АлЭС волейболшылары: алтыннан бір адымда
«АлЭС» АҚ ерлер мен әйелдер волейболкомандалары Алматы қаласының сумен жабдықтау және энергетика ұйымдары арасында өткен достық турнирде екінші орынға ие болды. Турнирді «Алматы Су» жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұйымдастырды. Осы саладағы кәсіпорындар турниріне барлығы үш әйелдер командасы мен сегіз ерлер құрамасы қатысты. Әйелдер мен ерлер арасындағы турнирлерде «АЖК» АҚ волейболшылары жеңімпаз атанды.

Турнирдің жеңімпаз алтынына бір адым жетпей тоқтаған алматылық энергетиктердің командалары үйлесімді ойынды, мақсаттылық, жеңіске деген ерік пен жанкүйерлерінің үміті, көшбасшылық пен жеңіске жету әлеуеті жоғары екенін көрсетті. Күзгі турнир сондай-ақ «АлЭС» АҚ-да бұл ойынның танымал екенін, командалардың үйлесімді ойнап, жақсы дайындалғанын, өздеріне тән ойын мәнері мен стилінің барекенін көрсетті.
– Бұл Алматы қаласының сумен жабдықтау және энергетика ұйымдары арасында ауқымды әрі жарқын турнир болды. Әрине, жеңіске барлығы жеткісі келеді, бірақ біз қарсыластарымызды шынайы бағалай отырып, Алматы электр станцияларының командалары ерлер мен әйелдер волейболында лайықты екінші орынға ие болғанын мақтан тұтамыз. Турнир қорытындысы бойынша бұл табандылықтың, кәсібиліктің және нағыз командалық жұмыстың көрсеткіші деп айта аламын, – деп есептейді Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС логистика бөлімінің бастығы Ақпейіл Мырзағалиқызы. – Біз мұндай іс-шаралар корпоративтік рухты нығайтып қана қоймай, қызметкерлерді жаңа жетістіктерге шабыттандырады деп санаймыз. Осындай бастамаларды көбірек көргіміз келеді – олар ұжымдарға да, жалпы қалаға да пайда әкеледі. Тамаша турнир және де оқиғаның жариялануы лайықты болды!
Қатысушылардың пікірінше, турнир жоғары деңгейде өтті: әділ төрелік, жылы әрі достық атмосфера және баршаға зор әсер қалдырған тамаша ұйымдастыру жұмысы атап өтілді.

– Мұндай іс-шаралар энергетика саласындағы ұйымдар арасында достық байланыстарды нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады. Біз өз командамызбен бірге осы турнирге қатысып, екінші орын алғанымызды мақтан тұтамыз, – дейді ерлер волейбол командасының капитаны – «Энергожөндеу» ӨЖК дәнекерлеушісі Айдос Селеубаев. – Осындай тамаша спорттық шараны ұйымдастырғаны үшін зор алғыс білдіреміз! Болашақта да осындай турнирлер жалғасын табады деп сенеміз.
Бірақ спорт – жай ғана қызығушылық емес, ал волейбол – жай ғана ойын емес: бұл – командалық жұмыстың тамаша үлгісі, мұндай қасиет әсіресе энергетика объектілері сияқты кәсіпорындарда ерекше бағаланады.
– Турнир барысында әр команда өз шеберлігін көрсетіп, нағыз достық пен бірліктің үлгісін танытты. Ерекше қуанышқа, сергектік пен командалық рухқа қол жеткіздік, – дейді 3-ЖЭО электр слесарі Әли Бауыржанұлы. – Кәсіби түрдегі ұйымдастыру, әділ төрелікшешім және жылы қабылдау үшін ұйымдастырушыларға айрықша алғысымызды білдіреміз!
Энергетиктер: екінші орыннің белсенді түрде жаттығуға және жаңа биіктерге ұмтылуға мықты түрткі екенін, өйткені «алтынға бір адым» қалғанда тоқтағандардың енді мінбердің шыңына шығуға талпынбай қоймайтынын жасырмайды.