АлЭС: жұмысымыз қызметкерлерге қамқорлық жасаудан басталады
Артқа
21.04.2025

АлЭС: жұмысымыз қызметкерлерге қамқорлық жасаудан басталады

«АлЭС» АҚ-ның үш мыңға жуық қызметкері кәсіпорынның асханаларында тамақтанатын болады. Қанатқақты жоба 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейтін ең ірі кәсіпорнында А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да іске қосылды.

Алматы энергетикалық компаниясы барлық өндірістік активтер мен барлық өндірістік ұжымдарды қамтитын толыққанды әлеуметтік бағдарламаны іске асыруда. АлЭС-тің әлеуметтік саясат жобаларының бірі – тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жобасы болды. Оның мақсаты – «АлЭС» АҚ өндірістік персоналын нормативтік құқықтық актілердің нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін сапалы және теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету. Мердігер ретінде өндірістерде тамақтануды ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі бар «Backup Service Resorts» ЖШС таңдалды.

– Бұл тек ас туралы ғана емес. Бұл – көңіл, құрмет, күнделікті өмірде де нағыз еңбек мәдениетін қалай құруға болатындығы туралы әңгіме, – дейді «АлЭС» АҚ Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор Ернар Сандыбаев. – Қызметкер өзіне деген қамқорлықты, көңілді сезінгенде, ол оны өз еңбегімен екі есе қайтарады. Осылайша біз бірге компанияның нағыз күші деп аталатын дүниені жасаймыз. Біздің компания әлеуметтік стратегияны дәйекті түрде жүзеге асырады, оның негізі – еңбек адамы. Қызметкерлердің денсаулығына, қауіпсіздігіне және әл-ауқатына қамқорлық жасау біздің корпоративтік мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз сенімдіміз: күшті компания оның нәтижесін жасайтын адамға деген құрметтен басталады. Сондықтан тегін тамақтануды ұйымдастыру шығындар ретінде емес, АлЭС тұрақтылығына, уәждемесіне және болашағына инвестиция ретінде қарастырылады. Бұл әсіресе мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылында өте маңызды. Сондықтан біз бастаманы қолдадық және кей жағдайларға байланысты қол жетпей жүрген бірақ бұрын жоспарланғанды орындай алдық. Енді бұл жұмыс жоспарлы, жүйелі және жан-жақты сипатқа ие болды. А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да қанатқақты жобаны енгізе отырып, біз еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек ұжымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру, әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру және қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау сияқты міндеттерді шешуді алдымызға қойдық. «Қанатқақты» жобамыздың алғашқы нәтижелері біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді және АлЭС кәсіпорындарында тегін тамақтану жүйесін дамыту кезінде тағы нені ескеру қажет екенін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Станцияның асханасы аптасына жеті күн күндізгі және түнгі ауысымды тамақтандырады – өйткені ЖЭО тоқтаусыз режимде жұмыс істейді – күндіз-түні қала тұрғындарына жарық, жылу және ыстық су береді. Бір күнде асханада 900-ге жуық адам тамақтанады. Алдағы уақытта – компанияның басқа өндірістік департаменттерінде тамақтану орындарын ашу күтілуде. Көп жағдайда А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-дегі алғашқы тәжірибе жаңа асханалардың жұмысын түзетуге және жақсартуға, кесте, ауысым, мәзір бойынша оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

АлЭС қызметкерлерінің алғашқы пікірлері маңызды индикаторлар болды, олар түскі асқа, түрлі мәзірге үйреніп, жаңа тұрмыстық әдеттерге ие бола бастады. Мұндағы әрбір пікір маңызды. Пікірлер ашық, көбінесе жағымды, кейде тіпті күтпеген пікірлерде кездеседі.

– Енді жұбайым таңертең күледі – түске ас әзірлеп жинаудың қажеті жоқ. Ал мен? Менің қарыным тоқ, ризамын, жақсы жұмыс істеймін. Менің үш балам бар, мен басшылыққа қамқорлығы үшін үлкен рахмет айтамын, – дейді «Энергожөндеу» ӨЖК АМЦ шебері Мұхамеджан Оралбеков. – Ұйымның адамдар жайлылығы туралы ойлағаны және бізді түскі аспен қамтамасыз еткені өте жақсы. Бұл менің отбасым үшін үлкен көмек. Менің отбасымның әл-ауқатына нақты қосқан үлес. Сонымен қатар, асханада тамақ жақсы, порциясы да жеткілікті. Тегін тамақтану идеясының өзі керемет.

Асхананың иық тіресе жұмыс істейтін адамдардың тыныш ортада сөйлесе алатын кездесу орнына айналуы да маңызды. Мұнда олар әртүрлі мәселелерді шешеді, жаңалықтармен алмасады, жай демалады.

– Бұрын әркім өз кабинетінде отырса – енді ортақ үстелде тамақтанбақ. Біз «ортақтасып» келеміз – басшылық қазір көлік берді, бірақ ең бастысы, біз түскі ас ішіп қана қоймай, әңгімелесіп жүздесеміз. Дәмді, ыңғайлы, рахмет! – деп күлімсіреді ОҚТО кадрлар жөніндегі жетекші маман Роза Рахметова.

2-ЖЭО турбиналық цехының инженер-технологы Разқұл Бегланның айтуынша, өзі жұмыс істеген тоғыз жыл ішінде компания алғаш рет тегін тамақ берді. Бұл көптеген жұмысшылар үшін маңызды, бұл олардың отбасылық бюджетін үнемдеуге септігін тигізбек. Бірақ Разқұл үшін маңыздысы тамақтардың бәрі дәмді, әсіресе – котлеттер.

Ал «Энергожөндеу» ӨЖК-нің 2-ЖЭО-дағы қазандық тазарту учаскесінің аға шебері Болат Суанбековке бұл тіпті уәде етілген коммунизмді еске түсірді. «Жұмысқа келдің – сені тегін тамақтандырады. Біз бұрынғыдай ыдыс құтышаларды тасымаймыз. Барлығы өте керемет, ыңғайлы, жақсы. Біз толыққанды тамақтанатынымызды білеміз», – деп, ол компанияға осындай бастамасы үшін алғысын жеткізді.

Осы жылдың сәуір айынан бастап «Backup Service Resorts» ЖШС-ы станция асханасында шарттық міндеттемелерді орындауға кірісті. Қазір мұнда тек 2-ЖЭО энергетиктері ғана емес, сонымен қатар ОҚТО және «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлері де тамақтанады. Асханада адамдар көп, бірақ асхан жұмысының бәрі реттелген.

– Адам саны көп болғанына қарамастан бәрі жақсы ұйымдастырылған, тамақ порциясы нормаланған және бәрі өте дәмді – аспаздар тырысып бағуда. Ал келушілер тәртіпті сақтауға тырысады. Мен ризамын. Мұны А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО электр цехының электромонтері Ринат Сембаев атап өтті.

– Күндізгі және түнгі ауысымға ыстық тамақ беріледі: күндіз біз 700 адамға дейін, түнде 150-ге жуық адамға қызмет көрсетеміз, – дейді өндіріс жөніндегі басқарушы Елена Хмелева. Мәзір ауысымды ескере отырып жасалған, тағамдық және энергетикалық құндылығы бойынша теңдестірілген, аптаның күндері мен өңдеу әдістері бойынша әр түрлі.

Барлық тамақ өнімдері сертификатталған, технологиялық процестер өңделген, ас дайындауға қатысатын асхананың барлық қызметкерлерінде бейінді білімі бар.

Орындаушының штатында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес асхананың жұмысын қамтамасыз ететін санитарлық дәрігер бар.

Жалпы, асхана жұмысының алғашқы екі аптасындағы тәжірибе көрсеткендей, бәрі жоспарланғандай болды. Бұл үшін көп нәрсе жасалды: оны станцияда іске қоспас бұрын үлкен ұйымдастырушылық және құрылыс жұмыстары жүргізілді.

– Бұрынғы 100 орындық бөлме жөнделді, зал 200 орынға дейін кеңейтілді, тамаша техника орнатылды, жаңа жарықтандыру жүргізілді, – дейді А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО директорының орынбасары Ермурк Чакмак – 4 наурызда біз «Backup Service Resorts» ЖШС-мен шарт жасастық, ол өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін тамақтануды ұйымдастырудың кешенді қызметін ұсынады. Компанияның қызметі ISO 9001 халықаралық сапа менеджменті жүйесінің талаптарына толық сәйкес лицензияланғанын және сертификатталғанын ескере отырып, таңдадық. Жұмысқа кіріспес бұрын ЖШС мамандары 2-ЖЭО аумағындағы асхананың дайындығында белгілі бір сәйкессіздіктерді анықтады. Олардың қорытындыларынан кейін біз қажетті жұмыстарды жүргіздік, анықталған барлық сәйкессіздіктерді жойдық. Содан кейін мердігер асханаға тиісті жабдықтар мен ыдыс-аяқтарды сатып алды.

Станцияда белгіленген кестеге сәйкес, қазір жұмыскерлерді тамақтану орнына – 2-ЖЭО-дағы асханаға жеткізу өндірістік департаменттердің өз күштерімен жүзеге асырылады. Процестер реттелуде, уақытша шешімдер, соның ішінде 2-ЖЭО аумағынан тыс орналасқан ОҚТО және «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлерінің жұмыс орындарына дайын түскі астарды жеткізу үшін бір реттік ыдыс-аяқ сатып алу талқылануда.

Жақында компанияның басқа өндірістік департаменттерінде: Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-да, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да, 3-ЖЭО-да, БЖК-да және Каскад ГЭС-да жеке асханалар іске қосылады. Мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, жабдық сатып алынуда. Бір жерде буфеттер қосылады, бір жерде отыру орындарын кеңейтпек.

– Департаменттердегі асханаларда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да 354 адам, 3-ЖЭО-те тағы 358 адам тамақпен қамтамасыз етіледі, – дейді Ұйымдастырды сүйемелдеу басқармасының бастығы Бекмұрат Адуов. – Қызметкерлердің ең көп саны – «Энергожөндеу» ӨЖК асханасында 441 адам тамақтанады, БЖК-да 194 адам түскі аспен қамтамасыз етіледі, тағы 119 энергетик Каскад ГЭС асханасында және 75 адам ОҚТО-да түскі ас іше алады. Объектілерді жедел ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігер Қапшағай ГЭС асханасына тексеру жүргізіп, үй-жайлардың дайындығы жөнінде ескертулер анықтады, жақын арада олар жойылатын болады. Технологиялық тоңазытқыш жабдықтарының, ас үй құралдарының, жиһаздың, ыдыс-аяқтың болмағаны да атап өтілді. Барлық ескертулер жойылғаннан кейін мұнда 146 адам тамақпен қамтылады.

1-ЖЭО, 3-ЖЭО және БЖК департаменттерінің асханалары бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ас үй жабдықтары бойынша сатып алу рәсімдері аяқталды, жеткізу 15-45 күн ішінде күтілуде. Нысандарды іске қосу 2025 жылдың тамызында жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, АлЭС-тің 2 873 қызметкері тамақпен қамтылады.

– Мемлекет басшысы қызметкерлердің жағдайын жақсартуға назар аударуда. Менің ойымша, біздің компания жүргізіп жатқан жұмыс персоналдың үмітіне де, өндірістік ұжымдардың тамақтануын ұйымдастырудың заманауи талаптарына да, Президентінің жұмыскерлердің әлеуметтік қолдауы мен әл – ауқатына ерекше назар аударуға шақыруына да жауап береді, – деп қорытындылады «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерік Маширов. – Тегін тамақтанатын асханалар – бұл қайта оралған дәстүр және адамдарға деген жақсы көзқарастың үлгісі. Өйткені, адам тоқ болса – оның көңілі де тыныш. Қамқорлықты сезінгенде, ол тіптен мықты болмақ. Сонымен қатар, ұжым біздің әлеуметтік ортаны жақсарту жөніндегі жобаларымыздың бір реттік науқан емес, дәлелденген стратегия екенін түсінеді. Өйткені, мықты Компания – күн сайын цехтар мен шеберханалардағы ауысымдарда салмақты нәтиже жасайтындарға көрсетілетін құрметтен басталады.

Бейнежазбаны қараңыз https://www.youtube.com/shorts/ngD9YdnQGFg