АлЭС: жылыту маусымы сәтті өтті
Алматы әкімдігінің №2/260 қаулысына сәйкес қалада 2023-2024 жылыту маусымы 2024 жылдың 15 сәуірінде аяқталды. Тұрақты жылы ауа райының басталуына байланысты жылу беру тоқтатылады.
– Жалпы, жылыту маусымы сәтті өтті, бұған қала мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етті, – деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Ерік Маширов. – Осы жылы Алматы электр станциялары тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындады, 2,9 млрд кВ*сағ электр энергиясын және 4,6 млн Гкал жылу энергиясын өндірді.
Естеріңізге сала кетейік, егер жылу беру орталықтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылса, жыл сайын жылыту маусымы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн қатарынан Цельсий бойынша +8 градустан төмен болған кезде басталады. Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы осы белгіден жоғары болған кезде жылыту кезеңі аяқталады. Жылыту маусымының мерзімін Алматы қаласының әкімдігі бекітеді.
АлЭС Алматы мен Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылады және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағының жылуының шамамен 76%-ын және электр энергиясының 60%-ын қамтамасыз етеді. Компания құрамына: үш ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ОҚТО кіреді.
Сәуір айында жоспарларға сәйкес Компания энергия көздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарында жөндеу науқанын бастайды.