АлЭС: мердігерлік ұйымдармен жұмыс жүргізілуде
Жақында «АлЭС» АҚ-да мердігерлік ұйымдар басшыларының қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңес өтті.
Кеңес барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың маңызды мәселелері талқыланды. «АлЭС» АҚ-да биылғы жылдың 1 наурыздан бастап «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің жабдықтарын 2024-2025 жж күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша жөндеу науқаны басталды. Жұмыстарды жүргізу барысында «АлЭС» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері өндірістік департаменттерде мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің 18 бұзушылыққа жол бергенін анықтады. Алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында шаралар қабылдаулары үшін барлық ақпарат мердігерлік ұйымдарға жеткізілді.
Сондай-ақ, мердігер ұйымдардағы жауапты тұлғалардың жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге бақылауының қажеттілігіне, «АлЭС» АҚ-ның мердігер ұйымдар қызметкерлерінің қауіпсіздіктің нормативтік талаптарын жүйелі түрде бұзғаны үшін өндірістік департаменттер аумағына кіруге тыйым салу шараларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жол берілген бұзушылықтар үшін айыппұл шараларын қолдану құқығы барына назар аударылды.
Қауіпсіздік мәдениетін түсініп, сақтауды арттыру үшін мердігер ұйымдар өндірістік департаменттер аумағында қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру тетіктері бойынша материалдармен танысты – деді «АлЭС» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев.