АлЭС: Төтенше жағдайлар министрлігінің штабтық оқу-жаттығулары өтті
2024 жылғы 15 және 16 мамырда «АлЭС» АҚ» табиғи өртті жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. 15 мамырда Алматы қаласы ТЖД ахуалдық залында оқу-жаттығулардың теориялық бөлігі пысықталған қалалық жедел штаб құрылды. «АлЭС» АҚ штабының жұмысына АҚ және ТЖ қызметінің бастығы Александр Довжик қатысты.
– Оқу-жаттығуда «АлЭС» АҚ Диспетчерлік қызметі маңызды рөл атқарды. Төтенше жағдайды жою жөніндегі қалалық жедел штаб пен «АлЭС» АҚ жедел штабы арасында ақпарат беру жылдамдығы, жеделдігі мен дәлдігі оның оқу – жаттығу кезіндегі жұмысына байланысты болды, – деп атап өтті Александр Довжик.
«АлЭС» АҚ өндірістік департаменттері мен бас кеңсесінде оқу-жаттығулар аясында өртке қарсы жаттығулар өткізілді. Іс-шаралардың басты мақсаты – өрт қауіпті кезең жағдайында зардаптарды жоюға дайындық деңгейін арттыру. Өндірістік департаменттердің төтенше жағдайларға дайындығына бағалау жүргізілді, хабарлау жүйелері мен байланысты ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтық қорғау құралымдарының іс-қимылдарына дайындық тексерілді.
Бас кеңседе қалыптасқан жағдайды бағалау, авариялар, инциденттер және төтенше жағдайлар кезінде компанияның басшы құрамының іс-қимыл алгоритмін оқыту және пысықтау бойынша шешімдер әзірлеу үшін жедел штаб жинақталған.
Өндірістік департаменттерде азаматтық қорғау құралымдарының күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру бойынша іс-шаралар өткізілді, құралымдарды дайындыққа келтіру жоспарлары нақтыланды.
2024 жылғы 16 мамырда «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінде сирена-сөйлеу құрылғылары мен электр сиреналарын қоса алғанда, объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйелерін, сондай-ақ барлық персоналды эвакуациялай отырып, өртке қарсы жаттығу өткізілді.
– Бас кеңседе өрт және электр қауіпсіздігі шаралары жеткізілді, жұмыс орнында да, тұрмыста да өрт жағдайлары көрсетілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының маманы Николай Ержанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша практикалық іс-қимылдарды айқын көрсетті. Бас кеңсенің медицина қызметкері түрлі дәрежедегі күйіктер мен күн соққысы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері туралы айтып берді, – деп толықтырды Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев.
2024 жылғы 16-17 мамырда ҚР ТЖМ ұйымдастыру-әдістемелік нұсқауларына сәйкес «Өрт-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру» тақырыбында «Қорғау-2024» штабтық жаттығу кезеңіне өтті. Оқу-жаттығу Ұзынағаш кентіндегі қала сыртындағы басқару пунктінде өтті, онда компанияның азаматтық қорғаныс жоспары бойынша шартты іс-қимылдар пысықталды. Жұмысқа «АлЭС» АҚ АҚ және ТЖ қызметінің бастығы диспетчерлік қызметпен бірлесіп қатысты.
2024 жылғы 21 мамырда «АлЭС» АҚ-да жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар жоспарына сәйкес жер сілкінісі кезінде қызметкерлерді қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізілді. Қызметкерлерге жер сілкінісі кезіндегі негізгі мінез-құлық ережелері, соның ішінде «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» туралы айтылды.
«АлЭС» АҚ-ның «Өрт-2024» және «Қорғау-2024» оқу-жаттығуларына қатысуы компанияның төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық дәрежесін көрсетті. Бұл іс-шаралар қауіпсіздік пен жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген жаттығулар мен ұйымдастырушылық іс-шаралардың тиімділігін растады.