«АЛМАТЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» АҚ «ҮЗДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПТЫ ДЕПАРТАМЕНТ»ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
Конкурстың мақсаты: экологиялық бағытталған қызмет тәжірибесін жинақтау, экологиялық мәдениетті арттыру, экологиялық жауапты мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, Департамент экологтары арасындағы шығармашылық қатынастарды нығайту, ой-өрісін, эрудициясын және коммуникативтік дағдыларын кеңейту.
Бұл акция 1972 жылғы маусымда Стокгольм қоршаған ортаны қорғау конференциясының бастамасымен жарияланған Экологтар күніне орайластырылған және жыл сайын 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні ретінде атап өтіледі.
Бұл кәсіби мерекенің күні «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»Қазақстан Республикасының Заңында ресми түрде белгіленген.
Конкурстың міндеті: Қоғам қызметкерлерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы білімдерін арттыру және экологиялық аспектілер мен тәуекелдерді терең түсінуді қамтамасыз ету.
Конкурстың сипаттамасы: қоғамның өндірістік департаменттері өз департаментінің экологиялық жауапкершілік жүйесін таныстырады, экологиялық тәуекелдерді азайту, экологиялық бағдарламаларды іске асыру, қоршаған ортамен өзара іс-қимыл процесінің жетістіктерімен бөліседі.
Қатысушылар: «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің жауапты экологтары.
Экологиялық конкурсқа қойылатын талаптар:
* өндірістік Департаменттің қысқаша тарихы мен сипаттамасы;
* табиғат қорғау қызметінің тиімділігін талдау және бағалау (Қоғамның экологиялық саясатын қолдау, табиғат қорғау талаптарын бағалау және орындау, ағымдағы табиғат қорғау міндеттемелері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау жүйесі, экологиялық менеджмент жүйесін енгізу, экологиялық насихат және ағарту принциптері).
Конкурсты өткізу кезеңдері:
* 2020 жылғы 14 мамыр – акция туралы хабарландыру;
* 05 маусым 2020 ж. – экологиялық конкурс қорытындысын шығару және жариялау.
Конкурсқа қатысушыларды көтермелеу нысандары:
Байқау финалистері тиісті дипломдармен марапатталады. Экологиялық конкурстың нәтижелері туралы ақпарат Қоғамның сайтында орналастырылатын болады.