Алматы шыңындағы АлЭС туы
Артқа
09.07.2024

Алматы шыңындағы АлЭС туы

Өткен демалыс күндері Айдос Масиралиев таң алдында оянып жатқан Алматыны 4 376 метр биіктіктен тамашалап, Алматы (Комсомол) шыңына «АлЭС» АҚ туын тікті. Іле Алатауының шыңында Алматыны жылу және жарықпен қамтамасыз ететін компанияның туы желбірей түсті.

Айдос – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бу турбиналарын басқаратын орталық жылу қалқанының машинисі, ол «АлЭС» АҚ-да 12 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өзінің жоғары жұмыс қабілеттілігімен, кәсібилігімен, мақсатшылдығымен ерекшеленетін Айдос спорттың арқасында бойындағы ерік – жігерін, көптеген қасиеттерін дамыта алғанын, спорттың көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік бергенін тілге тиек етеді.

Осы жолы да ол Комсомол шыңы немесе Нұрсұлтан шыңы деп аталатын Алматы шыңын бағындыруға дайындалу барысында альпинизмде жаңа жеке жетістікке жетуді ғана емес, сонымен қатар, шың басында Алматы энергетиктерінің туын көтеруді, компания үшін, өз кәсібі үшін мақтаныш сезімін көрсету ниетін мақсат етіп қойды.

– Біз сапарымызды 6 шілде күні бастадық. Сол күні лагерь құрып, палаткаларды құрап, демалып, биіктікке бейімделуден өту үшін қараңғы түскенше Нунатака асуына жету керек болды», – дейді Айдос. – Түнгі сағат екіде біз шыңға шыгуды жалғастырдық, таңғы сағат 4-те Комсомол асуына жеттік. Сәл тынығып алып, таңғы 5-те Алматы шыңының ең қиын бөлігіне көтеріле бастадық.

Альпинизммен қатар, Айдос басқа да спорт түрлерімен айналысады, әртүрлі спорттық бұқаралық іс-шараларда компанияның абыройын қорғайды. Соның ішінде – марафондар мен эстафеталарда. Ол үшін спорт тек хобби ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау және ерік-жігерді ширатудың тәсілі.

– Бұл жолы шыңды еңсеруге бара жатып, өзіммен бірге АлЭС туын алып шықтым. Себебі көптеген жылдар бойы адамдардың игілігі үшін жұмыс істеп келе жатқан, әр үйде жарық пен жылудың болуын қамтамасыз ететін компанияның бар екенін көрсету мен үшін маңызды болды, – дейді Айдос Масиралиев. – АлЭС-тің шың басында желбіреген туы компаниямыз, онда адал қызмет ететін өз ісінің майталман жұмыскерлері туралы да айтады. Мен осындай компания үлкен өндірісте жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын, өз әріптестерімнің жоғары кәсіби еңбектерін көріп, біле жүріп, өз ұжымдастарымның тұлғасын, қажырлы еңбегін құрметтеймін, мақтанамын. Сүйікті қаламыздың есімімен аталатын шыңға «АлЭС» АҚ туын тігу арқылы компания беделінің артуына өз үлесімді қоса алғаныма қуаныштымын.