АлЭС объектілерінде 2023 жылы жүзеге асырылған жобалар туралы ақпарат
1-ЖЭО
2023 жылы инвестициялық бюджетке сәйкес 1-ЖЭО-да келесі іс-шаралар іске асырылды:
Б.Оразбаев ат. Алматы 1-ЖЭО-да эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу ҚР Экологиялық кодексінің 130-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына және ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 356 бұйрығына сәйкес жүргізілді. Осы мақсатты іске асыру үшін «Ренессанс плюс» ЖШС әзірлеген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің құрамындағы консорциум «Infratech» ЖШС-мен бірлесіп жасалған 21.11.2022 ж. № 766483/2022/1 шарт бойынша Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО департаментінің№5,6,7,8 ст. түтін құбырларында эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (ЭМАЖ) енгізу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырылды.
Газ аналитикалық жабдықтар мен шығатын газ жолдарындағы ластаушы заттардың шығарындыларын бақылаудың автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйесі (ШБААӨЖ), инженерлік қамтамасыз ету, желілер мен жүйелер орнатылды.
Орнатылған ЭМАЖ жабдықтары:
Енгізілгеннен кейін:
2-ЖЭО
2023 жылы инвестициялық бюджетке сәйкес 2-ЖЭО-да келесі іс-шаралар іске асырылады: Электр және жылу энергиясын өндірудің үздіксіздігін қамтамасыз ету есебінен тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін 2-ЖЭО аумағында «Күл-қожды кетірудің аралас жүйесі (7-кезек). ҚМЖ орындау. «АлЭС» АҚ-ның А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО)» объектісі бойынша іс-шаралар кешені орындалады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары «Семипалатинскгражданпроект» жобалау институты» өндірістік кооперативі әзірлеген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мердігер «KURE GRUP»ЖШС 30.03.2023 ж. №778031/2023/1 шарты бойынша жүзеге асырады.
Технологиялық шешімдермен күл-қож қалдықтарын әзірлеу, тасымалдау және сақтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау көзделген.
ҚМЖ орындалғанға дейін күл үйіндісі:
ҚМЖ орындау процесінде: