Алматыда энергетикалық жобалар талқыланды
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің Алматы энергетика кешені кәсіпорындарына жасаған жұмыс сапары аясында Алматыда өткен кеңесте энергетика саласындағы маңызды жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қор басшысының айтуынша, энергетика ел экономикасын дамытудың негізгі факторы болып табылады және еркін энергетикалық қуатсыз Қазақстан не өнеркәсіпті, не экономиканың басқа да маңызды секторларын дамыта алмайды.
Жиын барысында «Самұрық-Энерго» АҚ тобының компаниялары – «Алматы электр станциялары» АҚ және «Алатау жарық компаниясы» АҚ басшылары бүгінде өңірде жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды жобаларды таныстырды. Сонымен қатар, «QazaqGaz» ҰК» АҚ өкілдері Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін сыртқы газ инфрақұрылымын салу жұмыстарының барысы туралы баяндады.
«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Серік Түтебаевтың айтуынша, еліміздің энергетика саласындағы негізгі инфрақұрылымдық жобалар Екібастұз және Алматы энергетикалық кешендерінде жүзеге асырылуда. Бірқатар жаңа нысандар іске қосылды, басқалары үшін іске асыру мерзімі 2030 жылға дейін күтілуде, соның ішінде мына жобалар:
– Екібастұз ГРЭС-1 №1 энергоблокты жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы қалпына келтіру, 2023 ж.;
– №3 энергоблокты орнатумен Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру, 2026 ж.;
– №4 энергоблокты орнатумен Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру, 2027 ж.;
— Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы, 2028-2029;
– 2029-2030 жж №5 және №6 энергоблоктарды орнатумен Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру;
– Алматы және Алматы облысындағы кабельдік желілерді қайта құру, 2030;
– Алматы облысындағы Шелек энергетикалық торабы желілерін дамыту, 2025 ж.;
– Алматы облысындағы Іле өзенінде қарсы реттеуші Кербұлақ су электр станциясының құрылысы, 2026 жыл;
– Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту, 2026 жыл;
– Станция қуатын 544 МВт-қа дейін ұлғайтумен СКГТ қондырғысы негізінде Алматы ЖЭО-3 қайта құру, 2025 ж.;
– 200-250 МВт қуаттылығы бар СКГТ қондырғысын салумен Алматы ЖЭО-1 кеңейту, 2026 ж.;
– «Қаскелең» қосалқы стансасының сыртқы тарату құрылғысына қосылатын «Көкөзек» қосалқы станциясының құрылысы, 2023 ж.
Жиында технологиялық, процедуралық және қаржылық аспектілерден бөлек, түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша Қор басшысы қысқа мерзімде орындау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.