күндері – тәуліктің кез келген уақытында – авариялық жұмыстарды ұйымдастыру және орындау үшін қоңырау шалып, жұмысқа шақыра алады. Және қысқа уақыт ішінде орындау керек. Бұл үшін бәріміз бір жұдырықтай жұмыла аламыз. Біз энергетикадағы машина жасаушылармыз және жұмысымыздың өзерекшеліктері бар. Сонымен, біз металл кесетін станоктарда, дәнекерлеу және газ бен кесу жабдықтарында жұмыс істейтіндіктен, біздің қаруымыз – электр және пневматикалық құрал болады. Біз сондай-ақ ұсталық және болат арқандарды өру жұмыстарын орындаймыз, газ жалын аппаратураларын, домкраттарды, таль, шығырларды және тағы басқаларды жөндейміз және сынақтан өткіземіз. Біз тозған және ақаулы бөлшектермен механизмдерге екінші өмір береміз, металл бөлігінен адамдармен кәсіпорынға қажетті бұйым жасаймыз. Маған жұмысымыздың нәтижесі бірден көзге көрінетіні ұнайды. Өндірілген бөлшектермен жаңартылған жабдықтар айқын және шынайы.

Мұның бәрін, ең бастысы жұмысқа деген осындай көз қарасты – олжас қызметкерлерге жеткізе отырып, үнемі өзін-өзі тәрбиелеу ережелерін – техникалық, шығармашылық және рухани ережелерді ұстануға кеңес береді. Аль-Фараби Кенесбаевич әркім бірегей және қайталанбас тұлға болуы тиіс деп есептейді.

– Кез келген кәсіпте жақсы маман ғана емес, сонымен қатар лайықты адам болу маңызды, – дейді Аль-Фараби Утеулов. – Біздің жұмысымызда мен өзімді кәсіпорынға, қоғамға және адамдарға пайдалы бола білгенімді сезінуді ұнатамын. Өкінішке орай, қазіргі қоғамда энергетика мамандығы ең жоғарғы мәртебеге ие емес. Бұл жұмысшылардың жалақысының төмен болуына да байланысты. Бірақ қызықтыратын жағыда бар. Біздің департаменттің ерекшелігі – оның алуан түрлілігінде, «АлЭС» АҚ барлық департаменттері арасындағы саны жағынан ең көп қызметкерлер бізде. Маған біздің ұжым қатты ұнайды. Біздің цехта көптеген қызықты, жан-жақты тұлғалар жұмыс істейді, «АлЭС» АҚ департаменттері мен мердігерлік ұйымдардың тапсырыс берушілері арасында көптеген ғажайып адамдар бар.

Салмақты, жауапты және темірдей тәртіпті басшы АМЦ ұжымына үлгі боларлықтай. Оның жұмыстағы тиянақтылығы, кірпияздылығы көпшілікті тәнті етеді.

– Менің қатаң күнтәртібім бар: барлығы жоспарланған, жұмыста таң ертең істертізімін күнделігіме жазамын, – деп растайды Аль-Фараби Кенесбаевич. – Таң ертең мен қызметкерлердің жұмысқа шығуымен инциденттер туралы есеп беремін, шеберлер мен жұмысты бір күнге бөлуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін – жұмыс орындарын аралап – шолу, электрондық пошта хабарламаларын тексеру, департаменттерден келіп түске нөтінімдерді ресімдеу, кесте бойынша емтихандарды қабылдауға қатысу. Бұдан басқа – сұрау салу бойынша жоғары тұрған инстанцияларға есептер жасау, Тапсырыс берушілермен және қызметкерлермен ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді шешу, қажеттілік бойынша – ӨЖК кеңсесіне және ЖМШ-1,2,3 учаскелеріне бару. Және жағдайларға байланысты тағысын тағы …

Аль-Фараби Кенесбаевич жаңаны оқуды және кемелдікке ұмтылуды тоқтатпайды. Ол жаңа нәрсеге таң қала білетінін мойындайды. Жылу станцияларынан ерекшеленетін Қапшағай ГЭС-на барған алғашқы сапары оған қатты әсер еткені әлі есінде.

Ол өмірден қажымайды: тауға серуендеуді және достарымен саяхаттауды, үстел теннисі, шахмат, преференс ойындарын ұнатады. Отбасы – оған үлкен бақыт пен қолдау береді. Аль-Фараби Кенесбаевич өмірде еңсеруге болмайтын кедергілер жоқ екеніне сенімді және балаларымен туыстарының ұзақта бақытты өмір сүруін армандайды.

Өйткені, өмірдегі ең бастысы – сүйікті жұмысынан басқа – денсаулықпен жақын адамдардың әл-ауқаты емес пе?

Мақсатқа жеткізер жол.
Максим КИРКИЦА, механикалық құрастыру жұмыстарының 6-разрядты слесарі

Зиялы слесарь. Мұндайды сирек естисіз. Бірақ Максим Киркица өзінің алғашқы тәлімгері Виталий Борисович Чехонадский туралы айта отырып, оны дәл осылай сипаттады: «тәжірибелі, зиялы слесарь, ескі коммунистік бапта шыныққан». Бұл жұмысшы мамандығының элитасы жастарға тек тәжірибені, білімді, дағдыларды ғана емес, сонымен қатар – мамандыққа деген мақтанышты, оны құрметтеуді, оның маңыздылығын жеткізе білген. Чехонадскийдің шәкірттері бүгінде осы қасиеттерімен ерекшелендіреді.

– Мен бала кезімнен энергетик болуды армандадым, бұл мамандық мені өмірдің барлық саласындағы маңыздылығымен қажеттілігімен таң қалдырды. Бірақ менің энергетикаға жеке жолым ұзақ және бұрмалы қилы болды. Ақыры, 2011 жылы «Энергожөндеу» ӨЖК-не келгенімде, менің орным осында екенін түсіндім, – дейді АМЦ механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі Максим Сергеевич. – Біздің департаменттің айырықшылығы – ол кәсіпорынның электр станцияларына ерекше қажеттілігі. Алғашқы жұмыс күнімде мен электр қуатын өндіретін машиналардың, сондай-ақ олардың жұмысын қолдайтын жабдықтардың көлеміне таң қалдым. Өндірістің өзі мені орасан ғаламатылығымен және ауқымдылығымен таң қалдырды. Менің ойымша, егер тағдыр маған екінші мүмкіндік берсе, мен ұсақ-түйекке уақыт жұмсамастан, бірден мақсатыма тіке жүрер едім.

Максим Киркица АМЦ-қа келгеннен бері 12 жыл өтті және бүгінде ол кәсіпорынның жетекші мамандарының бірі. Оның жұмыстық міндеттеріне электр энергиясын үздіксіз өндіруді қамтамасыз етуге байланысты жоспарлы және шұғыл жұмыстар кіреді. Бұл жұмыстар зейінді, жауапкершілікті, нақты әрекеттерді талап етеді. Өз уақытын басқаруды үйренді, бұл бүкіл жұмыс күнін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

– Энергетикалық кәсіпорында жұмыс істеу қиын және өте қауіпті, – деп есептейді Максим Сергеевич. – Сондықтан мен әрқашан айтып отырамын: энергетиктер, қатаң тәртіпті болыңыз, қауіпсіздік талаптарын орындаңыз, жабдықты үгемі қадағалаңыз. Мен үшін ең бастысы – жұмыс орнында қажет болу, ал менің мамандығымда – «өмір» дайындамасына дем салу, оны қызметке жарату мүмкіндігі ұнайды. Маған кез-келген тозған бөлікті немесе түйінді қалпына келтіруге болатындығы ұнайды. Металды қалай ұстау керектігін білу, оның қасиеттерімен ерекшеліктерін білу маған шынайы маман ретінде сезінуге көмектеседі. Менің кәсіби арманым – ең жоғары сапалы нәтижеге қол жеткізу. Менің жұмысым энергетикалық жабдықты жөндеу болғандықтан, мен машиналардың жұмысын егжей-тегжейлі және тұтастай білгім келеді. Әр уақытта бәрі бірден бола қалмайды. Бірақ қиын жағдайларда маған тәжірибелі мамандармен тәлімгерлердің, алдыңғы аға буынның бізбен бөліскен тәжірибесі көмектеседі.

Максим Киркица, егер оның кәсіби байрағы болса, онда өзінің символикасы бейнеленген болар еді дейді. Және, бәлкім, ұран ретінде: «Бәрі қызықты, бірақ ең қызықтысы әлі алда деп үміттенемін» – деп жазылар еді. Бұл оның үнемі алға жетелейтін – өмірлік көзқарасы.

Ол өз әріптестеріне үлкен құрметпен қарайды, оларды негізінен жағымды қасиеттерге ие өзісінің мамандары деп санайды. Бұл өндірістік ұжым үшін өте маңызды, сондықтан әріптестер кәсіби дағдылардан басқа: парасаттылық, қарым-қатынас мәдениеті, басқа адамдарға деген құрмет сияқты қасиеттерге ие болуы керек.

– Менің армандарым көптеген парасатты адамдарді кісияқты қарапайым, – дейді Максим Сергеевич. – Бірақ жоғары мақсаттарға ұмтылу – қызықты өмір сүруге көмектеседі. Менің өмірімдегі ең бастысы – үй, отбасым, жақындарыммен қарым-қатынас, жұмыс, ашық аспан. Менің балаларым менің жұмысыма құрметпен қарайтыны қуантады. Ал менің өмірлік миссиям –жақындарыма көмектесу. Менің мұраларымның қаржылық құндылығы көп болмаса да, ата-анам берген рухани тұғырлар мен дәстүрлер маған өмірде сенімді тірекретінде қызмет етеді.

Мамандық мені өзі таңдады.
Жандос КАЧЕВ, АМЦ шебері

«Шеберден іс қорқады» дегендердің бірі – Жандос Качеев. Ол – «Энергожөндеу» ӨЖК арматуралық-механикалық цехының шебері. АМЦ-да тоғыз жыл жұмыс істейді. Бірақ Жандосты, осы шеберханада жұмыс істейтін көптеген әріптестері сияқты, тағдырмен мамандық оны өздері таңдады. Кәсіби жолы туралы айтатын болсақ, ол өзінің еңбек жолы жұмыс істей бастаған және ақша таба бастаған кезі 12жасынан басталды деп есептейді. Көп жерде жұмыс істеген ол ешқашан энергетик болуды жоспарламағанын мойындайды және цехқа кездейсоқ келген, бірақ …

– Бірінші жұмыс күнінде мен шұғыл, апаттық жұмысқа байланысты қосымша жұмыс істедім, – деп еске алады Жандос Жуманович. – Және бұл шешуші сәт болды. Шындығында, менің бірден ұнатқан ұжыммен танысуым да осылай болды. Көп жағдайда осындай сәттер адамдарды кәсіпқойлыққа, командада жұмыс істеуге және өз міндеттерін сапалы, уақытылы орындау қабілетіне тексереді. АМЦ-да өте мейірімді, ұйымшыл, өз жұмысын білетін мамандар жұмым жасайды. Мені шеберханаға әкелген оқиғаға ризамын.

Жандос Качеев өз кәсібін мәртебелі деп санайды. Ол саланың түрі қаншалықты өзгерсе де, энергетиктер әр дайым және барлық жерде сұранысқа ие болатынына сенімді.

– Біз өзімізге қандай жауапкершілік жүктелетінін жақсы түсінеміз, сондықтан әр кімадал, креативті жұмыс істейді, – деп жалғастырады Жандос Жуманович. – Міндеттілік, жауапкершілік-біздің ұранымыз деп айтуға болады. Бірақ болашақ туралы ойлана отырып, қазір біз мүмкіндігінше көп жас мамандарды оқытып, дайындауымыз керек деп санаймын. Сондықтан, мен қазір жастарды оқытуды армандайтындықтан, шешендік өнердің дағдыларын игеру міндетін қойдым.

Жандос кәсіпорынның спорттық өмірінің белсенді қатысушысы және «АлЭС» АҚ мен «ЭР» ӨЖК арқан тарту командасының капитаны болып табылады. «ЭР» ӨБК командасы Жандостың ұйымдастырушылық қабілеті мен жаттығу процесіне шығармашылық, тіпті ғылыми көз қарасының арқасында соңғы жылдардағы «АлЭС» АҚ спартакиадасының тұрақты жеңімпазы болып келеді.

Көп сөзге жоқ, бірақ жылдар алды ойланатын шебер – АМЦ-тің құнды активі және ол өз мақсаттарына жететіні сөзсіз.

Жұмыс элитасы.
Роман БОЧАРОВ, 6-разрядты токарь-жонғыш

Қазіргі қоғам мамандықтың бірнеше «сән толқынын» бастан өткерді. Әдетте, кеңсе немесе цифрлық кәсіптер басымдыққа ие болды. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде жұмысшы мамандықтарының элитасына – дәнекерлеушілерге, слесарларға, токарларға сұраныс артта түсті. Мұндай жоғары дәрежелі шеберді жұмысқа алу немесе өзінде тәрбиелеп шығару – өндіріс үшін үлкен олжа және оның сәтті жұмысының кепілі.

Жоғары деңгейдегі жұмысшы мамандықтарының адамдары ерекше сұранысқа ие, АМЦ-да мұндай шеберлер бар. Солардың бірі – жоғары, алтыншы разрядты токарь-егеуші Роман Бочаров. Көп адамдар білмейді, бірақ осы мамандықтың тек бірінші сатысында болу үшін ғана 2 жыл бойы қолданыстағы талаптарға сай оқу керек. Роман Бочаров бүгін – мамандық шеберлігінің жоғарғы сатысында. Ол өңдеудің ерекше дәлдігін қажет ететін бірегей бөлшектерін жасайтын әмбебап шебер.

– Мен ерте – 16жастан бастап жұмыс істей бастадым. Мен ешқашан энергетик болуды мақсат қоймадым, бірақ қандайда бір жолмен өздігінен осы мамандыққа келдім. Маған жай ғана жұмыс ұсынылды, мен келістім», – дейді Роман Викторович. – Менің басты өндірістік міндетім – бөлшектерді сапалы дайындау. Ал басты өндірістік арманым – төтенше апаттық жағдайлар аз болсын.

Ол өз жұмысын беделді деп санайды. Жастар мамандыққа келе бастағаны кездейсоқ емес. Сонымен қатар, егер жетілдіруге деген ұмтылысты және күнделікті өмірде жоғары жауапкершілікті таныта отырып, кәсіби дағдыларды үнемі желілдіру арқылы ғана шеберліктің шынайы шыңдарына жетуге болады деп есептейді.

Қазір орындайтын жұмыстардың әр түрлілігі мен күрделілігі, жаңа қиындықтар оның кәсіби қызығушылығымен толқуынтудыратын шеберлік деңгейінде. Сонымен, алтыншыдан жоғары разряд болмаса да, шебердің кемелдікке жету жолы шексіз …

Арматуралық-механикалық цехтың тірегі.
Мариям БЕКМУХАМЕДОВА, еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жалақы жөніндегі инженер

АМЦ-да ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженер Мариям Бекмұхамедова 2025 жылы энергетикадағы отыз жылдығын атап өтеді. Көптеген жастар сияқты, өз уақытында мамандық таңдағанда, ол бұл саланы қарастырғанда жоқ. Бала кезінде Мариям ата-анасы сияқты құрылыс инженері болуды армандады. Оларды мақтан тұтты, ал анасы тіпті кәсіподақтың төрайымы болды. Бойжеткен анасына деген ұжымының жылы көз-қарасын, адамдардың мәселелерін қалай шешкенін көріп өсті. Бір неше жылдан кейін Мариям анасының жолын қайталады. Мамандықта емес, өмірлік принциптерді ұстануында: жауапкершілік, міндеттілік, еңбекке қабілеттілік, жігер, оқуға және жетілуге деген ұмтылыс, адамдарға мейірімді болу.

Мариям Бекмухамедова – жоғары экономикалық білімді және қаржы секторында жұмыс жасауды жоспарлаған.Бірақ тағдыр басқаша шешіп, оны энергетикаға «бағыттап жіберген». Мариям бүгін мойындағандай, бұл ол үшін жақсы өмірлік бет дұрыс болды: қажетті және қызықты мамандық, ол бағалайтын маңызды жұмыс, тамаша ұжым, өмірдегі тұрақтылық. Сонымен қатар, ол, анасы сияқты, кәсіподақ жұмысына қатысады: Мариям Сатовна – ӨЖК өндірістік базасының кәсіподақ цех комитеті. Сезімтал, мейірімді және мұқият, ол цех қызметкерлерінің туындаған барлық мәселелерін шешеді және барлығына туыстарымен жақындары сияқты қарайды. АМЦ-тің жас мамандары оларға деген қарым-қатынасы үшін оны «біздің анамыз» деп атайды.

– Мен энергетикаға 1995 жылы «Энергожөндеу» ӨЖК электр цехына еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженер лауазымына келдім, ал 2002 жылы АМЦ-да осындай лауазымға ауыстырылдым. Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін, энергетикаға келгеніме өте қуаныштымын және бұл менің өмірімнің бір бөлігіне айналды. Егер мен қайтадан шешім қабылдауға мәжбүр болсам, онда мен бұл мамандықты тағы таңдар едім, өйткені бұл маған өз қабілеттерімді жүзеге асыруға, кәсіби дамуға және қоғамға пайдамды әкелуге мүмкіндік берді. Бірінші жұмыс күнім жақсы есімде қалыпты және ұжымым мені сондай жылылықпен қарсы алды, – деп еске алады Мариям Сатовна. – Мұндай мейірімді атмосфера бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Бізде жоғары білікті және адал мамандар тобы жұмыс істейді. Біз бәріміз бір-бірімізді қолдаймыз, ортақ мақсаттарға ұмтыламыз, бұл жұмысты нәтижелі ғана емес, сонымен қатар қолайлы етеді. Мүмкін, ұжым атмосферасының сипаттамасы менің тәлімгерлерімнің бірі Юрий Викторович Шашкинарқасында шығар, ал қазір ол менің ізіммен жүріп келе жатқан қызым Диананың тәлімгері. Қазір ол АлЭС бас кеңсесінде жұмыс істейді. Еңбек ұжымында осындай бірлік, сабақтастық, достыққана көп жылдық дәстүрлерді қалыптастырады. Балаларым менің мамандығыма қаншалықты еңбекпен күш жұмсағанымды көргеніне қуаныштымын. Олар менің жұмысымды мақтан тұтады және оның маңыздылығын түсінеді.

Тұрақты 30 жыл жұмыс істегеннен кейін де Мариям Бекмухамедова өзінің кәсіби өсуін тоқтатпайды және оқудан жалықпайды, ең бастысы – жаңа құзыреттерге қол жеткізу. Жастықынта – жігері оған мақсат қоюға мүмкіндік береді, мысалы, жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренуге ынталы. Ал табандылықпен бастаған істі соңына дейін жеткізе білу – оның мақсаттарға жетуге деген сенімін нығайтатын маңызды қасиеттері. Егер оның жеке байрақ – белгісі болса, ол оған «Ешқашан жеткен жетістікпен тоқтап қалма, кемелділікке ұмтыл!» деген ұранды жазар еді.

Мен бала кезімнен адамдарға пайда әкелуге және кәсіби дамуға мүмкіндік беретін мамандық туралы армандадым. Энергетика маған осындай мүмкіндікті берді. Менің ойымша, Қазақстандағы энергетика мамандығы өте мәртебелі, ол елдің экономикалық дамуында шешу шірөл атқарады, – деп атап өтті Мариям Сатовна. – Бұл сала үнемі дамуда, қызметкерлерден жаңа білім мен дағдыларды талап етеді. Бізде мансапты қөсу және мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін көптеген мүмкіндіктер бар.

Әріптестерінің және АМЦ басшылығының пікірінше, ол – жинақты және жауапты қызметкер, өзінің жұмыс күнін өте мұқият жоспарлайды, басымдықтарды нақты белгілеп, ең маңызды деген міндеттерге қажетті уақыты бөледі.

Мен цехтың барлық бастапқы құжаттамасын жүргіземін – табельді жүргізуден бастап өндірілген және қалпына келтірілген өнімдердің барлық түрлеріне калькуляцияларды әзірлеуге дейін, Ф-2 актілерін рәсімдеу, пайдаланылған материалдарды есептеу және есептен шығару, цех қызметкерлерінің жалақысын есептеу және тағы басқалар. Біздің жұмысымызда кәсіби дағдылардан басқа жауапкершілік, бастамашылдық, командада жұмыс істей білу сияқты қасиеттерге ие болу маңызды. Мен өз жұмысымның және ұжым жұмысының нәтижелерін көргенді, адамдарға қажетті және пайдалы болуды сезінгенді ұнатамын. Әріптестеріме олардың жұмысының қаншалықты маңызды екенін есте сақтауды, оны мақтан тұтуды және өз дағдыларын үнемі жетілдіруге және жаңаны үйренуге ұмтылуды тілеймін. Баршаға – кәсіби жетістіктер мен сәттілік тілеймін.

Бірнеше жыл бұрын «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен компанияның әйелдер – кәсіби шеберлер қатарында атап өтілгеніне шын жүректен қуаныштымын. Бұл әркімнің еңбегімен орта қіске қосқан үлесі маңызды, қажетті екенін көрсетеді.

Ол үшін жауапкершілікті, мақсатты болуға және ешқашан қиындықтарға жол бермеуге үйреткен – ата-анасы басты беделге ие және солай болып қала бермек.

– Тасаша өмір сүруге ештеңе кедергі емес, ал отбасымен достарымның қолдауы, сондай-ақ өз жұмысыма деген құштарлық – үлкен көмегін тигізді. Менің жетістігім – үш балам және жаңа туған немерем. Күйеуімнің ата-анасы бізбен бірге тұрады. Жұбайымның анасы – ғылым докторы, ол – 85 жаста, ал әкесі – ғылым докторы, профессор, ол 90 жаста. Бірақ олар әлі де кітап жазады. Оларға көп көңіл бөлу қажет, мен оларға қамқорлық жасаймын, оларға көмектесемін, – дейді Мариям Бекмухамедова. – Кез-келген қиын жағдай туындаған кезде, менің шешімімнен пайдалы нәрсе болатыны нақылмен анықтаймын. Мен «оң» және «теріс» жақтарын ұзақ таразылағаннан кейін ғана дұрыс шешім қабылдаймын. Бос уақытымда мен кітап оқығанды ұнатамын. Менің сүйікті шығармаларым – Шарлотта Бронтенің «ДжейнЭйр», Михаил Булгаковтың «Мастермен Маргарита», Маргарет Митчеллдің «Жел өтіндегі тағдырлар». Мен үшін ең жақсы демалыс – табиғатта немесе отбасыммен өткізген уақыт. Мен дәмді тағамдар дайындағанды, саяхат тағанды және біздің ұжымның отбасыларымен демалысқа сапарлармен мерекелер ұйымдастырғанды ұнатамын. Іс-шараларға қатысу – менің өмірімнің ажырамас бөлігі. Мен үшін ең бастысы – отбасым, туыстарыммен жақындарымның сау және бақытты болғаны.

АМЦ чемпионы.
Олег ПЕКУЩЕВ, 5-разрядты слесарь-жөндеуші

Әр түрлі темпераменттердегі, мінезді, түрлі қызуғышылықтағы адамдар AMЦ ұжымында тез тамыр жайып, жұмыстан басқа, пікірлес адамдарды тауып, біріктіріп, нәтижесінде бәрі жұмыла кететіні таң қаларлық.

Олардың қатарында – Олег Пекущев, «Энергожөндеу» ӨЖК бекіткіш арматурасын жөндеу жөніндегі учаскенің бригадирі бар. Ол 2012 жылы «АлЭС» АҚ-ға жұмысқа орналасты және Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының дипломымен сүйікті жұмысынан басқа, мұнда өз спорт түрінен жетілдіруге мүмкіндік алды.

Бүгінде ол керемет жұмысшы, шебер, өзісінің маманы ғана емес, сонымен қатар Әлем чемпионатының жүлдегері, жатып штангы көтеру бойынша Азия чемпионы. Олег Пекущевтың чемпиондық қоржынында –  түрлі чемпионаттарда жеңіп алған қола, күміс, алтын сияқты барлық үш дәрежедегі марапаттар бар. Ол өзінің алтынын 2018 жылы Дубайда өткен Азия чемпионатында жеңіп алды. Олег спортпен шұғылдануды жалғастыруда, сонымен қатар цехтағы жігіттерді жаттықтырады. «АлЭС» АҚ болашақ чемпиондарын дайындау үшін қажет нәрсенің бәрі бар шағын спортзал жасақтап, ұйымдастырды. Мамандықтада ол сенімді жүреді: қарапайым жөндеуші слесарьдан бастап, АМЦ бригадиріне дейін көтерілді. Жұмыс жасай жүріп, «Автомобиль шаруашылығының инженері» мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алды. Олег өзінің энергетик болуға деген ұмтылысы, таныс энергетиктердің өзінің жұмысы туралы әңгімелерінен кейін пайда болғанын айтады.

– Олардың әңгімелерінде көптеген қызықты және әсерлі сәттер көп болғаны сондай, осы салада жұмыс істеуге деген ұмтылы сөздігінен пайда болды, – деп еске алады ол. – Мен ӨЖК аумағында болған алғашқы күні әсерлер расталды – бәрі өте қызықты болды және мен үшін жаңа сезімдер турды. Бірінші жұмыс күні әлі күнге дейін есте қалды. Және бір қас қағым сәттей тез өте шықты деп ойладым. ЖҚҚ, нұсқама алу және жұмыс істетін бригадамен танысу –  маған мұнда өте ұзақ уақыт жұмыс істейтініме бірден сенімділік берді. Маған көп нәрсені үйреткен шеберлер Михаил Александрович Новокшоновпен Виктор Михайлович Щеглов менің тәлімгерлерім болды. Жұмыс істей отырып және тәжірибе жинай отырып, біздің жұмысымыздағы ең бастысы – қалпына келтірілген өнімдерді жаңа күйге жақын – өндіруші зауыттан кейінгі күйінде беру деп айта аламын. Егер одан дақысқа айтатын болсақ, бөлшектерді сапалы және кәсіби түрде жасау, өйткені біздің департаменттің ерекшелігі – біздің ЖЭО-ның жұмыс қабілеттілігін жыл бойы сақтап тұру.

Олег көптеген міндеттерді оңай шешуге болатындығын үнемі атап өтеді, өйткені кәсіпорын ұжымы «керемет, тату, әріптестер әрдайым тәжірибелерімен бөліседі немесе жұмыстың қиын сәттерінде көмекке келеді». Бұған энергетикада жұмыс істейтін адамдарда ұқыптылық, жауапкершілік, шешімділік, максималды зейін, кәсібилік сияқты қасиеттерді дамытатын және бекітетін кәсіптің өзі ықпал етеді. Себебі ұжым сапалы жұмыстың бастапқы көзі болып табылады, ал дұрыс шешім қабылдауға, білім, тәжірибе, өзіне деген сенімділік көмектеседі, дейді бригадир.

– Энергетик мамандығы – беделді, өйткені еліміз энергия ресурстарының арқасында дамып келеді. Республиканың өркендеуі энергиясыз мүмкін емес, – деп сөзін жалғастырады Олег. – Егер мен бәрін қайтадан бастауым керек болса, әрине, мен бұл мамандықты қайтадан таңдаредім. Мүмкін қазіргіден әлде қайда ертерек бастар едім. Энергетиктің жұмысы, әрине, қауіпті, бірақ менің тәжірибем де мұндай жағдайлар болған жоқ. Бұл өте қуанышты жайт. Бірақ, ӨЖК ұзақ уақыт жұмыс істей отырып, төтенше жағдайларда тез әрекет ету және жұмысты дұрыс бөлу дағдысы біздің мамандықта өте қажет деп айта аламын. Бұл дағды жүз пайызға жетілдірілуі керек. Біз қиындықтарды жеңуді үйрендік. Жөндеуші-слесардің жұмыс күні өте қарқынды. Ол бүлінген агрегаттарды қабылдаудан, оларды цехтарға бергенге дейін біртіндеп, кезең-кезеңімен қалпына келтіруден басталады. Кей де барлығын бір күнде түзету мүмкін болмайды. Сондықтан энергетиктерге бірінші кезекте апатсыз жұмыс, қауіпсіздік техникасын сақтау, үнемі оқу, ал болашақта – өз білімдерін өскелең ұрпаққа жеткізуін тілеймін.

Спортпен айналысқан кезінен бастап – тезірек, жоғарырақ, күштірек! – деген ұраны жұмыстада қолданылады. Ал өмірде АМЦ-ның ең мықты адамы өзінің миссиясы – жақсылық жасаудеп ойлайды. Олжас әріптестерін жаттықтыруға, оның еңбегін қиын деп санайтын отбасымен және туыстарымен қызықты уақыт өткізуге, табиғатқа шығуға және жалпы белсенді өмір салтын ұстануға уақыт табады. Олег басқа адамдарға көмектесуге, лайықты ұл, әке, аға-іні және отағасы болуға тырысады, келмеске кеткен жақындарын еске алып, тағзым етеді. Бұған әрқашан оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге және қаншалықты қиын болсада, алға жылжуға кеңес берген ата-анасы үйретті.

– Егер мен жеке байрағыды таңдасам, онда біздің әдемі тауларымыз, кез – келген мақсат қажетуді бейнелейтін биік шыңдар – және міндетті түрде күн тұрады – деп мойындайды Олег. –Сонымен қатар – біздің компания шығаратын жарықпен жылуды бейнелер ем.

Көтеріңкі көңілді және өмір шеңдікті мойындайтын адам – Олег Пекущев сонымен қатар өте арманшыл. Оның бұл өмірлік ұстанымы соншалықты айқын тұжырымдалған, сондықтан оны көптеген адамдар қабылдай алады: «Мен армандардың ешқашан сарқылмауын, орындалғандарының орнына жаңаларының туындауын армандаймын!»

***

Қазіргі әлемде көптеген шоу жұлдыздарына, атақты адамдарға, жанжал шығарғыш кейіпкерлерге бағытталған назар салу кезеңінде бізге жарық, жылу, интернет арқылы жайлы өмір сыйлайтын жандар туралы азойлана басталды. Қараңғыда жарық жеткізетін мұндай адамдардың жұмысы, сонымен қатар АМЦ сияқты жұмыс шеберханаларының мамандарының әрқайсысы ерекше. Олардың әлемі ғарыш сияқты, ал олардың өмірлік жолдары, олардың өмірлік философиясы виртуалды әлемкейіпкерлеріне қарағанда әлде қайда тереңірек және мол.

Өйткені олар барлығымыздың игілігіміз үшін шешімін білетін нақты міндеттер әлемдінде өмір сүреді және шынайы жұмыс істейді …