Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да болды
Артқа
28.05.2025

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да болды

2025 жылдың 27 мамырында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қалалық энергия жүйесінің негізгі нысандарының бірі – А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ға жұмыс сапарымен барды. Әкімге станцияның 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы баяндалды. Жөндеу науқаны аясында 56 бірлік негізгі жабдықты жөндеу жоспарланған, қазіргі кезде оның 36%-ы орындалған.

Сапар аясында Әкім станцияның электр қуатын 557 МВт-қа дейін, жылу қуатын 952 Гкал/сағ-қа дейін кеңейтуді, сондай-ақ ластаушы заттарды 93%-ға және көміртегі ізін 38%-ға азайтуды көздейтін 2-ЖЭО-ны жаңғырту жобасымен танысты. Жаңғырту кестеге сәйкес жүзеге асырылуда: дайындық кезеңдері аяқталды, қада қағу жұмыстарының 47%-ы орындалды, іргетастар мен конструктивті элементтер монтаждалуда. Негізгі жабдықтарды жеткізу жалғасуда.

«2-ЖЭО-ны жаңғырту – бұл басты міндеттердің бірі. Бұл қаладағы экологиялық тұрақтылық пен жайлы орта қалыптастыратан стратегиялық жоба. Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту Алматы қаласының дамуына қосатын маңызды үлес болып табылады», – деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.