«Алматы электр станциялары» АҚ пайдаланылған батареяларды жинау, тапсыру бойынша экологиялық науқандары өткізетіні туралы хабарлайды: «Қуаттанбаңыз!» және макулатураны жинау, тапсыру: «Бізден кейін не қалады…»
Науқанның мақсаты: Қоғам қызметкерлерін қоқысты бөлек жинауға және жалпы экологияға назарын аударту, белсенді әлеуметтік ұстанымды қалыптастырту және оларды қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу дағдыларын игерту.
Науқанның міндеті: кейіннен кәдеге жарату үшін пайдаланылған батареяларды белсенді жинауды және тапсыруды ұйымдастыру, сондай-ақ ондаған ағаштарды сақтауға, сондай-ақ ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін және корпоративтік деңгейде экологиялық жауапкершілікті дамытуға мүмкіндік беретін макулатураны жинау және қайта өңдеуге тапсыру.
Науқанның сипаттамасы: 05 желтоқсанға дейін акцияға қатысушылар кейіннен оларды кәдеге жаратумен айналысатын компанияға беру үшін пайдаланудан шыққан батареяларды және Компанияның күнделікті жұмысы барысында пайда болатын қағаз қалдықтарын – кеңсе қағазын, журналдарды, жарнамалық полиграфияны, газеттерді, ескі және қолданыстан шыққан кітаптарді, қағаз орамаларын, картонды жинайтын болады. Науқан аяқталғаннан кейін макулатураның барлық жиналған көлемі жасалған шартқа сәйкес қайта өңдеу үшін мамандандырылған ұйымға беріледі.
Өндірістік департаментте қолданыстан шыққан батареяларды департаменттің жауапты экологтарына тапсыру қажет, Бас кеңсе бойынша олар – 234 кабинетте қабылданады.
Қатысушылар: Қоғамның барлық қызметкерлері.
Экологиялық акцияларға қойылатын талаптар:
Батареяларды тапсыру шарттары:
Қабылданады:
- пайдаланылған (қолданылған) батареялардың барлық түрлері (шынашақты, саусақты, кроналы, бөшкелі, таблеткалы);
- ұялы телефондар мен балалар ойыншықтарының аккумуляторлары.
Пайдаланылған батареялар қорапшаларда, қораптарда немесе қалың полиэтилен пакеттерде қабылданады.
Макулатураны тапсыру шарттары:
Қабылданады:
- журналдар, ескі және қолданыстан шыққан кітаптар, газеттер;
- картоннан және гофрокартоннан жасалған орамдар, мұрағаттар;
- баспахананың қалдықтары және т.б.
Тапсырар алдында макулатураны қораптарға салып, жіппен немесе жіп арқанмен байлауға болады.
- қағаз және картон құрғақ, таза, 2 жағынан жазылған болуы тиіс;
- құжаттар мен жинақталған бұйымдар қыстырғышсыз, қапсырмаларсыз, файлдарсыз, тігістерсіз қабылданады;
- бұйымдар лактармен, химиямен немесе майлармен ластанбауы тиіс.
Науқанды өткізу кезеңдері:
- 17 ақпан 2025 ж. – акцияны жариялау;
- 2025 жылдың 05 желтоқсанына дейін – батареяларды қабылдау және өлшеу;
- 2025 жылдың 19 желтоқсаны – батареяларды жинау бойынша қорытындылар шығару және жариялау.